Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет16/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

Сатиралық ертегілер
– фольклордың толық өнер болған түрі. Мұнда 
ертедегі нанымдар мен түсініктер күлкіге айналады, олар жоққа 
шығарылады. Ежелгі ұғымға негізделген сюжеттер мен 
мотивтер 
қайта 
қаралып, жаңа дәуір тұрғысынан бағаланады. Сөйтіп, бұрынғы қасиетті 
делінетін сенімдер, пайымдар, оларға сүйенген образдар мүлде кереғар 
мағынаға ие болады, олар тіпті 
күлкі 
етіледі. Мысалы, хикаядағы шайтан мен 
Алдар көсе ақымақ ететін шайтан – екі бөлек, бір-біріне ұқсамайтын 
образдар. Хикаяда шайтан адамға зиянды, қауіпті де, қолынан келмейтіні жоқ 
зұлым болса, сатиралық ертегіде шайтан ақылы шолақ, қауқарсыз, бейшара 
кейіпкер. Сонымен бірге ертегінің бұл түрінде өмірдің келеңсіз жақтары, 
адамның жағымсыз мінез-құлқымен, ісі ащы мысқылға, мазаққа ұшырайды, 
ашық сыналады. Мұнда жұмсақтық жоқ, тұспалдап айту, ишарамен білдіру 
өте аз. Бұл тәсілдер, негізінен, анекдотта кездеседі, бірақ қазақ фольклорында 
аталмыш жанр айтарлықтай дамымаған, өйткені ол – қала тұрғындарының 
фольклоры. Анекдот тек XX ғасырда ғана етек ала бастады. 
Әпсаналар мен хикаяттар.
Халық прозасының ертегіден тыс бұл 
жанрлары үш түрге бөлінеді: тарихи-мекендік әпсаналар, әлеуметтік-
утопиялық әпсаналар және діни-кітаби хикаяттар, Әпсана (парсыша-офсона) 
– шындық пен қиялдың элементтерін пайдалана отырып, белгілі бір тарихи 
оқиға, немесе атақты тұлға, я болмаса топоним жайында баяндайтын 


33 
әңгімелер. Мұнда кереметтілік айтарлықтай орын алады, сол себепті 
кейіпкерлер де ерекше жан болып көрсетіледі. Әпсана, әдетте, аңыз негізінде 
пайда болады, бірақ кейде өз бетінше де туындайды. Мәселен, өте ерте 
заманда туған аңыздар бірте-бірте әпсанаға айналады (Қорқыт туралы 
әпсаналар, т.б.). Тарихи-мекендік әпсаналар кей жағдайда ежелгі мифтен де 
тарайды. Бұлармен салыстырғанда әлеуметтік-утопиялық әпсаналар 
болмысты, өмірдің көкейкесті мәселелерін молырақ әрі айқынырақ қамтиды. 
Бұларда халықтың бақыт туралы, жақсы өмір жайлы арман-аңсары анық 
көрінеді де, кейіпкерлер дәріптеле суреттеледі. Елдің әлеуметтік қиялы, 
бақытты ғұмыр жөніндегі түсінігі қоғамның бір тарихи кезеңдерінде 
жаңғырып отырады, сөйтіп утопия қайта өріс алады. Ертеде, есте жоқ кезде 
"қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған" заман болған деген идея
Алтын Орда 
мен Ноғай Ордасы ыдырап, ел күйзелген тұста "Жерұйықты іздеген Асан 
қайғы" туралы, содан соң XVIII ғасырда Өтегеннің Жиделі Байсынды 
іздегені жайында әпсаналар туғызған. Бұл әпсаналарда бас кейіпкер барынша 
дәріптеліп, құтты қоныс алыста, табылмайтын жұмақ болып бейнеленеді. 
Жұмақ – ең бақытты мекен болып көрсетілетін шығармалар – діни-кітаби 
хикаяттар. Мұнда исламның ұстанымдары уағыздалады, пайғамбарлар мен 
әулиелер 
жөнінде 
әңгімеленеді. 
Құранның, 
Інжілдің 
сюжеттері 
пайдаланылады. Әрине, хикаяттарда да ескі және жаңа, исламдық мифология 
қатар жүреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет