1-аралық бақылау тапсырмалары: Тапсырма №1. Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген қазақ романдарын атаңыз (авторы мен роман атауы).
Тапсырма №2. «Ұзын қара кісі соңында шұбаланып жатқан ізіне қарап тұр...» деп басталып, «Дүниеге, ештеңеге тұлға болмасаң да, бірақ сен аман бол!» - деді... «Шырылда!» - деді. Шырылда! Шырылда, байғұс!» деп келетін роман-дилогия мен авторын табыңыз. Үзіндіде қай кейіпкердің сөзі берілген? Берілген туынды үзіндісі шығарманың қай сюжеттік бөлімінен алынған?
Тапсырма №3.Тәуелсіздіктің алғашқы он жылдығында жарық көрген повесть-хикаяттарды жазыңыз (авторы мен шығарма атауы).
Тапсырма №4. Айдарлы, Мұқыр, Раздольные ауылдарындағы тұрғындардың өмірі суреттелетін қандай повесть (шығарма атауы мен авторы)? Тақырыбы мен идеясын табыңыз.
Тапсырма №5.Төмендегі қаламгер әңгімелерінің қатарын толықтырыңыз.
Ш.Мұртаза –
Қ.Жұмаділов –
Б.Нұржекеұлы –
Н.Ораз –
Т.Ахметжан –
Р.Мұқанова –
А.Алтай –
Д.Амантай –
Тапсырма №6.Өлең үзіндісінің авторын табыңыз және поэзиялық туындыға толық әдеби талдау жасаңыз.
Тәуелсізбін –
Танып тұрмын өзімді.
Ұшырамын қанат байлап сезімді.
Ешкім сені көкірегімнен итеріп,,
Ешкім енді шұқымайды көзімді.
Тапсырма №7.Кешенді әдеби талдау.
Төменде берілген әр түрлі прозалық жанрдағы үш шығармаға (таңдауларыңызбен) әдеби кешенді (тақырыптық-идеялық, мазмұндық-пішіндік, сюжеттік-композициялық, кейіпкерлер бейнесінің сомдалуы, жанрлық көркемдік ізденістер) талдау жасаңыз. Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» роман-дилогиясы; Т.Әбдіковтің «Парасат майданы» повесі; Қ.Жұмаділовтің «Жемдеген қырғауылдар» әңгімесі
2-аралық бақылау тапсырмалары: Тапсырма №1. «Қазақтың қилы тарихы» атты шығарма қандай әдебиетке жатады және авторын көрсетіңіз?
Тапсырма №2. Сатира жанрында қалам тербеген қаламгерлерді атаңыз.