43
көшкен шығармалар, б) балалардың өз ортасында айтылатын фольклор.
Демек, бұл шарттың ұстанымы – генетикалық негіз. Ал, екінші шарт балалар
фольклорының атқаратын функциясын негізге алады. Ол бойынша мынадай
топтарды бөлуге болады: а) балалар ойынына байланысты, ойын үстінде
орындалатын шығармалар; ә) ойыннан тыс, басқа мақсатта орындалатын
шығармалар.
Қазақтың балалар фольклорын үлкен екі сала бойынша қарастыруға
болады: а) балаларға арналған шығармалар, ә) балалардың өздері
шығарған шығармалар.
Балаларға арналған шығармалар.
Бұл шығармалар көбінесе тұрмыстық-
тәрбиелік мақсат көздейді. Олардың бір бөлігі жас баланы әлпештеу,
желеп-жебеу, уатып-алдарқату үшін орындалады (бесік жыры, сәбилік ғұрып
жырлары – шілдеханада, тұсау кесерде, т.б. әдет-салтқа қатысты
орындалатындар). Енді бір тобы – жас баланың өсіп-жетілуіне байланысты
ырым-ғұрыптық іс-әрекеттер кезінде айтылады (мәпелеу жырлары, алдарқату
өлендері, т.б.). Үшінші топтағысы – жеткіншектерге арналған әр түрлі өлең,
жыр, ертегі (тақпақ, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, ертегі, т.т.). Жалпы,
балаларға арналған фольклордың көркемдігі айтарлықтай жоғары болмайды.
Олар, негізінен, балалардың жасы мен психологиялық ерекшеліктеріне
байланысты келеді. Тек жеткіншектер үшін айтылатын шығармаларда
тәрбиелікпен қатар эстетикалық та мақсат қойылады. Мұнда поэзиялық та,
прозалық та фольклор бар, тіпті драмалық түр де кездеседі. Олардың өзіндік
поэтикасы, композициясы, образдар жүйесі болады.
Достарыңызбен бөлісу: