10. Бағалау өлшемдері
Бағалау саясаты келесі принциптерге негізделеді: шынайылылық, әділділік, айқындылық, икемділік, жоғары дифференциация.
Қорытынды бағалауға рейтингтік бақылау және емтихан кіреді.
Семестрдің 7(8)-аптасында (1-7 апта нәтижесі бойынша) және 15-аптада (8-15 апта нәтижесі бойынша) оқытушы 100 балдық шкала бойынша рейтингтік бақылау нәтижелерін шығарады және оқытушы өткізген рейтингке қойылатын баға ағымдық, аралық бақылау балдарының сомасын көрсетеді.
Семестр барысында студент екі аралық бақылау және семестр соңында емтихан тапсырады.
Пән бойынша берілетін әрбір тапсырма 100 балмен бағаланады.
Ағымдағы бақылау әр тапсырмаға қойылған бағаның орташа арифметикалық көрсеткіші болып табылады.
Студенттің рейтинг бағасы ағымдағы және аралық бақылаудың бағаларын қосып, екіге бөлу арқылы шығарылады. Мәселен,
R1 = (t1 + r1)/2 R2 = (t2 + r2)/2
Студент рейтингісінің орташа бағасы (Rор.) екі рейтингінің қосындысын екіге бөлу арқылы анықталады:
Rор. = (R1 + R2)/2
Пән бойынша қорытынды баға рейтингінің орташа бағасын 0,6-ға (яғни 60%) көбейту арқылы және емтиханның бағасы 0,4-ке (яғни 40%) көбейтіліп, шығарылған нәтижелерді қосу арқылы шығарылады.
І = (R1 + R2 / 2) х 0,6 + Е х 0,4
Бұл жерде – ағымдағы бақылау (t), аралық бақылау (r), рейтингі бағасы (R), емтихан (Е) және қорытынды баға (І).
Қорытынды емтихан пәннің негізгі теориялық және практикалық материалдарын қамтитын нұсқауларға бөлінген тест тапсырмалары және ауызша емтихан билеттерінің сұрақтарына жауап беру түрінде өтеді.
Әріптік бағалау және оның балдардағы цифрлік эквиваленті дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші бойынша анықталады (кесте бойынша).
“Тәуелсіздік жылдарынан кейінгі қазақ әдебиеті ” пәні бойынша студенттердің білімін бағалау межелері
Әріп жүйесі бойынша бағалау
|
Баллдар
|
%-тік құрамы
|
Дәстүрлі жүйесі бойынша бағасы
|
А
|
4,00
|
100
|
Үздік
(өте жақсы)
|
А -
|
3,67
|
90-94
|
В+
|
3,33
|
85-89
|
Жақсы
|
B -
|
2,67
|
75-79
|
В
|
3,00
|
80-84
|
С +
|
2,33
|
70-74
|
Қанағаттанарлық
|
С -
|
2,00
|
65-69
|
С
|
1,67
|
60-64
|
D +
|
1,33
|
55-59
|
D
|
1,00
|
50-54
|
D -
|
0,67
|
|
Қанағаттанарлық
емес
|
F
|
0
|
|
%-тік құрамы
|
критерийлер
|
0-49
|
Бағдарламалық материал бойынша білімнің мүлде болмауы, оқыту бағдарламасының негізгі матералын білмеу, үлкен қателер жіберу.
|
50-74
|
Жауап негізінен дұрыс, бірақ толық емес, одан бағдарлама материалын тереңінен түсінбеу көрінеді, алдыңғы қатарлы идеялар мен теориялық ұстанымдарды баяндауды жекелеген қателер жіберу,материалды мазмұндауды тек репородуктивті дағды байқалады; өз бетінше қорытынды шығарып, жалпылаудың болмауы.
|
75-89
|
Жауап толық, дұрыс; оқытылатын әдебиеттегі ұстанымдар мен негізгі идеялар көрінеді; фактілік материалдар мен негізгі ұғымдарды, заңдарды білу. Мерзімді басылымдардан материал, оқытудың басқа құралдарын қолдану. Дәлелдей білу, аргументация, қарама-қарсылық, қорытынды шығару және жалпылау. Алайда мазмұнын айтарлықтай өзгертпейтін кейбір қателіктер бар.
|
90-100
|
Жауап толық, дұрыс; оқытылатын әдебиеттегі ұстанымдар мен негізгі ұғымдарды білу. Мерзімді басылымдардан материалдар қарастыру, оқытудың басқа құралдарын пайдалану. Қорытынды шығару және жинақтау.
|
Егер де студенттің бағасы төмен деңгейде болатын болса, оған қосымша тапсырмаларды орындау арқылы баға көрсеткішін жоғарылатуға мүмкіндік беріледі. Бұл жағдайда оқытушы студентке белсенді үлестірмелі материал ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: |