Қазақ фольклортану ғылымы – қазақ фольклорының жиналу, жариялану тарихы мен табиғатын, даму жолдарын зерттейтін ғылым.
V–VIII ғасырларда тасқа жазылған көне түркі жазуларында алуан түрлі шешендік сөздер, тарихи оқиғалар мен эпикалық сюжеттер сілемдері, жоқтаулар, қанатты сөз үлгілері кездеседі.
«Кодекс куманикус» (XIV ғасыр), т.б. ортағасырлық жазба ескерткіштерде қазақ фольклорының үлгілері жинақталған.[1]
Дегенмен, қазақ фольклорының мақсатты түрде жиналып, хатқа түсе бастауы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдан басталады. П.И.Рычков, П.С.Паллас, И.Г.Георги, И.Ф.Фальк, И.Г.Андреев XVIII ғасырда қазақ фольклорына қатысты біршама құнды мағлұматтар жинап, жариялады.
Бұл еңбектерде, негізінен, этнографиялық деректерге назар аударылып, таныстырушылық сипат басым болса, XIX ғасырдың басында ғалым-саяхатшылар, әскери адамдар мен елшілер фольклорлық шығармалардың бірлі-жарым мәтіндерін жариялап, мазмұндарын баяндады. XIX ғасырдың 2-жартысында қазақ фольклорының ерекшеліктері жөнінде алғашқы ғылыми пайымдаулар айтыла бастады.
Қазақ фальклортану ғылымының қалыптасуына қазақ ағартушылары мен оқығандары:
Ш.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,
С.Бабажанов,
Т.Сейдалин,
С.Жантөрин,
Б.Дауылбаев, сондай-ақ ресейлік зерттеушілер
В.В.Радлов,
Г.Н.Потанин,
А.А.Алекторов,
В.В.Григорьев,
А.В.Васильев,
И.Н.Березин,
Н.И.Ильминский,
П.М.Мелиоранский,
А.П.Харузин үлкен үлес қосты.
Шын мәніндегі қазақ фальклортану ғылымының іргетасы да осы кезеңде қаланды. Бұл процесс XX ғасырдың бас кезінде одан әрі дамыды. Осы кезеңде белгілі фольклортанушылар Ә.А.Диваев, М.Көпеев еңбектері жарияланды. Сондай-ақ қазақ фольклорының үлгілері ресейлік басылымдармен қатар қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде де үздіксіз жариялана бастады. XX ғасырдың басында халық мұрасын жинау, жариялау ғылыми-зерттеу жұмыстарымен сабақтаса жүргізілді. Оған Ташкенттегі Киркомиссия мүшелері Халел Досмұхамедұлы, Қалжан Қоңыратбайұлы, Күмішәлі Бөриев, Ілияс Жансүгіров, т.б. белсене қатысып, Сырдария, Жетісу фольклорлық экспедицияларын ұйымдастырған.
Шәкерім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Қ.Өскенбайұлы, X.Досмұхамедов, т.б. зиялылар шоғыры қазақ фальклортану ғылымын кәсіби деңгейге көтерді.
Байтұрсынов («Әдебиет танытқыш», 1926),
Әуезов («Әдебиет тарихы», 1927),
Досмұхамедов («Қазақ халық әдебиеті», орыс тілінде, 1928) – қазақ фольклорын алғаш рет ғылыми тұрғыдан саралады. Кеңестік қазақ фальклортану ғылымының даму өрісін шартты түрде 20–30-жылдары, 30–50-жылдары, 50–90-жылдары деп бірнеше белестерге бөліп қарастыруға болады. Ұлт зиялылары 20-жылдардың соңына дейін халық мұрасын жинап, жариялау, зерттеу ісін біршама дамытты. Алайда кеңестік идеология 20-жылдардың соңы мен 30-жылдары қазақ фальклортану ғылымына үлкен зардабын тигізді.
«Алашшыл» ғалым-қайраткерлер қуғын-сүргінге ұшырады. Әйтсе де С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин тәрізді зиялылар зерттеулерін одан әрі жалғастырды. Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1931) атты зерттеу еңбегі жарияланды. Диваев сияқты фольклортанушылар соны ғылыми ізденістер жасады. Бірақ 30-жылдардың соңына қарай бұл буын да саяси зұлмат құрбаны болды. «Жеке басқа табыну» мансұқталғаннан кейін Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов қазақ фальклортану ғылымының жандануына барынша күш салды.
40-жылдардың ортасына қарай Ә.Қоңыратбаев, Е.Ысмайылов, Б.Кенжебаев, Қ.Жұмалиев, кейіндеу М.Ғабдуллин, т.б. әдебиеттанушы-фольклортанушы ғалымдардың жаңа шоғыры қалыптасты. Бұл кезеңде халық мұрасын жинау қайта жанданды, елдің түкпір-түкпіріне ғылыми экспедициялар ұйымдастырылды. Ә.Қоңыратбаев бастаған фольклорлық экспедиция Орта Азиядағы Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстанның барлық аймақтарын аралап, академия қорына мыңдаған қолжазбалар өткізді. 1946-1948 жылдары "Қазақ әдебиетінің тарихы" атты екі томдық академиялық зерттеу жоспарлап, бірінші томын қазақ фольклорына, екінші томын көне түркі әдебиетіне ("Құтты білік", "Диуани лұғат ит-түрік", "Диуани хикмет", "Бақырған", т.б.) арнады. 1947 жылы 21 қаңтарда Қазақстан ВКП(б) Орталық комитеті "Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының жұмысындағы саяси-өрескел қателіктер" ("Социалды Қазақстан", 1 ақпан 1947 ж.) атты қаулы қабылдаған соң, аталған қостомдықтың бірінші томы жарық көріп, екінші томы тоқтатылды. Артынша қаулыда аттары аталған ғалымдар - Ә.Қоңыратбаев, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазин, Ә.Мәметовалар қызметтен шығарылып, жер аударылды.
Баспа ісі жетіліп, халық әдебиетінің үлгілері жүйелі түрде жариялана бастады. Бұл дәуірде, әсіресе халық ақындары шығармашылығына ерекше назар аударылды. Республикада халық ақындарының дәстүрлі айтыстары жанданды, жер-жерде халық театрлары жұмыс істеп, халық өнерпаздарына қолдау көрсетілді. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зертттеу институттарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары да қалыпты ырғаққа түсіп, халық мұрасын жинауға студенттер мен аспиранттар да араласты, қазақ фольклоры жанрлық сала-салаға жіктеліп, диссертациялық тұрғыдан зерттеле бастады. Екі кітабы фольклор тарихына арналған «Қазақ әдебиеті тарихының» (1960–1964) алты томдық зерттеуі жазылды. Қазақ фальклортану ғылымы теориялық әдістемелік жағынан айтарлықтай өсіп, Р.Бердібаев, О.Нұрмағамбетова, С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов, А.Сейдімбек, Ш.Ибраев, Б.Әбілқасымов, т.б. ғалымдардың фольклордың әр саласын тереңдей зерделеген жаңа еңбектерімен толықты. Қазақ фольклоры қолжазбаларының 6 томдық ғылыми сипаттамасы мен көп томдық жинақтары жарияланды. Осы кезеңде фольклордың қандай саясат болса да өзінің табиғи болмысын өзгертпейтін құндылық, халық шығармашылығының қайнары екендігі дәлелденді.
Тәуелсіздік жылдары қазақ фольклортану ғылымына жаңа серпін әкелді. Қазақ фольклорының түрлі жанрларын зерттеуге Бақытжан Уәлиқызы Әзібаева , Едіге Тұрсынов, Тынысбек Қоңыратбаев, Шәмшадин Керімов, т.б. атсалысты. Бұрын жарияланбай келген шығармалар, әсіресе, тарихи жырлар, діни дастандар ғылыми айналымға түсті. Шет елдегі қазақтар фольклорымен, ғалымдарының еңбектерімен етене танысуға мүмкіндік туды. ҚР Ұлттық ғылым академиясыныңӘдебиет және өнер институты қазақ фольклорының 100 томдық басылымын шығаруды қолға алды.
Салыстырмалы тарихи әдебиеттану — әдебиеттанудың сөз өнерітарихын, әдеби байланысты, әдеби процесс пен оның заңдылықтарын, көркем әдебиет мәселелерін зерттейтін саласы. Әрбір халықтың сөз өнерінің пайда болуы мен қалыптасуын, даму жолдарын, сондай-ақ өзге халықтар әдебиетімен байланысын, көркем туындының әлем әдебиетіндегі орнын, әдебиет әлеміндегі алмасуларды, аударманы, т.б. мәселелерді өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып, кең ауқымда зерттейді;
Жазба әдеби еңбектердің дүниеге келуімен бірге, олардың мәтінін қағаз бетіне дұрыс көшіріп жазу, қатесіз түсіндіру, көшірмелерін жасау, көбейту, қарапайым салыстыру негізінде текстология ғылымы пайда болғаны белгілі. Текстология – авторлардың қолжазбаларын, көзі тірісінде және қайтыс болғаннан кейін басып шығарылған әдеби шығармалары, күнделіктері, қойын дәптерлері, хаттары, ауыздан-ауызға таралып, кейіннен хатқа түскен қолжазбаларын зерттейді.
Текстологияның басты міндеті мәтінді тарихилық тұрғысынан қарастырып, ғылымға белгілі барлық нұсқаларымен салыстыра отырып, авторлық мәтіннің нағыз, дәл нұсқасын айқындап, ешбір қоспасыз, қатесіз баспаға әзірленетін мәтінді қалыптастыру болып табылады. Текстологиялық жұмыстарды көне дәуір текстологиясы, ортағасырлық текстология, халық ауыз әдебиеті текстологиясы, шығыс әдебиеті текстологиясы және жаңа заман әдебиеті текстологиясы деп қарастыруға болады. Зерттеу нысаны көркем шығарма болғандықтан, көп жылдарға дейін текстология ғылымын әдебиеттану саласы зерттеп келді.
«Текстология» терминін дұрыс бағытта қолданылып, термин ретінде қалыптасуына Б.В. Томашевскийдің еңбегі зор болды. Бұған дейінгі батыс және орыс ғалымдары «мәтін сыны» деген атауды қолданған болатын.
А.С. Рейсер, Б.В. Томашевский, Д.С. Лихачев, В.В. Виноградов, Г.О. Винокур, П.Н. Берков, Е.М. Прохоров, В.С. Нечала, Н.Л. Горина т.б. орыс ғалымдары текстология саласында үлкен еңбек етіп, теориялық зерттеу жұмыстарын жасады. Олар Х-XYIІІ ғасырлардағы көне орыс жазба мұраларын, классик ақын-жазушылардың шығармаларын зерттеу нәтижесінде көптеген теориялық еңбектер жариялады. Ал, Л.Д. Окульская, И.Г. Ларина, М.В. Безродный, В.А. Западов сияқты ізденуші ғалымдар кандидаттық, докторлық диссертациялық жұмыстарын жазды.
Қазақ филологиясында алғашқы текстологиялық жұмыстар Абай шығармаларынан бастап жасалды деуге болады. 1965 жылы Қазақ әдебиеті газетінде жарияланған Р. Сыздықованың мақаласында: «Ұлы ақын Абай шығармаларының ең соңғы 1957 жылғы басылуы шын мәнінде едәуір толық ғылыми текстологиялық жұмыстың жүргізілгенін және ол жұмыстың дұрыс бағыт алғанын көрсететін үлгі деп айта аламыз», – деді (Sizdikova, 1964).
2006 жылы шыққан «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында» текстология жақшаның ішінде «мәтінтану» деп беріліп, әдебиеттанудың шығарма мәтінін қолжазбамен, түпнұсқамен салыстыра тексеретін саласы деп санайды (Kazakstan Respublikasynyn ulttyk entsiklopediyasy, 2006). 2009 жылы А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан шыққан
«Қазақ әдеби тілінің сөздігінде» текстоло гия деген термин сөз мүлдем кездеспейді. Бұл терминге байланысты ұғым «мәтінтанудан» ғана табылады. Сөздікте «мәтінтану филология ғылымының әдеби мұралар мен тарихи құжаттардың мәтіндерін анықтайтын, оларға түсініктеме беріп зерттейтін саласы. Мәтінтану қарастырылып отырған мәтіннің қай дәуірге немесе авторға тиесілі екендігін анықтайды» – деген анықтама береді (Kazakh adebi tilinin sozdigi, 2009).
Осы анықтамалардан кейін қазақ тіл білімінде текстология терминінің мүлдем жойылып бара жатқандығын аңғарылады.
Бірақ, «текстология» терминінің орнын басып отырған «мәтінтану» термині орыс тіліндегі «текстоведение» сөзінің мағынасынан қаншалықты ауқымы кең. Біздіңше, «мәтінтану» термині «текстоведение» сөзінің мағынасымен мәндес, «текстология» терминінің мәнін то лық ашып бере алмайды. Орыс тіл білімінде «мәтінтану – кешенді интеграциялық білім саласы. Ол мәтін туралы түрлі ғылым салаларын жүйелейді, зерттеудегі жан-жақты тәсілдерді жинақтап, мәтіндегі бірліктерді айқындап, олардың байланысу түрлерін, мәтінге сай нормаларын қарастырады. Коммуникативті аспектіде мәтінтану мәтін қалай құралады және қалай пайдаланылатындығын зерттейтін білім саласы» деп түсіндіреді (http://lingvistics_dictionary. academic.ru).
Психологизм-көркемдік әлемнің жұлын-жүйесі" [6; 12б] болғандықтан психологияның әдебиет саласындағы тұрақты "елшісі" ғана, себебі әдебиет психологияның өзінен бұрын енші алып ертө дамыған. Даму барысында психологизм элементгері ертедегі әдебиеттерде де орын тепкен. Нақтылы психологизмнің көркемдік тәсіл ретінде әдебиетке келуі XVIII ғасырдан басталады. Сол кездегі сентименталист жазушылардың алғы мақсаты-адамның жан қозғалысын, нәзік әрі терең сезімталдықты суреттеу.
XIX ғасырдың басына қарай адамның жандүниесіне үңілу тіптен тереңдей түсті. Көркем шығармадағы басты нысана адам болғандықтан, оның ішкі, сыртқы болмысы шынайылықпен сомдалуы тиіс, адам жанын жандандырудың басты тәсілі психологизмнің осы тұрғыда алатын орны ерекше.
Қ.Әбдікова әдебиеттегі тұлға мәселесінің психологиялық талдау арқылы жүзеге асатынын айта келіп, Ж.Аймауытов талдау жасайды. Қазақ әдебиетіндегі тұлға мәселесін психологизм тұрғысында айтқан А.Иезуитов: "Біріншіден, психологизм- сөз өнерінің тектік белгісі, ажырамас қасиеті, көркемдік кепілі" [11;50б], -деп баса көрсеткен. Суреткер барлық күш- қайратын, шеберлігін бір ғана мақсатқа-адам жүрегінің сырын, адам жанының шындығын танытуға жұмылдырады. Адам жанына психологиялық талдау жасау жаңағы шеберлік шеңберімен астасып жатады.
"Әдебиеттану терминдерінің сөздігінде" психологиялық талдаудың пайда болуын 3. Фрейд есімімен байланыстырып былай делінген: "Шығармашылық қабілетті жыныстық инстинктерімен төркіндететін әйгілі туындылардың психологиялық астарына басқаша үңілуге шақыратын психоанализ тәсілі өнердің барлық саласына соның ішінде әдебиетгануға ерекше ықпал етті...
Психологиялық талдау өнертанудағы соны сипаттағы белес болды, кейіпкер психологиясын талдау тареңдей түсті" [10;278б]. Көркем әдебиеттің негізгі предметі адам болғандықтан, оның рухани әлемін, ой-сезімін, түсінік-түйсігін, дүниетанымын, ішкі қайшылықтарын ашып көрсету-суреткердің негізгі міндеттерінің бірі. Мүны танытудың әдіс-тәсілі «сана ағымы» «жан диапектикасы» сияқты психологиялық талдау негізінде Р.Стендапь, Л.Толсгой, Ф.Достоевский шығармаларында қалыптасқаны айтылып жүр.
Психологизмге алғаш баға бергендердің бірі Н.Чернышевский Л.Толстой шығармаларындағы психологизмді реализмнің басты тәсілі, әсіресе адамды танытудың материалистік әдісі деген және «психологиялық талдау-шығармашылық таланттың қуатын көрсететін қасиеттің ең маңыздысы»-екенін атап айтқан [11;36б]. Кейіпкердің жан қалтарысының, сезім толқындарының әрбір қақтығысын көз алдымызға тізбектей мөлдіретіп әкелу қаламның эпикалық қүлашы мен лирикалық толғанысын керек етеді. Шығарманың өн бойындағы үзілмес желі оқиғалар тізбегін адам жасаса, әрекет-қимыл, тартыс үстінде болса сол қозғалыстарға жан беретін- ақыл-ой, сана-сезім, яғни "жан диалектикасы" болып табылады.
Психологиялық талдаудың негізгі міндеті- кейіпкер жаны қоғаммен, адаммен, табиғатпен қарым-қатынаста қандай эмоционалды-психологиялық өзгеріске ұшырайды, қандай қалыпқа енеді, соны жіті бақылау. Көркемдік-шынайылық болса, оны ұғындыратын, әрі ұғынатын адамдар жалпы үрдістерден өзге жеке сезімдік әуендерді таңдауға бейім. Сол себепті көркем шығармадағы өмір шындығының ең жоғары деңгейі психология заңдылықтарымен сабақтас.
«Психологиялық роман-адамның жан дүниесін, ішкі сезімін терең ашып көрсетуге айырықша мән берген» [12;280б],-деп баға береді А. Ысмақова.
Орыс әдебиетінде XIX ғасырда психологиялық романды Л.Толстой шығармашылығынан бастап тарататынын айттық. Ол адамның сезім күйін, толғанысын, қуаныш-қайғысын барлық қайшылығымен терең ашып бейнелеген. Кейіпкердің ішкі дүниесінің нәзік иірімдерін, құпия сырларын әсерлі суреттеу адам мінезін асқан шыншылдықпен нанымды көрсетуге мүмкіндік береді. Л. Толстой жеке адамдардың "жан диалектикасын" ашу арқылы қоғамдық өмірдің қайшылықтарын адамгершілік пен қатыгездіктің қақтығысынан туған трагедиялық жағдайды әсерлі бейнелейді.
Ал, Ф.Достоевскийдің психологизмді берудегі жаңашылдығы -романдардағы сан алуан кейіпкердің өмір қүбылыстарын сезінуі әрқилы. Кейде тіпті бір-біріне мүлде қайшы дүниетаным көзқарастарын үңіле зерттеп сипаттауынан айқын аңғарылады. Кейіпкердің адам тағдыры, дүние жаратушы жайлы белгілі бір шешімнің, нақтылы түйіннің аясына симайтын, шығармаға көп үнділік -полифониялық қасиет дарытатын қым-қиғаш ой-толғаныстарынан,
жеке адамның ой-санасы, ішкі сезімі бүкіл әлеммен, бүгінгі ғана емес, өткен өмір мен де, көлешекпен де жалғасып жатқанын байқаймыз [4;85б].
Әдебиетіміздегі тұнғыш психологиялық роман деп зерттеушілер Ж.Аймауытовтың "Ақбілек" романын атап жүр. "Ақбілектің" психологиялық роман табиғатына тән негізгі сипаты шығарманың сюжеттік-композициялық концепциясы кейіпкердің ішкі әлемін талдау мақсатына тәуелділігінде [12;280б]. Кейіпкердің қиын тағдырын жазушы ішкі монолог, толғаныс т.б. сияқты адами проблемаларды, бір кезеңдік қазақ өмірін: ондағы жаңа тіршілік-тынысты сыртқы реалдық өмір шындығын сана күресі, ой арпалысы, көзқарас қақтығысы арқылы бейнелейді. Суреткердің өзіне тән психологиялық стилі осы романда жан-жақты көрінген. Ол-күнделік ретінде берілген Ақбілек ойлары.
Адамның жан дүниесін бейнелеу- психологизм, әрине бір ғана жанрдың психологиялық романның шеңберімен шектелмейді. Кейбір шығармаларды бөліп, осы жанрлық түрге жатқызудың өзі де "шартты түрде жасалған жіктеу" [12;280б] деп санаған жөн.Осыған байланысты психологиялық талдаудың элементтерін басқа туындылардан табуға болады ( М.Әуезов, Ә.Нұрпейісов т.б.).Ал бүлардағы психологизмның басты орны алмауы психологиялық талдаудың әр түрлі болатынымен төркіндес. Осы жөнінде Н.Чернешевский: "Психологиялық талдау әр түрлі бағытта кездесуі мүмкін: бір ақынға характердің сыртқы белгілері, екіншісіне қоғамдық қарым-қатынас пен өмір тартысының сол характерге жасайтын әсері мәндірек, үшіншіге-сезім мен әрекеттің байланысы, төртіншіге - құмарлықты талдау қымбат, ал граф Толстой үшін ең маңыздысы - психологиялық талдаудың өзі, соның формалары, заңдары, анықтауыштық терминмен айтқанда-адам жанының диалектикасы",-[И;36б] деп айтады. Ұлы сыншы психологизмнің межесін сол кездің өзінде-ақ жіті пайымдаған. Қазіргі
қолданысга жүрген "аналитикалық, синтетикалық "деген терминдерді қолданбағанмен соларға жататын көркемдік әдіс-тәсілдерді атап көрсеткен. Ғылыми сында психологиялық талдаудың анапитикалық, синтетикалық яки динамикалық психологизм атты ұғымдары бар. М.Храпченко Н.Гоголь шығармашылығын зерттеп, типологиялық психологизм ұғымын енгізген. Психологизмнің бұл түрін Б.Майтанов М.Әуезов шығармашылығымен байланыстырып "түйық психологизм" [3;86б] деген ат береді. Бул синтетикалық психологизмнің бір сергек те, сыпайы түрі деуге келеді.