50
мол пайдалануға тиіс. Ал, мұндай істі жузеге асыру үшін телеарна
қызметкерлері мен фольклористер күш біріктіруі қажет.
ҚАЗАҚ ФОЛЬКЛОРЫ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ.
Қазақ фольклорын
арнайы түрде жинап, жариялау мен зерттеу ісі XVIII ғасырдың екінші
жартысынан басталады. (Орта ғасырлардағы авторлардың – М.Қашқари,
Ж.Баласағұнилердің – еңбектерінде фольклорлық мәтіндер кездеседі.
Алайда, олар мақсатты түрде ғылыми талдауға түскен жоқ еді). Қазақ
фольклорын жинау, әсіресе Ресейдің Қазақстанды толық өзіне қарату үшін
өте актуальді болды, сондықтан Ресейден шыққан арнаулы экспедициялар,
әртүрлі іс-сапармен сахараға келген шенеуніктер, миссионерлер, офицерлер,
оқымыстылар қазақ әдет-ғұрпы, тарихы, этнографиясы, мәдениеті, ән-күйі
туралы мәліметтер жинауды басты мақсат етіп қойған-ды. Осы саладағы
жұмыстың бірі – халық поэзиясының үлгілерін де жинау, жариялау болды.
Бұл шаруа екі жарым ғасыр бойы үзілген жоқ, яғни XVIII ғасырдан бастап
XX ғасырдың 90 жылдарына шейін әр түрлі формада жүріп жатты. Алайда,
өмірде қай нәрсенің болса да күнгейі мен көлеңкесі болатыны сияқты,
отаршылдық мақсатта жүргізілген осы іс, екінші жағынан, қазақ фольклоры
туралы ғылымды дүниеге әкеліп, қалыптастырғаны да хақ. Екі ғасырдан
астам тарихы бар фольклортану ғылымы бірнеше кезеңді қамтиды. Шартты
түрде былай дәуірлеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: