Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет111/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

 
 
Сілтемелер және ескертпелер: 
 
 
1. Дүйсенбаев Ы.Т. Қазақтың лиро-эпосы. Алматы, 1973. 91-б. 
2. Әуезов М. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959. 301-б. 
3. Әуезов Мұхтар. Әр жылдар ойлары. Алматы, 1959. 305-306-бб. 
4. Қозы Көрпеш-Баян Сұлу. Қыз Жібек. Қазақтың ғашықтық жырлары. М., 2003. 109-б. 
5. Сонда, 119-б. 
6. Әуезов М. Әдебиет тарихы. Алматы, 1991. 137-б.
7. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу. Қыз Жібек, Қазақтың ғашықтық жырлары. М., 2003. 145-б. 
8. Әуезов М. Әдебиет тарихы. 136-137-бб. 
9. Қозы Көрпеш – Баян Сұлу. Қыз Жібек, Қазақтың ғашықтық жырлары. М., 2003. 159-б. 


252 
ТАРИХИ ЖЫР СИПАТЫ 
 
 
Қазақ фольклорының жанрлық құрамы өте бай, түр жағынан да, мазмұн 
жағынан да алуан түрлі. Солардың арасында ерекше орын алатыны – тарихи 
жыр. Жалпы фольклордың қай жанрын алсақ та, ол тарихилық сипатқа ие. 
Тіпті миф те, ертегі де белгілі дәрежеде тарихи болып келеді. Тегінде, 
фольклордың тарихилығы деген ұғым өте кең. Біріншіден, фольклордың өзі – 
тарихи құбылыс, ол өзгермелі. Фольклорлық сана, фольклорлық дәстүр, 
фольклорлық шығарма - осының бәрі тарихта болатын нәрсе, оларды аттап 
кету мүмкін емес. Бұлардың бәрі тарихтың белгілі бір кезеңінде болуға тиіс, 
сол дәуірдің жемісі, адамзат мәдениетінің даму жолындағы бір сатысы деп 
танылуы керек. Екіншіден, фольклор адам тіршілігімен тікелей байланысты, 
оның болмысының бір бөлшегі. Сол себепті ол адам өмірінің барлық жағын 
бейнелейді, шарауашылығынан, тұрмысынан, әдет-ғұрпынан, салт-санасынан 
айтарлықтай мәлімет береді. Үшіншіден, фольклор тарихи оқиғаларға тікелей 
де, жанама түрде де байланысты болады. Екінші сөзбен айтқанда, фольклор 
халық тарихындағы маңызды оқиғаларды қамтып, соларды негізге алып, 
жаңа шығармалар туындатады, тарихи тұлғалар жайында әңгімелейді, 
оларды көркем әдіспен дәріптейді. Төртіншіден, фольклор халықтың өзінің 
тарихқа қатысын, көзқарасын танытады, маңызды оқиғалар мен көрнекті 
қайраткерлерге берген халықтың бағасын, сол арқылы халық нені 
армандағанын, қандай батырды көксегенін көрсетеді. Бесіншіден, фольклор 
әр дәуірге, қоғам өміріне сәйкес өзгеріп, тарихи тұтастанудан өтіп отырады. 
Соның нәтижесінде жанрлардың трансформациясы жүзеге асып отырады. 
Әрине, бұл айтылған белгілер фольклордың барлық жанрында бірдей емес. 
Әр фольклорлық жанрдың өзіндік қасиеттері оның, шығарманың 
тарихилығына әсер етеді. Мұны, мәселен, батырлық жыр мен тарихи жырдың 
табиғатынан байқауға болады. Екеуінде де тарихи негіз бар, алайда олар 
бірдей де, біркелкі де емес. Бұл мәселе төңірегінде қазақ фольклорын 
зерттеушілер әртүрлі пікір айтып, кейде екеуін бір жанр деп, енді бірде екі 
бөліп қарастырып жүрді.
Халқымыздың ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов фольклорлық тарихи 
шығармаларды жинап, олар туралы аса маңызды пікір айтып, зерттеулер 
қалдырғаны белгілі [1]. Мәселен, ол «Ұлы жүз қазақтарының аңыздары мен 
әңгімелері» атты еңбегінде қазақ фольклорында тарихи элементтің ерекше 
орын алатынын айтады. Сондықтан да ол шежірені аңыз-әңгіме деп 
фольклорлық тарихи шығарма ретінде қарайды. Демек, Шоқан – қазақ 
фольклорында тарихи аңыз бен әңгімелердің бар екенін бірінші болып 
байқаған зерттеуші. Шоқан бірталай еңбектерінде өзі жазып алған эпикалық 
түрдегі тарихи фольклордың нұсқаларына ғылыми талдау берген деуге 
болады. Ол қазақ фольклорында тарихи жырдың жеке жанр екенін атай 
отырып, олардың біразын іріктеп, мысалға келтіреді: «Другой джир 
называется Урак-батыр. В нем повествуются похождения Урака-батыра, 
родом караульца, который отправившись в набег на Россию, был взят 


253 
русскими в плен и содержался в тюрьме 10 лет, потом женился в России, 
прижил детей, но соскучился по родному аулу, опять уехал в степь и там 
остался...» [2], – деп жазады. Шоқанның «другой джир» деп отырғаны 
батырлық жырдан басқа дегені, яғни ол тарихи жырды айтып отыр. 
Тіпті ол «тарихи жыр» («исторический джир») терминін де қолданған 
[3]. Демек, Шоқан тарихи жырды батырлық эпостан өзгеше, өзіндік 
ерекшеліктері бар жанр деп білген. Ол ерекшеліктердің бастысы – тарихи 
жырдың өмірде болған оқиғалар негізінде шығатындығы, яғни батырлық
эпосқа қарағанда тарихқа жақындығы. Міне, осыны ескерген ғалым тарихи 
жырды арнайы түрде зерттеуге мән берген. Тарихи жырға арналған 
еңбектерінде Ш.Уәлиханов өмірде, дәлірек айтсақ ХҮІІІ ғасырда болған 
қоғамдық мәні бар оқиғалар мен оларға белсене қатысып, айтарлықтай рөл 
атқарған қайраткерлер һәм батырлар жайлы тарихи фольклорды түгел 
қамтып, олардың шындық негіздерін қарастырған. 
Қазақ фольклорының барлық жанрын, оның ішінде тарихи жыр 
үлгілерін де жинап, жарыққа шығару ісінде көп еңбек сіңірген адам – 
академик В.В.Радлов. Ол өзінің атақты 10 томдық жинағының 3-томына 
қазақтың бірнеше тарихи жырын енгізген [4]. Бірақ В.В.Радлов тарихи 
жырды жеке жанр ретінде бөлмеген. Сондықтан ол батырлық жырды да, 
тарихи жырды да «Қазақтың бұрынғы батырлары туралы сөз» деп атаған. Ал 
жекелеген кейбір тарихи жырды қысқа қиссалар тобына жатқызады. 
Әрине, 
ХІХ 
ғасырдың 
70-жылдарындағы 
фольклористиканың 
жағдайында қазақ халық ауыз әдебиетінің барлық жанрын дұрыс салалап 
зерттеу мүмкін емес еді. Оның үстіне В.В.Радлов қазақ поэзиясын Шоқандай 
жетік білмеді және оның ішкі ерекшеліктері мен нюанстарын аңық аңғара 
алмады. Сол себепті ол «батырлар жыры», «ғашықтық жыр» деп дәл бөле 
алмады, бәрін бір жанр деп есептеді. 
Тарихи жырдың нұсқалары Г.Н.Потанин архивтерінде де бар. Ол жазып 
алған «Қабанбай» жырының үзіндісі 1972 жылы шыққан «Казахский 
фольклор в собрании Г.Н.Потанина» атты жинақта жарық көрді [5]. Ал 
Томск архивіндегі материалдарда Г.Н.Потанин ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген 
Бөгенбай, Жанбай, Боран-Бердіқожа батырларды атап, олар туралы да өлең-
жырлар бар екенін айтады [6]. Эпос пен проза жанрын көп зерттеген Потанин 
кейбір салыстырмалы еңбектерінде Шыңғыс хан, Ер-Көкше жайындағы 
аңыздарды пайдаланады. Бірақ, тарихи өлең немесе жырды бөліп 
қарастырмаған және оларды дербес жанр деп санамаған. 
Тарихи адамдар мен оқиғаларға байланысты әңгімелер, аңыздар, 
прозамен берілген жыр мазмұндары ХІХ ғасырда «Дала уалаяты» газетінде 
де анда-санда жарияланып тұрған. Дәлел ретінде әйгілі «Еңлік–Кебек» пен 
«Қалқаман–Мамыр» туралы әңгімелерді атауға болады [7]. Газетте бұлар 
проза түрінде берілген, көркемдігі нашар, бірақ оқиға мен сюжетке айрықша 
назар аударылған. 
Қолда бар деректерге қарағанда, тарихи жырлар мен әңгіме, аңыздарды 
Ә.Диваев та жинаған. 1920 жылы Ә.Диваевтың қатысуымен болған Жетісу 
экспедициясы материалдарының есебінде «Шыңғыс хан туралы аңыз» 


254 
(«Предание о Чингиз-хане»), «Қалдан хан мен Абылай» («Алдан-хан и 
Аблай»), «Ақсақ құлан – Жошы хан» («Аксак кулан и Джучи-хан»), «Кенен 
ақынның 1916 жыл туралы өлеңі» («Песнь Кенена-акына на события 1916 
года») сияқты атауларды кездестіреміз» [8]. Алайда, Ә.Диваев тарихи жырды 
арнайы жинамаған және зерттемеген. Рас, кейбір шежіреге, жер аттарына 
байланысты аңыздар туралы айтылған пікірлері бар. Бірақ олар тарихи 
фольклор деген жалпы ұғым болмаса, тарихи поэзияға (дәл айтқанда, жыр 
мен өлең) дұрыс келе бермейді. Осы жерде айтатын бір жәйт – кейбір елдің 
халық әдебиеті туралы зерттеулерде тарихи фольклор деген атау бар. Тіпті 
орыс фольклористикасы беріге дейін «тарихи ертегі» деген жанрды бөліп 
келді. Ал, қазақ фольклорында белгілі бір кісі, су, жер аттары туралы (өлең 
мен жырдан басқа) көптеген әңгіме, аңыз, тіпті ертегілер де көп. Оларды 
қалай саралау керек, қалай атап, қайда жатқызу керек. Міне, бұл да әлі 
шешуін таппаған, ойластыруды қажет ететін мәселе. Әзірше, олардың бәрін 
тарихи фольклорлық шығарма деп шартты түрде қолдануға тура келеді. 
Тарихи өлең мен тарихи жырды ХХ ғасырда кең түрде жинап жарыққа 
шығару, ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкіндік туғанын айту керек. 1920-30 
жылдардың өзінде ұлттық фольклорымыз мақала түрінде де, оқулық 
көлемінде де зерттеу объектісіне айналды. Мәселен, Ахмет Байтұрсынұлы, 
Халел Досмұхамедов, Мұхтар Әуезов, Сәкен Сейфуллин сынды 
ғалымдарымыз бен жазушыларымыздың еңбегін айрықша атау керек. Олар 
эпос жанрына ерекше көңіл бөліп, батырлар жыры мен тарихи жырларды әрі 
жариялап, әрі зерттеп, оларды – халық тарихын бейнелейтін шығармалар деп 
есептеді. Сөйтіп олар қазақ фольклорын саралап зерттеу, терминологиялық 
ұғымды қалыптастыру ісін дереу қолға алып, оны орнықты түрде жүзеге 
асыра білді. Мәселен, эпостың осы екі түрі бөлек жанр екенін Ахмет 
Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқышында» анық айтқан. Ол кісі былай деп 
жазады: «Тарихи жыр деп тарихта бар, мағлұм уақиғалар турасында өлеңмен 
шығарған сөздер айтылады. Қазақта өз тілінде жазылған тарих болмағанмен, 
қазақта болған уақиғалар, қазақтан шыққан адамдар турасында басқа 
жұрттардың тарихында жазылған мағлұматтар бар, халықтың өзінің есінен 
кетпеген, қазақ басынан кешірген уақиғалары толып жатыр. Солар туралы 
өлең етіп шығарған сөздер болса, солар тарихи жыр болады. Мәселен, «Орақ-
Мамай», «Абылай», «Кенесары, Наурызбай», «Ерназар», «Бекет» өлеңдері 
тарихи жырлар болады» [9]. 
Қазақ фольклорының құрамында тарихи шығармалар бар екенін, олар 
үлкен бір топ құрайтынын Халел Досмұхамедұлы да айтады. Рас, ол кісі 
«тарихи жыр» деген атауды қолданбайды. Батырлар жырынан өзгеше 
эпикалық туындыларды ол кісі «тарихи өлеңдер» деп атаған да олардың 
үлгісі ретінде бірнеше тарихи жырды келтіреді. Халелдің өз сөзін келтірейік.
«Қазақ халық әдебиетінің арналы саласы – батырлық жырлар 
(героический эпос) мен тарихи өлеңдер (исторические песни). 
Батырлық жырларда әртүрлі, көбінше аттары аңызға айналған 
Қобланды, Алпамыс, Едіге, Орақ-Мамай, Қарасай-Қази, Ер Тарғын, т.б. 


255 
Алтын Орда мен Қазақ хандығы тұсындағы батырлардың іс-әрекеттері 
суреттеледі.
Ал тарихи өлеңдерде белгілі бір кезеңде өмір сүрген аты белгілі адамдар, 
әрине көптеген әсірелеу, әспеттеумен, негізінен жоңғарларға және орыс 
империалистеріне қарсы қазақтардың бас бостандығы үшін күрескен кездегі 
тұлғалар жырланады. Кенесары, Исатай, Бекет және басқалар туралы өлең-
жырларды мысалға келтіруге болар еді. Көптеген батырлық жырлар мен 
тарихи өлеңдер нағыз эпопея болып келеді» [10]. 
Осыдан кейінгі абзацта Халел Досмұхамедұлы «батырлық және тарихи 
поэмалар» деген атауларды қолданады. Демек, оның «исторические песни» 
деп отырғаны «тарихи жыр» болып шықты. Ал, «поэма» терминін қазақ 
фольклортанушылары мұндаға шейін «эпос» сөзінің орнына қолданып 
келгені белгілі.
Сол шақтағы, яғни 1927 жылғы кітабында «тарихи жыр» терминінің 
орнына «тарихи өлең» атауын Мұхтар Әуезов те қолданып, оған Исатай, 
Махамбет, Бекет туралы жырларды жатқызған [11]. Кейін, 1939 жылы, 
М.Әуезов Л.Соболевпен бірге жазған «Қазақ халқының эпосы мен 
фольклоры» атты еңбегінде тарихи жырды жеке жанр ретінде бөліп алып, 
оның негізгі сипатын ашып берді, сондай-ақ бұл жанрдың шығу мерзімін, 
қалыптасу процесін болжаған [12]. 
«Қазақ эпосында батырлар жыры мен ғашықтық жырларға қоса тарихи 
жырлар да мол. Бұл жырлар ХҮІІІ және ХІХ ғасырларда, әсіресе, кең өрістеп 
дамыған» [13], – деп М.Әуезов тарихи жырдың өз алдына жеке жанр екенін 
айрықша атап көрсетеді. «Бұл тарихи жырлардың, – деп жазады әрі қарай 
М.Әуезов, – дәстүрі тереңде, алыста жатыр. Ол бастауын Орта Азия мен 
Сибирь тайпаларының ру аралық тартысы кезіндегі шабуыл-жорық 
жайындағы жырлардан алады» [14]. 
Осыған орай айтатын бір нәрсе: М.Әуезов зерттеліп отырған тарихи жыр 
жанрының тарихи өлеңнен гөрі басқа екенін сездіріп отыр. Шынында, тарихи 
жырдан бұрын туатын шағын тарихи өлеңдер сонау көне түркі заманынан 
басталады. Атақты Орхон-Енисей атырабындағы Білге-қаған, Күлтегін 
туралы шығармалар – тарихи өлеңнің жырға айналған түрінің алғашқы 
таңбаға түскен нұсқалары деуге болады. Сонау 1952 жылы Мұхтар Әуезов 
осы Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк туралы тасқа түскен мәтіндерді сол 
заманғы эпостың үлгісі деп қарауға болатынын айтқан [15]. Осындай ойды 
кейінірек И.В.Стеблева да айтып, ол мәтіндерді «тарихи-қаһармандық поэма» 
деп атаған [16]. Оның поэма деп отырғаны – жыр. Сонда ғалымның сөзін 
қазақша айтар болсақ, «тарихи-қаһармандық жыр» болып шығады. Түптеп 
келгенде, бұл «тарихи жыр» деген ұғымға сәйкес келеді. И.В.Стеблева тіпті 
«тайпалық эпос» (дружинный эпос) деген де атауды қолданған. Қалай 
болғанда да, көне түркі мәтіндерін алғашқы тасқа жазылған ең ескі тарихи 
жырдың үлгілері деп қабылдауға болатын секілді.
Тарихи жырдың өз алдына дара жанр екенін М.Әуезов баса айтып, ол 
туралы былай деп жазады: «Бұл жырлардың бәрі де, ертеде туғандары да, 
кейінірек шығарылғандары да – анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал 


256 
басты-басты кейіпкерлер – тарихта болған адамдар. Жырлардың авторлары – 
көбінесе сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен 
көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай сап-сабымен 
баяндайды. Тарихи жырлардың батырлық эпостан жанрлық айырмашылығы 
бар. Яғни тарихи жырларда эпостық баяндауға тән объективтік сарынның 
орнын оқиғаларды тікелей қабылдаған автордың әсері араласқан 
субъективтік баға басады» [17]. 
Ұлы ғалымның осы ойларына қосыла отырып, тарихи жыр сонымен 
бірге өз бойына батырлық эпостың біраз қасиеттерін сіңіретінін айту керек. 
Тарихи үлкен жыр оқиғаның ізінше қолма-қол тумайды: керісінше, оқиғаға 
қатысушылар өз көрген-білгендері, батыр мен басшылардың ерлік істері 
туралы шағын өлең, әңгіме шығарады. Арада біраз уақыт өткен соң не көз 
көргендердің ішіндегі мықты бір ақыны, немесе басқа бір талантты ақын 
баяғы шағын өлеңдерді өзінше жиыстырып, бұрынғы мазмұны бойынша 
сюжет құрап, кейде жанынан қосып, көркемдеп қайта жырлайды. Сөйтіп, 
тарихи жыр туады. Тарихи өлең әр уақытта туып отыратынын Ахмет 
Байтұрсынұлының мына сөзінен де көруге болады. «1879-1880 жылдары 
болған «Қоян» қыстың жұты турасында шығарған өлең болушы еді. Сонда 
қыстың қалай болғанын, елдің қандай жұтағанын, қандай аштық азап 
тартқанын айтушы еді. Сол өлең осы күнге дейін сақталған болса, о да 
тарихи жыр болады» [18], – деп жазады Ахаң. Ахаңның бұл сөзінен тарихи 
өлең белгілі бір оқиғадан көп ұзамай туатынын, ал уақыт өте келе ол өлеңнің 
жырға айналатынын аңғаруға болады. Ал оқиғаның ізінше пайда болған 
кейбір шығармалар аңызға айналады. Мінеки, тарихи аңыз бен кейбір 
шешендік сөздердің нұсқалары осылай туған. 
Тарихи жыр туралы С.Сейфуллин де жазған [19]. Алайда, ол тарихи 
жырды жеке жанр деп танымай, батырлар туралы шығармаларға қосқан. 
Сондықтан бұл жанрды ол эпос тарихымен бірге зерттейді. Солай бола тұрса 
да С.Сейфуллин 1926 жылы Жанқожа туралы жыр мен өлеңдерді 
жариялайды [20]. Демек, ғалым таза батырлар жырынан өзгешелеу 
шығармалар бар екенін аңғарған, бірақ сонда да оларды эпостан дара жанр 
деп есептемеген. Ол батырлар жырын шығу уақытына қарай зерттеу 
мақсатымен олардың тарихи негіздерін ашуға тырысқан. Осы орайда 
С.Сейфуллин ертеде туған эпосты «ұлы батыр», ал кейін пайда болғандарды 
«кіші батыр» жыры деп зерттеп жүргендерге қарсы шыққан [21]. Ол екеуінің 
арасындағы айырмашылық туралы зерттеуші былай деп жазады: «Қазақтың 
ескі ел әдебиетіндегі батырлар әңгімелерінің неғұрлым ескілерін алып 
қарасақ, солғұрлым оның «қиял» қоспасының, жапсырма сырлардың, «ертек» 
түрлерінің молдығын көресің. Заманның неғұрлым ертедегісіне қарай бара 
берсең, солғұрлым елдің шикі, надан кезіне таяна бересің. Батырлар 
әңгімелерінің неғұрлым бергі заманда шыққанын алып қарасаң, солғұрлым 
ол әңгіменің «кереметтері» де аз бола береді, шындыққа жақын бола береді 
және солғұрлым бертінгі заман батырларының жаратылыстары да 
«кереметсіз» бола береді» [22]. С.Сейфуллиннің бұл сөздерінен біз оның 


257 
тарихи жыр жанрының кейбір ерекшелігін объективті түрде (тарихи жыр деп 
атамаса да) байқай білгенін аңғарамыз. 
Қазақ халық әдебиетін біршама зерттеген С.Мұқанов та тарихи жырды 
батырлық эпостан бөліп қарамаған. Ол өзінің батырлар жырына арналған 
мақалалары [23] мен ХҮІІІ ғасыр әдебиеті тарихы туралы жазғандарында 
[24]эпостың тарихи оқиғаларға негізделетінін дұрыс айтқан. «Батырлар 
жыры, негізінде, ел қорғау, Отан қорғау тілегінен туған, халықтың жүрегіне 
жағатын, сүйетін жырлары» [25], – деп өте орынды айтады. Және олардың 
тууына себеп болған басты-басты тарихи оқиғаларды атап өтеді. Олар: татар-
монғол басқыншыларымен және алтынордалықтармен күрес, қалмақ 
шапқыншыларына қарсы соғыс. Автор ХҮІІІ ғасырдағы қалмақтарға қарсы 
соғысқа байланысты туған шығармаларды батырлар жырына қосады. 
Қазақ фольклористикасындағы білікті мамандардың бірі Ә.Марғұлан да 
тарихи жырды батырлық эпос құрамында қарастырған. «Қазақ эпосының 
сипаты мен тарихи шарттылығы жайлы» деп аталатын еңбегінде ол батырлар 
жырының шығу тарихын зерттей отырып, жырларды бес кезеңге бөледі. 
Соның ішінде кейінгі дәуірлерде туған шығармалар ретінде төртінші және 
бесінші кезеңге – ХҮІІ-ХҮІІІ және ХІХ ғ. туған тарихи жырларды 
жатқызады. Мысалы, төртінші кезең қалмақ шабуылдарының тұсы. Бұған 
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы «Құба қалмақ», сол замандарда өмір сүрген Олжабай, 
Қабанбай, Бөгенбай батырлар туралы жырлар жатады десе, бесінші кезеңге 
қазақтардың ХІХ ғасырдағы хан, сұлтандарға, патшаға қарсы күресін 
көрсететін Сырым, Исатай, Махамбет, Бекет туралы жырлар енеді деп 
есептейді [26]. Сонымен бірге ғалым кейінгі кезде, яғни ХІХ ғасырда туған 
жырларда тарих іздері айқын екенін көрсетіп, ендігі жерде тарихи өлең пайда 
бола бастайды деген болжам айтады. 
Тарихи жырды арнайы зерттеген ғалымдарымыздың бірі – Қ.Жұмалиев 
[27]. Ол тарихи жырды кейде «тарихи поэма» деп атап, терминді атауда 
дәлдіктен біраз ауытқып кеткен. Әйткенмен де Қ.Жұмалиев тарихи жырдың 
өзіндік жанр екенін аңғарып, оның жанрлық өзгешеліктерін, әсіресе, 
батырлық эпостан айырмашылықтарын дұрыс көрсеткен. Мәселен, батырлық 
эпоста оқиғаның жалпы, ұлы сорабы ғана сақталып, шын болған оқиға өте 
көмескіленіп, оған әр түрлі қиял-ғажайып нәрселер араласып келіп отырса, 
тарихи жырларда әлі де болса ізі суымаған оқиғалар да, оған қатысушы 
адамдардың іс-әрекеттері де тарихи шындыққа жақын, қиял-ғажайып 
элементтері мейлінше аз ұшырасады. 
Қ.Жұмағалиевтің сөзімен айтсақ, «бұл екеуінің негізі бір, екеуінің де 
түбінде тарихи уақиға жатады. Бірақ эпостық жырлардың қаһармандарды 
атса оқ өтпейтін, шапса қылыш өтпейтін, суға салса батпайтын, отқа салса 
күймейтін қасиеттері бар және Бабай түкті шашты Әзиз, қырық шілтен 
тәрізді бағып жүретін иелері бар адамдар болып суреттелсе, тарихи 
жырлардың қаһармандары олардай емес, ер жүректі, күш-қайраты мол, оқ 
өтіп, қылыш кесетін жәй адамдар. Тарихи жырлардың уақиғалары да осы 
тұрғыдан құрылады. Тілі жағынан алғанда да батырлар жырлары мен тарихи 
жырлардың айырмашылығы бар» [28]. 


258 
Қ.Жұмалиев сонымен бірге тарихи жырларды шығарушы мен 
жырлаушылардың кім екенін, қай таптың өкіліне жататынын жіті байқау 
керек екенін ескертеді. Батырлық эпостан гөрі тарихи жырда ақындар мен 
орындаушылардың өзінің дүниетанымына байланысты, өзінің таптық 
тілегіне қарай жамаған қоспалары көбірек болатынын айтып, бұл жанрды 
зерттегенде осы жағын да айрықша есте тұту қажеттігін атап көрсетеді. 
Тарихи жырды көп уақыт зерттеп, құнды еңбектер жазған ғалым 
Е.Ысмайылов болды. Ол бұл жанрға ауық-ауық көңіл бөліп, бірнеше зерттеу 
жұмыстарын жазды және оның әрқайсысында тарихи жыр туралы өз 
пікірлерін толықтыра, тереңдете түсті. Айталық, өзінің 1930-жылдардың 
аяғында эпикалық жанрға арнап жазған бір [29] мақаласында ғалым тарихи 
жырды батырлық эпосқа қосады. Ол батырлар жырын дәуірлей отырып, 
ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ-қалмақ арасының қарым-қатынасына 
байланысты туған батырлар жыры деп Есім хан, Қабанбай, Олжабай, 
Бөгенбай, Арқалық, Алатай, Қаратай, т.б. туралы шығармаларды айтады.
Осы қатарға ғалым ХІХ ғасырдағы қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына 
байланысты туған батырлар жыры ретінде Сырым, Исатай, Махамбет, Бекет, 
Жанқожа, Досан, Сұраншы, Сыпатай т.б. жайындағы жырларды енгізеді [30].
Ал енді кейінде жазған еңбегінде Е.Ысмайылов тарихи жырды жеке 
жанр ретінде қарастырып, оның жанрлық ерекшелігін анықтайды және ол 
шығармаларды хронологиялық принциппен саралайды. Мысалы, кейбір 
зерттеушілер қазақтың тарихи жырларын төрт дәуірге бөлуді ұсынады: а) 
орта ғасырда, ә) ХҮІІІ ғасырда, б) ХІХ ғасырда, в) ХХ ғасырда туған 
шығармалар [31]. Автор өзі ұсынып отырған әр дәуір шығармаларына тән 
сипаттарды белгілейді. Әсіресе ХІХ ғ. соңы мен ХХ ғ. бас кезінде туған 
тарихи жырларға айрықша мән береді. Бұл дәуір – патшалық Ресейдің 
отаршылдық, қанаушылық қысымына деген халық қарсылығының күшейіп, 
1905 жылғы революция мен 1916 жылғы уақиғалар дәуірі еді. Міне, мұның 
бәрі сол кезде туған халық шығармаларының өзіндік ерекшелігін құрайтын 
тың белгілер. 
Е.Ысмайылов, сөз жоқ, осыларды ескергендіктен де ХХ ғасырдың бас 
кезіндегі тарихи жырлар мен өлеңдерді дәйекті түрде зерттеуге ден қойды. 
Ол қазақ ғалымдарының ішінде осы дәуірдегі тарихи фольклорлық 
шығармаларды алғаш зерттеушілерінің бірі болды. Ғалым 1939 жылы 
«Аманкелді халық әдебиетінде» [32] атты мақала жазды, 1940 жылы «1916 
жыл» деген жинақ шығарды [33], оның кіріспе сөзін жазды. Бұл еңбектерінде 
Е.Ысмайылов зерттеліп отырған шығармаларды идеялық және тақырыптық 
жағынан алып талдады да, оның жанрлық мәселелеріне тереңдеп бармады. 
Рас, кейінгі кездерде жазған зерттеулерінде ол бұл мәселелерді нақтылы 
талдап қарастыратын болды [34]. Мысалы, ол 1916 жылғы көтеріліс туралы 
шығармаларда жанрлық біркелкіліктің жоқтығын анықтады. Мұнда үлкен 
эпикалық жыр да (көбінесе дастан деп атайды), тұрмыс-салт жырлары да 
(қоштасу, көңіл айтып жұбату, жоқтау), сәлем хат пен толғау өлеңдерінің де 
ұшырасатынын айтады. Автор бұл жанрлардың көтерілістің әр кезеңіне 
сәйкес туып отырғанын байқаған. Мысалы, көтерілістің бірінші кезеңін 


259 
суреттейтін шығармалар көбінесе толғау түрінде болып келеді. Екінші кезең 
ұрыс, шайқас кезін көрсететін ерлік жырларды туғызған. Үшінші кезеңде 
көтерілістің жеңілуіне байланысты қайғылы, мұң-шер өлеңдері басым. Ал 
эпикалық үлкен шығармалардың туа бастауы кейінірек, көтеріліс басылып, 
арада біраз уақыт өткен соң шыққанын Е.Ысмайылов орынды атап 
көрсеткен. 
Ғалымның бұл тұжырымдарын қолдай отырып, мынаны айту керек. 
Біріншіден, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы шығармалардан тарихи 
жырдың қалыптасу процесін көруге болады. Көтеріліс жүріп жатқан кезде 
көлемі жағынан шағын, бірақ оқиғаны баяндауы толық, қызықты өлеңдер 
туды. Ал көтерілістен біраз уақыт кейін бұл шығармалар іріктелді, кейбір 
маңыздыларының негізінде көлемі үлкен жырлар пайда болды, сол 
көтеріліске қатысқан талантты ақындар қомақты тарихи жырлар шығарды.
Ал бұл жырларды зерттеушілеріміз, көбінесе, «эпикалық дастандар» деп 
атап жүр. Біздіңше, бұл термин дәл емес сияқты. Рас, көтерілістен көп 
кешікпей туған бұл шығармалар бұрынғы тарихи жырдан гөрі өзгешелеу. 
Мұнда, біріншіден, оқиға ізі әлі суымаған, сондықтан көркемдеу мен әсірелеу 
жағы аз; екіншіден, біразының авторы белгілі, демек, онда ақынның 
творчестволық ізі, даралығы бар; үшіншіден, үлкен шығармалар ел арасына 
ауызшадан гөрі жазбаша күйінде көбірек таралды. Соның салдарынан онда 
фольклорға тән сипаттар оқшау көрінбейді; төртіншіден, бұл шығармалар 
туған дәуір бұрынғы заман емес. Міне, осының бәрі, сөзсіз, ескерілуі керек. 
Демек, 1916 жлғы оқиғаларға байланысты туған үлкен шығармалар таза 
тарихи жырға толық айналмаған. Олай болса, оларды эпикалық демей, 
«батырлық дастан» десек дұрыс болар. Бірақ, дастан жанрының табиғаты 
басқа. Міне, бұл мәселелер де ғылыми дәйекті шешімін күтуде. 
Тарихи жыр Н.С.Смирнованың да еңбектерінде біршама зерттелді. Бізге 
жеткен, әрі хатқа түскен тарихи жырлардың басым көпшілігі ХҮІІІ ғасырда 
болған оқиғалар туралы. Міне, осыны ескерген Н.С.Смирнова алғашқы 
еңбектерінде оларды ХҮІІІ ғасырда туған батырлық эпос деп қараған-ды 
[35]. Ал кейінгі кездерде жазған жұмыстарында ғалым ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда 
болған оқиғалар туралы көлемді үлкен шығармаларды “тарихи эпос” деп 
атап, қазақ фольклорында тарихи жыр өз алдына дербес жанр деген 
қорытындыға келеді. «При изменении устно-поэтической традиции 
укореняются новые разновидности эпоса. Одну из них можно назвать 
«историческим эпосом». Это – поздняя промежуточная форма между 
собственно эпосом и исторической песней» [36], – деп жазады ғалым. 
Бұл жерде анықтап алатын жағдай – қазақ тіліндегі «жыр» терминін 
орысша қалай беру керек деген мәселе. «Эпос» деп пе, әлде басқаша атау 
керек пе? Батырлық жырды «героический эпос» дегенде, «тарихи жырды» 
неге «исторический эпос» демеске? Негізі, «эпос» деген сөз «батырлық» 
деген сөз емес қой. Бұл көлемді жыр мағынасын береді. Демек, “жырды” 
орысша «эпос» деуіміз дұрыс, ал оның түрін бірде батырлық, бірде тарихи 
эпос деп атауға болады. Басқаша айтқанда, батырлық жыр да (эпос), тарихи 
жыр да (эпос) өмірде болған оқиға негізінде шыққан ғой. Бірақ біріншісінде 


260 
батырлық пен көркемдік әсірелеу басым да, екіншісінде шындық жағы, факті 
мен оқиға жағы басым. Оның үстіне екеуі – эпос жанрының дамуындағы екі 
саты. Н.С.Смирнова дұрыс айтады: тарихи жыр – екі аралық жанр, яғни 
тарихи өлең мен батырлық жырдың арасындағы өткел. 
Олай болса, Н.С.Смирнованың алғаш кезде тарихи жырды кейінгі 
дәуірде шыққан эпос (кенже эпос) деп тануынан бас тартып, зерттей келе 
М.Әуезов айтқандай оны жеке жанр деп есептеуі әбден орынды. Тек, 
Н.С.Смирнова пікірінің бір өзгешелігі – тарихи жырды екі аралық жанр деп 
қарауы. 
Н.С.Смирнова сондай-ақ тарихи өлеңді де жеке қарастырады. Бірақ ол 
кісінің пікірінше, қазақ фольклорында бұл жанр өте кеш туып, ХІХ ғасырда 
пайда болған және толыққанды жанр болып әзірше қалыптаса қоймаған [37]. 
Біздіңше, бұл тұжырым әлі де анықтап зерттей түсуді қажет етеді. Себебі бұл 
концепция бойынша (орыс және Европа фольклористикасында) тарихи өлең 
фольклор ішіндегі ең кенже қалған жанрдың бірі, яғни кейінгі дәуірлерде, 
нақтылап айтқанда, мемлекеттің пайда болу кезеңінде туған жанр. Алайда, 
түркі халықтарының материалдарына қарағанда, тарихи өлең өмірдің әр 
кезеңінде болатын ірілі-ұсақты мәні бар оқиғалардың тұсында немесе дереу 
солардың артынша туатын шағын шығарма: сол себепті тарихи өлең әр 
ғасырда, әр дәуірде туа береді. Ал оның ішіндегі маңыздылары тарихи жырға 
айналып, ұлғайып отырады. 
Тарихи жырға 1948 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихы» 
кітабында арнайы үлкен бөлім берілген [38]. Бөлімнің кіріспесінде тарихи 
жырлар туралы түсінік бар, онда бүкіл тарихи фольклор жөнінде айтылып, 
тарихи өлең, жыр, аңыз жайында сөз болады және фольклордың тарихқа 
көзқарасы, яғни тарих пен фольклордың ара-қатынасы біршама айқындалып 
баяндалады. Рас, сол кезеңдегі тұжырым бойынша автор (Б.Кенжебаев) 
фольклор терминінің орнына «ауыз әдебиеті» ұғымын қолданады. Өкінішке 
қарай, әлі күнге дейін кейбір зерттеушілер осы екі ұғымды шатастырып жүр. 
Дұрысында «ауыз әдебиеті» деп қазіргі ғылымда авторлық шығармаларды, 
яғни жыраулар мен ақындардың ауызша шығарып, ауызша орындаған, 
ауызша таралған туындыларын тану орныққан. Ал, фольклорға ел есінде 
сақталып жеткен, авторы ұмытылған шығармалар жатады. Оны кейде «халық 
ауыз әдебиеті» деп те атайды.
Сонымен, 1948 жылғы «Қазақ әдебиетінің тарихына» оралайық. Тарихи 
жырдың табиғатын ашуға Б.Кенжебаевтың мына бір сөзі өте пайдалы екенін 
айту керек. Ол кісі былай деп жазады: 
«Тарихи жырлар, тарихи аңыз әңгімелер дегеніміз – халықтың өмірінде 
бұрын-соңды болған, саяси-әлеуметтік мәні зор тарихи оқиғалар, істер 
жөніндегі, бұрын-соңды тарихта шын болған көрнекті адамдар жөніндегі 
ауызша шығарылған өлең-жырлар, аңыз әңгімелер» [39]. Бұдан 
байқайтынымыз – тарихи жырдың нақты бір оқиғаға негізделетіні. Бұл 
жайында Б.Кенжебаев былай деп жазады: «... көп реттерде тарих пен ауыз 
әдебиеті бір-біріне жәрдемші, бірін-бірі толықтырушы болып келеді... Бірақ 
осымен қатар тарих пен ауыз әдебиеті бірдей емес екенін де ескеру қажет. 


261 
Тарихшы болған оқиғаны тыңнан, ойдан жаңалық қоспай, сол тарихта 
болғанынша тексеріп, талдап айтып береді. Ол үнемі тарихтық нақтылы 
материалдарға сүйенеді, айтылған ойын, пікірін солармен дәлелдейді. Ал 
ауыз әдебиеті, ақын, жырау болған оқиғаның, тарихи адамның өмірбаяны 
мен істеген ісінің сүрлеуін, ізін, желісін ғана алады. Басқасын өзінің қиял 
дүниесінен шығарады, суретпен, пернемен, бейнемен айтып дәлелдейді.
Ауыз әдебиеті тарихи оқиғаны, тарихи істі зерттеу тілімен айтпай, 
көркем әдебиет тілімен айтып береді. Тарихи шындықты көркем шындыққа 
айналдырып айтады деген сөз» [40]. 
Өте орынды, дұрыс айтылған пікір. Автордың бұл ойы тек тарихи жырға 
ғана емес, бүкіл фольклорға, тіпті күллі көркем әдебиет пен өнерге де 
қатысты. Тарихи шындықты, болмысты фольклор да, көркем әдебиет те, өнер 
де сол күйінде бейнелемейді, әсіресе фольклорда өткен заман оқиғалары 
тұтастануға түсіп, бір дәуірге шоғырланады, сондықтан әр шығармадан 
нақты болған істі, фактіні іздеуге болмайды. Фольклорда уақыт тұйықталады, 
кеңістік жиырылады, іс-әрекеттер әсіреленеді... Осыны ескермеген зерттеуші 
өткен ғасырдағы ғылымда орын алған «тарихи мектептің» қателігіне 
ұрынары 
сөзсіз. 
Жалпы, 
фольклордың 
көпсатылы, 
көпқабатты, 
көпфункциялы руханият екенін ұмытпаған жөн.
Сөз болып отырған кітапта тарихи жырлардың үлгісі ретінде «Абылай 
туралы жыр мен әңгімелер», «Сырым жөніндегі аңыз әңгімелер», «Кенесары, 
Наурызбай» туралы жыр, әңгімелер, «Жанқожа батыр», «Бекет батыр», 
«Досан батыр» атты дүниелер қаралып, Саржан, Кенесары, Наурызбай, 
Ағыбай сияқты батырлардың бейнесі жеке-жеке талданады. Сондай-ақ «1916 
жылғы көтеріліс туралы халық әдебиеті» деген тарауша бар.
Ал, 1960 жылы жарық көрген «Қазақ әдебиетінің тарихында» тарихи 
жырлар үш топқа бөлініп, қарастырылған: ХҮІІІ ғасырдағы тарихи өлең, 
аңыз-әңгімелер және жыр сарындары (авторы Н.Смирнова); ХІХ ғасырдағы 
тарихи жырлар, Жанқожа батыр жайындағы жырлар, Бекет батыр жайындағы 
жырлар, Досан батыр жайындағы жырлар (авторы Б.Шалабаев), 1916 жылғы 
көтеріліс туралы халық поэзиясы: Революциялық тарихи жырлардың туып 
дамуы, Аманкелдінің ерлік тұлғасы, Бекболат және халық трагедиясының 
бейнесі, Майдан өмірін суреттеу, көтеріліс туралы лирикалы жырлар (авторы 
Е.Ысмайылов) [41].
Бұрынғы, 1948 жылы шыққан әдебиет тарихына арналған кітаппен 
салыстырғанда мына еңбекте тарихи жырдың құрамы бірталай өзгеріске 
түскен. Мұнда, біріншіден, Абылай, Сырым туралы шығармалар жеке 
бөлінбей, атүсті ғана сөз болады; екіншіден, Кенесары, Наурызбай 
жайындағы жырлар жоқ; үшіншіден, Саржан, Кенесары, Наурызбай, Ағыбай 
батырлардың бейнесі мүлде талданбаған. 
Көңіл бөліп айтатын нәрсе сол – екі кітапта да тарихи жыр, аңыз, өлең 
аралас қарастырылады және тарихи жыр тек ХҮІІІ ғасырда ғана пайда болып 
дамуға түсті деген тұжырым ұсынылған.
Тарихи жыр мен батырлық эпос жырларын саралап зерттеу ісін 
ұсынғандар қатарында Б.Кенжебаевты да айту қажет. Ол эпос пен тарихи 


262 
жырдың айырмасы бар екенін, бұл екі жанрдың шығу дәуірі мен 
жаратылысының өзгеше екенін айқын түсініп, өз ойын “Қазақ әдебиеті 
тарихының мәселелері” атты кітабында жүзеге асыруға тырысқан [42]. Өзінің 
бұрын-соңды жазған еңбектерінде ол жалғыз тарихи жырды ғана емес, тарих 
іздерін анығырақ сақтаған әңгімелер мен аңыздарды да қамти отырған. 
Ғалым Абылай, Сырым атына байланысты тарихи жырларды талдап, 
олардың тарихи шындықпен ара-қатынасын ашуға талпынған. Осы негізде ол 
тарих пен халық әдебиеті нақпа-нақ болмайтынын байқайды. Тарихи оқиға 
фольклорлық шығармада, әсіресе жырда, көркемделіп бейнеленетінін, тіпті 
әсіреленіп көрсетілетінін айтады. 
Б.Кенжебаевтың 
тарихи 
фольклорлық 
шығармаларды 
зерттеу 
жұмыстарының ішінде 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған халық 
поэзиясына арналған ғылыми еңбегінің орны бөлек [43]. Зерттеуші алдымен 
тарихи оқиғаға тоқталып, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тек Қостанай, 
Торғай мен Жетісу өлкелерінде ғана емес, Қазақстанның барлық аймағында 
болғанын нақты мысалдармен дәлелдейді, тың туындылар тауып, ғылыми 
нақты талдаулар жасайды. 
Ғалым қаралып отырған кездегі халық поэзиясы ежелгі батырлық эпос 
пен кейінгі тарихи жыр дәстүрлерін жалғастырады деген ой айтқан. 
Б.Кенжебаев 1916 жылғы халық поэзиясы өзінің жанрлық құрамы жағынан 
өте бай екенін аңғарып, онда мынадай жанрлардың кездесетінін анықтайды: 
дастан, ерлік және лирикалық өлеңдер, арнау, үндеу, салем хат, мұң-шер 
лирикасы. Автордың ойынша, арнау, үндеу, сәлем хат – халық поэзиясында 
жаңа туған соны жанрлар. Осылардың ішінде тарихи өлең деп арнайы 
бөлмесе де Б.Кенжебаев шағын өлеңдерді өз алдына дербес алып 
қарастырады. 
1916 жылғы көтеріліске байланысты туған фольклорлық шығармалар 
туралы кандидаттық диссертация жазған М.Жармұхамедов тарихи өлеңдерді 
жеке дара бөлмей, оларды тұтас лирикалық өлең деп есептейді [44]. Автор 
оларды мазмұндық сипаттарына қарай үгіт-насихат, қоштасу, жоқтау және 
сәлем хат өлеңдер деп топтайды. Сонымен қатар зерттеуші толғаудың жаңа 
түрлері пайда болғанын айтады. Жалпы, М.Жармұхамедов бар назарын 1916 
жылғы көтеріліс туралы өлеңдердің идеялық мазмұнын зерттеуге аударады. 
1916 жылғы көтеріліс жайындағы халық ауыз әдебиетін Х.Ищанов та 
зерттеді [45]. Ол поэзиялық шығармаларды лирикалық өлең жанрына 
жатқызып, онда тарихи сипат басым екенін қоштайды. Автордың, әсіресе, 
мән бере зерттегені – сәлем хат, қоштасу және жоқтау үлгілері. 
Тарихи жырға орысша шыққан «Қазақ әдебиетінің тарихында» арнайы 
тараулар берілген. Бұл томда тарихи жырды кейінгі дәуірде туған эпос, ал 
тарихи өлең ХҮІІІ ғасырда ғана пайда бола бастады деген пікір бар [46]. 
Иә, тарих пен фольклордың ара-қатынасында өзіндік сипат мол. 
Мәселен, тарихи өлең көне заманнан бері халықтың өзімен бірге жасасып 
келе жатқан жанр. Халық басынан өткен оиғалардың барлығы да тарихи өлең 
туғызып отырған. Бірақ сол өлеңнің көбісі біздің дәуірімізге дейін түгел 
жетпеген. Оның үстіне тарихи өлеңнің бірте-бірте басқа жанрға – тарихи 


263 
жырға, одан батырлар жырына айналып кететінін де ескеру керек. Әйтпесе, 
сонау түркілер мен қызылбастар, қараханидтер мен моңғолдар, қалмақтар 
мен қоқандықтар дәуірінде болған оқиғалар тарихи өлең туғызбады дейсіз 
бе? Жоқ, туғызды. Бірақ оның біразы ұмытылды, біразы Алпамыс, Қамбар, 
Тарғын сияқты батырлар туралы жырлардың ішінде жүр. Олай болса, 
мәселені басқаша қою керек. Орыс тіліндегі әдебиет тарихында бұл мәселе 
дұрыс шешілмеген. Мысалы, ХІХ ғасырдағы Бекет, Жанқожа, Досан 
көтерілістері туралы шығармаларды авторлар тарихи өлең дейді де, ал ХҮІІІ 
ғасырдағы Қабанбай, Олжабай, Есім, Абылай аттарымен байланысты шыққан 
жырларды кейінгі дәуірде туған эпос деп атайды.
«В ХҮІІІ в. начинает складываться новый жанр казахского фольклора – 
историческая песня. Она качественно отличается от героического эпоса. Эпос 
выдвигает идеальные нормативы, его герой – воплощение их. Таков, 
например, Олжабай – герой одноименного эпоса» [47], – деп жазады 
зерттеушілер. Осы ретке Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Өтеген, т.б. туралы 
шығармаларды да жатқызады. Сонда Бекет, Жанқожалар туралы жырлар неге 
эпосқа жатпайды деген заңды сұрақ туады. 
Біздіңше, ХҮІІІ ғасырдағы оқиғалар мен қайраткерлер туралы 
шығармалар өзінің жанрлық даму барысында тарихи жыр деңгейінен 
біршама өтіп, батырлық эпосқа жақындаған. Ол түсінікті де, өйткені бұл 
шығармалар жазылып алынғанда болған оқиғадан бір ғасырдан астам уақыт 
өтіп кеткен еді. Және ол дәуірде фольклордың, әсіресе эпостың дәстүрі өте 
күшті болатын. 
Ал Бекет, Досан, Жанқожа туралы шығармалар тарихи жыр қалпында 
хатқа түскен, олар ол деңгейден өтіп үлгірмеген. Рас, ХҮІІІ ғасырдың да, ХХ 
ғасырдың да тарихи жырлары жанрлық құрамы жағынан біркелкі емес: онда 
көптеген жанрлар араласып, ұштасып жатыр.
Тарихи өлең жанрын арнайы зерттеген ғалым – Б.Уахатов. Ол өзінің 
1974 жылы шыққан «Қазақтың халық өлеңдері» деген монографиясының бір 
тарауын тарихи өлеңдерге арнаған. Ғалым бұл жанрдың тарихи жырдан 
айырмашылығын өте дұрыс атап көрсетіп, оның жанрлық анықтамасын 
белгілейді. «Шынында да, – деп жазады ол, – тарихи өлеңдердің шағын 
түрлерінің көлемі қысқа, эскиз секілді болып келеді де, ұзын-сонар оқиғаның 
ішінен тек сол өлеңнің идеясын ашарлық сәттерді ғана даралап көрсетеді» 
[48]. «Тарихи деректерге сай болған оқиғаны сол болған күйінде көрсетіп, 
нақтылы сурет жасайды» [49]. 
Тарихи өлеңнің жанрлық сипатын айта келіп, автор оны лирикалық 
өлеңдерден шыққан деген пікірге тоқтайды. Алайда, тарихи өлеңнің лирикаға 
жақын екені рас, онда лиризмнің болатыны да хақ, бірақ бұның бәрі тарихи 
өлеңді лирикадан шықты деуге дәлел бола алмайды. Себебі тарихи өлең 
болған оқиғадан соң араға көп уақыт салмай-ақ дүниеге келіп жатады, демек 
ол жанр ретінде лирикалық өлеңсіз-ақ туады. Бұл жерде анықтап алатын бір 
нәрсе: тарихи өлең эпикалық түрге жата ма, әлде лирикалық түрге жата ма? 
Міне, осы тұста тарихи өлең мен тарихи жырдың айырмашылығы көзге 
айқын түседі. 


264 
Тарихи жыр өзінің поэтикасы, орындалу мәнері, тіпті мазмұны жағынан 
да эпикалық түрге жатады. Ал тарихи өлеңде лирикалық сипат болғанымен, 
бірақ ол лирикалық өлең емес. 
Сонымен, тарихи жыр мен тарихи өлең жанрларын зерттеген ғылыми 
еңбектерге жасаған шолудан шығатын қорытынды мынадай. 
Қазақ фольклорының құрамында «тарихи жыр» және «тарихи өлең» 
деген екі жанр бар екені дау туғызбайды. Алайда, оларды зерттеуде мұндай 
біркелкілік жоқ. Ғылымда олардың ара жігі әлі толық ажыратылып болмаған. 
Соның салдарынан зерттеушілер тарихи жырға көп көңіл бөліп, тарихи 
өлеңдерді әлі арнайы сөз ете алмай жүр. Бұл жанрлар жеткілікті 
зерттелмегендіктен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтарда да 
лайықты дәрежеде қамтылмай жүр. Оның үстіне тарихи жырдың да, тарихи 
өлеңнің де жанрлық табиғаты әлі толық зерттелмей жүр десе де болады. Сол 
себепті кейбір фольклористеріміз тарихи жырды кейінгі дәуірде туған эпос 
деп, кейбір зерттеушілеріміз кенже эпос деп қарастырып жүр. 
Ал, шындығына келсек, қазақ фольклорында «тарихи жыр» да, «тарихи 
өлең» де өзінше өмір сүре алатын, дербес жанрлар. Бұл – қазақ халық 
әдебиетінің өзіндік дара сипаттарының бірі. 
Тарихи өлең – өмірде болған, нақты оқиғалар мен адамдарға арналған 
шағын, бірақ біршама эпикалық сарыны бар шығармалар. Тарихи өлең, 
әдетте, оқиғаның ізі онша суымай тұрғанда, фактілер ұмытылмай тұрғанда 
туады да, онда шындық іздері басым жатады. Сонымен бірге тарихи өлеңде 
көркемдік те бар, әрі лиризм де кездеседі. 
Тарихи өлеңдер қоғам өмірінің әр кезеңінде туып отырады, яғни бұл – 
елгезек (оперативтік) жанр. Сондықтан тарихи өлең – өте ескі жанрлардың 
бірі. Мәселен, бүкіл түркі халықтарының эпикалық жыр түріне айналып 
үлгерген тарихи өлеңдерінің ең көне үлгісі – Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, 
т.б. туралы Орхон-Енисей маңынан табылған шығармалар деуге де болады. 
Ал, ең кенже, өмірге жаңа келген нұсқалары деп Ұлы Отан соғысында туған 
бір нақты оқиғаға байланысты айтылған шағын өлеңдерді атауға болады. 
Демек, тарихи өлең әрбір үлкен айтулы оқиға сайын өмірге тұрақты түрде 
келіп тұратын жанр. Оқиға болып жатқан кезде, немесе дереу соның артынша 
туған тарихи өлеңдер бірте-бірте, араға біраз уақыт салып барып 
шоғырланып, белгілі бір циклге топталып, жырға айнала бастайды. Оны 
жырға айналдырушылар – сол оқиғаның ішінде болған, немесе оны жақсы 
білетін өте қабілетті ақын, жыршылар. 
«Тарихи жыр» терминінің аумағын кеңірек мағынада түсінетін болсақ, 
оған ел тарихының, халық өмірінің маңызды кезеңдеріне арналған эпикалық, 
сондай-ақ бірен-саран лиро-эпикалық шығармалар жатады. Әрине, тарихи 
жыр көркем шығарма болғандықтан тарих фактілері мен деректері онда 
көркемделіп, біршама өзгертіліп көрсетіледі. Тарихи жыр – түптеп келгенде 
батырлық жыр мен тарихи өлеңнің аралығындағы жанр. Тарихи өлең 
әңгімеленіп отырған оқиғаның ізінше пайда болады да, ел арасына тез-ақ 
тарап кетеді. Кейін сол әр өлеңде айтылған оқиғалардың негізінде көлемді 
шығармалар туады. Олар бірте-бірте циклденіп, үлкен жырға айналады және 


265 
оған көптеген тарихи шағын өлеңдер енеді. Содан барады да үлкен, эпикалық 
тарихи жыр пайда болады. Ал араға көп уақыт салып барып, аса бір үлкен 
оқиғаға байланысты ол батырлық жырға айналады. Бізге жеткен көптеген 
батырлар жырының даму жолы осындай. Әрине, бұдан батырлық жырдың 
бәрі тек осылай дамиды екен деген ой тумауы керек. Батырлық эпостың 
құрамында миф, аңыз, ертегі элементтері өте көп. Кейбір эпос тек солардан 
тұрады. 
Ал Абылай, Есім, Қабанбай, Олжабай туралы шығармалар батырлық 
эпосқа толық айналып үлгермеген, бірақ оның поэтикасын бойына сіңірген 
тарихи жырлар. Батырлық эпос үшін шындық өмірді және ғаламат оқиғалар 
мен алып батырлардың керемет ерлігін тек қана гиперболалық тәсілмен 
әсірелеп көрсету – үлкен идеялық әрі эстетикалық мұрат саналады. Эпостық 
тәсіл бойынша бұрын-соңды болған оқиғалар бір адамның бойына таңылып, 
олардың кәдуілгі қимыл-қайраты зор ерлік, асқан батырлық дәрежесіне 
көтеріле суреттеледі. Мұндай эпикалық эталондар көптеген жылдар бойы 
қалыптасады. Сол себепті эпоста көрсетілгеннің бәрі мүмкіндігінше кең 
диапазонды, монументальды сипатта суреттеліп, үлкен қорытындылар 
жасалады. 
Тарихи жырда идеялық-эстетикалық мұрат басқа жырлардан гөрі сәл 
өзгешелеу: мұнда үлкен оқиғаның жекелеген фактілеріне, бұқара қауымнан 
өзінің қайратымен, жүректілігімен, ақылымен дараланып шыққан кәдімгі 
қарапайым адамдарға мән беріледі. Бірақ олар, яғни жеке факті де, адам да 
жалпы тарихи жағдайдан бөлек алынбайды. Тіпті тарихи жырдың бүкіл 
мазмұнының өзі сол заманның оқиғаларынан туып, өрбіп жатады. 
Рас, қазақ тарихи жырларында батырлық эпостың көптеген элементтері 
бар, бірақ олар әлі таза қаһармандық эпос емес. Демек, біз қазақ 
фольклорында басқа жанрлар сияқты тарихи жыр бар деп қарауымыз керек. 
Оны кенже эпос деу де дұрыс емес. Ол – қазақ фольклорының өзіндік ерекше 
белгісінің бірі. Тарихи жырдың кенже эпос емес екендігіне тағы да бір дәлел 
ретінде мынаны айтуға болады. Батырлар жырының негізгі мазмұны – 
қалмаққа қарсы соғыс. Тарихи жырдың да мазмұны сол. Демек, қазақ пен 
қалмақ арасындағы соғысты көрсету үшін тағы да бір топ батырлық эпос 
жасаудың керегі бар ма еді? Мұны жасап үлгірерліктей уақыт та болған жоқ. 
Мәселе мұнда басқаша болу керек. Абылай, Олжабай, Қабанбай, т.б. 
туралы жырлар ХҮІІІ ғасырдың өзінде пайда болмай, бұл тұста тек шағын 
өлеңдер мен аңыз-әңгімелер ғана туған. Айталық, «Қап қағылған», 
«Қаратаудың басынан көш келеді», «Қалмақ қырылған» сияқтылар. Сол 
тәрізді Абылай туралы, оның батырлары жайында да әр түрлі аңыз, әңгіме, 
өлеңдер шыққаны даусыз. Шоқан жазып алған «ХҮІІІ ғасырдағы батырлар 
туралы тарихи аңыздар» [50] мен басқа жырлар осының айғағы. Шоқан 
бұларды ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазып алғанын және олардың өзі 
бірнеше бөлшектен тұратынын ескерсек, бұл шығармалар оқиғадан көп кейін 
пайда болғанын көреміз. Мәселен, қай жырды алсақ та, баяндалатын оқиға 
мен бейнеленетін кейіпкерлердің ертеде өткені атап көрсетіледі. Міне, 
«Қабанбай» жырының басталуы: 


266 
Жарандар, иманыңнан күдер үзбе, 
Айтамын аз мәселе енді сізге... 
Бұрынғы өтіп кеткен ер Қабанбай... [51] 
Демек, мұндай эпикалық шығарма Қабанбай дәуірінен әлдеқайда кейін 
туған. 
Қалмақ шапқыншылығы кезінде халықты ерлікке шақыру идеяларын 
жыршылар ежелгі эпосты айту арқылы дамытқан. Алпамыс, Қобыланды 
сияқты батырлардың жаулары етіп қалмақтарды көрсеткен. Өйткені сол 
кездегі анық болған тарихи оқиғаларды, яғни қазақ пен қалмақ арасындағы 
қақтығыстарды ел ақындары әлі де көлемді жырға түсіріп үлгірмеген. Тек 
шағын өлеңдер мен әңгімелерді айтумен шектелген. Кейін ХҮІІІ ғасырдың 
аяғы мен ХІХ ғасырдың бас кезінде солардың басын қосып, мәнерлеп, 
әсірелеп, көркемдеп үлкен тарихи жырға айналдырған. Ол үшін жыршылар, 
сөз жоқ, бұрыннан белгілі батырлық эпостың көркем поэтикасын 
пайдаланған, соған сүйенген. Соның нәтижесінде тарихи жырлар соңғы бір-
екі ғасырдың ақиқат шындығын бейнелейтін өзіндік тың құбылыс ретінде 
дүниеге келіп, халық әдебиетінің өз алдына дербес тума жанры болып 
қалыптасқан. 
Бүгінгі таңда қазақ фольклортану ғылымы тарихи жыр – ұлттық 
фольклорымыздың айшықты да өзіндік жанры екенін дәлелдеп, оны 
теориялық тұрғыдан тереңдей зерттеген еңбектермен байи түскенін айту 
керек. Бұл істе, әсіресе, 1979 жылы жарық көрген «Қазақ тарихи 
жырларының мәселелері» деген ұжымдық еңбектің маңызы үлкен болды 
[52]. Атауынан көрініп тұрғандай-ақ, бұл кітап түгелдей тарихи жырға 
арналған, ал мұның өзі ол шақта онша құптала бермейтін тақырып болатын. 
Монография үлкен екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде ХҮІІІ ғасырдағы 
тарихи жырлар қаралады. Бұл қатарға Абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Шақшақ 
Жәнібек, Олжабай, Өтеген, Арқалық секілді батырлар туралы шығармалар 
енген. Ал, екінші бөлім ХІХ-ХХ ғасырлар жырларына арналған. Мұнда 
Исатай-Махамбет, Досан, Бекет, Жанқожа, Сұраншы жөніндегі жырлар 
талданады.
Кітаптың ұтымды жағы деп тарихи жыр жанрының сипаты мен 
зерттелуін, тегі мен дамуын жеке қарастырған мақалалардың болуы және 
халық музыкасындағы тарихи оқиғалардың бейнелену жағдайын баяндауы. 
Алайда, сонымен бірге еңбекте ХҮІІІ ғасырдан бұрынғы замандарда пайда 
болған шығармалар сөз болмайды. Мұның себебі – арғы дәуірлердегі 
жырларды зерттеуге рұхсат болмауы және ол материалдардың жабық жатуы 
еді. Соған қарамастан, осы еңбектен кейін зерттеушілердің тарихи жырға 
деген ынтасы өсіп, жекелеген мақалалар жариялана бастады.
Тарихи жырды кең көлемде жинау мен жариялау әрі зерттеу жұмысы 
еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін едәуір қарқын алды. Тарихи жырдың 
мәтіндері жеке-жеке том болып жарыққа шықты, ол томдарға арнайы кіріспе 
жазылып, түсініктер берілді [53]. Тарихи жыр жайында диссертациялар 


267 
қорғалып, монографиялық зерттеулер жазылды [54]. Бұл еңбектердің қай-
қайсысында да болсын тарихи жыр арнайы сөз болып, оның өзіндік және 
басқа жанрлармен ортақ белгілері, жекелеген шығармалардағы тарихилық 
пен фольклорлық элементтерінің ара-қатынасы анықтала түскен, сондай-ақ 
жарияланып отырған жырға сипаттама талдау берілген. Осы ретте 
Р.Бердібайдың «Абылай хан» жинағына жазған «Абылайдың асуы», 
Ш.Уәлиханның «Тарихи жырлардың» 1-томына жазған «Абылай хан туралы 
өлең-жырлар және тарих», Ш.Ыбырайдың «Тарихи жырлардың» 3-томына 
жазған «Азаттық жыры» атты мақалаларын атау лазым. Ал, Б.Абылқасым
«Қабанбай батыр» жинағына берген «Қабанбай батыр» жыры туралы» және 
«Қаракерей Қабанбай» деген екі мақаласында аталмыш жырдың варианттары 
жайлы қысқаша мәлімет береді және батырдың бейіті қай жерде деген 
мәселені сөз етеді. 
Міне, байқасақ, 1990-2005 жылдар аралығында жарық көрген тарихи 
жырлардың дені ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы оқиғалар, дәлірек айтқанда Абылай 
мен Қабанбай, Олжабай, Кенесары мен Наурызбай, Ағыбай туралы екен. Ал, 
ХҮІІІ ғасырдан ертеректе өмір сүрген тарихи тұлғалар мен олардың іс-
қимылдары, жаумен ұрысы, ерлігі жайындағы жырлар әлі күнге дейін 
ойдағыдай болып жарияланбай келеді.
Осы олқылықты толтыратын үлкен іс – «Бабалар сөзі» сериясы бойынша 
ХҮ-ХҮІ-ХҮІІ ғасырлар кезіндегі айтулы оқиғалар мен қайраткерлер 
жөніндегі жырларды бастыру болып отыр. Әлбетте, бергі дәуірдегі, яғни 
ХҮІІІ бен ХІХ, тіпті ХХ ғасыр тұсындағы да тарихи жырдың үлгілері 
қамтылады. Бұл басылым ғылыми болғандықтан жариялануға тек жыр 
мәтіндері ғана іріктеліп алынды, ал тарихи өлең мен аңыз, әпсаналар өз 
жанрына арналған томдарда топталады. 
Айталық ХІҮ-ХҮІІ жүзжылдықтарда ғұмыр кешкен, елі мен жері үшін 
жанын аямай күрескен, орасан ерлік көрсеткен батырлар мен көрнекті 
тұлғалар туралы әлі зерттелмей келеді. Мәселен, ХІҮ-ғасырда өмір сүрді деп 
есептелетін Орақты батыр, ХҮ-ғасырдағы әз Жәнібек хан, атақты Есім хан 
(ХҮІ ғ.), Олжаш батыр (ХҮІ ғ.), Сәтбек батыр (ХҮІ ғ.) жөніндегі жырлар. 
Әрине, бұл адамдар жайындағы жырлар дәл сол шақта тумаған, олар 
бейнеленіп отырған басты кейіпкерлер өмірден өткеннен кейін көп уақыт 
кеш туған. Сол себепті оларда баяндалатын оқиғалар да дәл сол қалпындай 
болып көрсетілмейді, сюжеттің алғашқы нұсқасы өзгеріске ұшыраған, түпкі 
оқиғаға әртүрлі қоспалар қосылған және ауызша орындалу барысында 
айтушылар мен тыңдаушылар да қалауы бойынша шығармаға, кейіпкердің 
іс-әрекетіне, мінез-құлқына өзгерістер, қосымшалар жамаған, сөйтіп тарихи 
жырда неше түрлі қиял-ғажайыптық, тіпті мифтік сарындар пайда болған. 
Мұның бәрі тарихи жырды – таза фольклорлық көркем шығармаға 
айналдырады, демек, бір заманда болған оқиға көркем шындыққа айналады, 
соның нәтижесінде шығармада алғашқы оқиғаның сұлбасы ғана сақталады. 
Болған оқиғадан неғұрлым көп уақыт өткен сайын шығармада соғұрлым ол 
солғын тартып, көмескілене береді, сюжет кеңейіп, әр дәуірдегі алуан түрлі 
ұғым-түсініктермен, наным-сенімдермен байланысты мотивтермен толығады 


268 
да үлкен эпостық дүние болып шығады. Бұл заңдылықты «Орақты батыр» 
жырынан көруге болады. Ол бірнеше хикаядан тұрады. Елге жайлы қоныс 
іздеп, жортқан жалайыр жұрты бірде адам жейтін жалмауызға кезігеді, енді 
бірде айдаһарға ұшырасады, тағы бірде Ақкөбік, Қаракөбік деген күніне бір 
қыз бен бір қой жейтін екі жалмауызға тап болады. Үш ретте де он жеті 
жасар Орақты батыр әлгі айдаһар мен жалмауыздарды жайратып салады. 
Батырдың осындай неше алуан мақлұқтар мен жауыздармен шайқасатыны 
туралы сюжеттер өте ерте заманда туған деп есептеледі және жанрлық 
сипаты бойынша олар хикая болады. Ал, осы «Орақты батыр» жырында 
тарихи факті, немесе оқиға бар ма? – деген мәселеге келер болсақ, ол 
байқалмайды. Рас, Балпық пен Ескелді билер бар жырда. Олар – ХҮІІІ 
ғасырда өмір сүрген қайраткерлер, жалайыр жұртының атақты билері. Сонда 
қалай, Орақты батыр ХІҮ ғасырда өмір сүрген болса, ХҮІІІ ғасырдағы 
Балпық пен Ескелді билер бір жырда қатар жүргені несі? – деген сауал туады. 
Мұндай тарихи анахронизм фольклорда, әсіресе, батырлық эпоста бола 
береді. Оны фольклортану ғылымында «тарихи тұтастану» заңы деп атайды. 
Бұған тән нәрсе: бір шығармада әртүрлі заманда болған оқиғалар, әр басқа 
дәуірде өмір сүрген тұлғалар аралас жүреді. Мұндай тарихи тұтастану 
фольклор поэтикасы бойынша көбінесе бас қаһарманды дәріптеу мен 
шығармаға шындық сипат беру үшін қолданылады.
Жоғарыда айтылғандай, тарихи жыр саф таза күйінде болмайды. Ол 
фольклордың басқа жанрларымен бірге, аралас, бір жүйеде ғұмыр кешкен 
себепті сол жанрлардың кейбір қасиеттерін бойына сіңіреді, сондықтан кейде 
ертегі, кейде хикая, кейде батырлық жыр сияқты болып көрінеді. Бірақ оны 
бұлардан айырып тұратын басты ерекшелігі – онда баяндалатын оқиға, 
немесе бейнеленетін кейіпкер өмірде болған, тарихи шындық болатыны. Ал, 
тарихи жырдың басқа жанрмен жақындасып кеткен түрін осы томдағы 
Жәнібек пен Есім хан хақындағы жырлар арқылы кездестіреміз. Мәселен, 
«Батыр Жәнібектің өлеңі» деп аталатын жырдың басталуы кәдімгі 
классикалық эпостың прологі: перзентсіз ата-ана қартайған шақта әулиеден 
әулие қоймай жер шарлап жүріп, ақыры Баба түкті шашты Әзіздің көмегімен 
болашақ батыр Жәнібекті көреді. Осындай бас қаһарманның ерекше болып 
тууы, дәлірек айтқанда ғайыптан (ғажап) тууы «Еңсегей бойлы ер Есім» 
жырында да баяндалады. Бұл жырда осы мотив екі рет қайталанады. Әуелі – 
Шыңғыс ханның күн нұрынан жаралғаны туралы белгілі сюжет айтылады да, 
екінші ретте Шыңғыс ханның ұрпағы Түркістанның ханы Тәуекелдің 
(Тәукенің) қырыққа келгенше баласыз болғаны, оның Қашқардағы 
Аппаққожа дегеннің қолдауымен перзент көргені, ұлының атын «Есім» 
қойғаны баяндалады. Жалпы, бұл жырда тарихилық сипат басымырақ: 
Шыңғыс хан, Тәуке хан, Есім ханның бейнеленуі, Тәшкентті билеген Тұрсын 
ханның жауыздығы, сондай-ақ Дешті Қыпшақ, Түркістан, Қашқар сияқты 
жер атауларының болуы – тарихи шындықтың көріністері.
Осындай жәйттер «Олжаш батыр» жырында да ұшырасады. Жырдың 
желісі Есім хан мен Тұрсын ханның арасындағы қайшылықты қатынастарға 
құрылған. Қатаған ханы Тұрсын – қалмақ болып көрсетіледі. Оның іс-әрекеті 


269 
Есім ханға, қазақ еліне қарсы жауыздық ретінде суреттеліп, Тұрсынның 
жеңіліске ұшырап, оның қыздары олжаға түскені жырда біршама кең 
баяндалады. Бұл жағдай – қазақ шежірелерінде де айтылады. Мысалға 
Шәкәрім жазған шежірені, М.Тынышбаевтың жазбаларын айтуға болады.
«Сәтбек батыр» жыры жоғарыда сөз болған шығармаларға қарағанда 
көнелік сипаттан таза. Мұнда ертегі мен эпостың сарындары кездеспейді, 
соған қарағанда аталмыш жыр не бертінгі заманда туған, не жеткілікті 
дәрежеде фольклорлық айналымға толық түспей, тұтастанудың сюжеттік 
түрін ғана бастан кешірген болу керек деп топшылауға болады. Бұлай болған 
жағдайда жыр Ермактың қазақ жеріне кіріп, елге жасаған озбырлықтарының 
ізі суымай тұрғанда дүниеге келген бе деп те болжауға болатын тәрізді. 
Қалай болғанда да, «Сәтбек батыр» - таза тарихи жырдың үлгісі. Оның 
тарихи негізі дәл жырдағыдай болмаса да, Ермактың қазақ жерінде Ертіс 
өзеніне батып өлгені шындық. 1585 жылғы тамыз айының 5-күні «Ермактың 
қарақшылары кішкене аралға түнейді. Жаңбырлы түнде Сәтбек батыр 
бастаған Көшім сарбаздары күзетшілердің көзін жойып, қалжырап ұйқыға 
кеткен қарақшылар лагеріне шабуыл жасайды. Оянған Ермак қорғана 
алмасын біліп, бас сауғалап, өзен ағысына қойып кетеді де, суға батып өледі» 
[55], - деп жазады профессор Мұрат Әбдіров өзінің «Хан Кучум: 
неизвестный и известный» (А., 1996) атты кітабында. Осы жағдай жырда 
фольклордың дәстүрі бойынша көркем баяндалған, сюжет драмалық сипатты 
қақтығысқа құрылған, өмірдегі Ермактың өлуіне себепкер болған Сәтбек 
батыр мен оның сарбаздары болғаны – жырдың сюжетіне негіз болған, 
сондықтан негізгі оқиға жалғыз Сәтбекке байланыстырылған. Бұлай 
болуының тағы бір себебі – жыр көркем шығарма болғандықтан Сәтбектің 
бейнесін қаһармандық мәнде көрсету қажет болғандығы.
Ашып айту керек, варианттар бірін-бірі дәлме-дәл қайталамайды. Тіпті 
сюжет біреу болған күннің өзінде де олар өзара ерекшеленіп тұрады. Бұл – 
фольклор дәстүріне тән қасиет. Бұған бір жырдың өзін бір жыршыдан екі-үш 
мәрте қайта жазып алу арқылы көз жеткізуге болады. Американың, Ресейдің 
ғалымдары мұндай тәжірибені жасап, жыршы бір жырдың өзін сюжетін 
сақтай отырып екі түрлі етіп айтатынын дәлелдеген. Өкінішке қарай, бізде 
ондай тәжірибе жасалмаған. Тек, абырой болғанда, Жамбылдан «Өтеген 
батыр» жыры екі рет жазылып алынған екен. Екі нұсқаны салыстырып 
көрген кісі бір сюжетке құрылған екі жырды оқыр еді. Сондықтан бір 
шығарманың бірнеше вариантын бірге жариялау – фольклортану үшін де, 
сондай-ақ, әсіресе өнер қайраткерлері мен ақын-жазушылар үшін де өте 
пайдалы, әрі қажетті іс. Варианттың болуының өзі – фольклордың басты 
белгілерінің бірі және вариантты зерттеу арқылы фольклордағы, дәлірек 
айтқанда жыршылық өнердегі импровизацияның сипатын ашуға мүмкіндік 
туады. Ал, оқырман қауым бір жырдың басқа вариантын оқу арқылы, 
ұлтымыздың фольклоры қаншалықты бай екенін байқайды және халық 
поэзиясының қандай әдемі, халық қиялының қаншалықты ұшқыр екенін 
көріп, рухани ләззат алары күмәнсіз.


270 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет