Қазақ фольклорында бұл үшеуінің алғашқы екеуі бар. Ол екеуін тек деп қарайтын болсақ, оларды жанрға бөлуге болады. Прозалық фольклордың жанрларына миф, әңгіме, хикая, ертегі, шешендік сөздер жатса, өлең үлгісіндегі фольклордың жанрлары болып жыр, тақпақ, қара өлең, айтыс, мақалмәтелдер саналады. Ескеретін нәрсе: бұл жерде жанрды біз кең ұғымда алуымыз керек. Әдебиет теориясында жанрды түр мағынасында қолданып жүргені сияқты, біз де фольклордың тектерін бірден жанрға бөлген дұрыс деп ойлаймыз. Жанр – тек типологиялық қана ұғым емес, ол – әрі тарихи ұғым, құбылыс, категория. Сондықтан жанрды зерттеу үшін оның қашан, қай дәуірде пайда болғанын анықтау маңызды. Өйтпеген жағдайда зерттеп отырған жанрдың жанрлар арасындағы ролі мен орнын, маңызын ашу, сондай-ақ оның өзіндік қасиеттерін анықтау оңай емес.
Аңыз жанрының басты мақсаты – тыңдаушыға елдің өткені туралы немесе бұрын өмір сүрген атақты адамдар жайлы [ 28 ] хабар беру. Демек, аңыздың негізгі функциясы – танымдық, содан соң тәрбиелік. Ал ертегі жанры тыңдаушының ерекшелігіне байланысты екі түрлі қызмет атқарады: жас ұрпақ үшін ертегінің ғибраттық, тәрбиелік рөлі басым болса, үлкендер үшін эстетикалық қызметі мәндірек.
Бұған халық прозасының ертегіге жатпайтын тобы кіреді, атап айтқанда: ауызекі әңгіме, хикая, аңыз, шежіре, миф, әпсана, хикаят. Бұлардың міндеті – жас ұрпаққа белгілі дәрежеде маңайдағы табиғат, елдің өткен-кеткен өмірі жайлы «білім» беру, тың [ 32 ] даушыларды ел тарихынан хабардар ету. Сол себепті бұл жанрларда асыра көркемдеу, әсірелей суреттеу өте аз болады.
Фольклор өмірді де, кейіпкерді де бір тұрғыдан бейнелейді, бір жағынан ғана сипаттайды. Батырлар жыры болса, онда тек жекпе-жек, қақтығыс пен соғыс туралы айтылады, ал ғашықтар жырында екі жастың адал махаббаты мадақталады. Батырлар жырында бас кейіпкер тек жауынгер тұлғасында бейнеленеді де, ғашықтық жырда кейіпкерлер махаббат құрбаны болып көрсетіледі. Мұнда (бір шығарма ішінде) болмыстың әр жағы суреттелмейді, тіршіліктің қыр-сыры, қайшылықтары ашылмайды, ал кейіпкерлер не бірыңғай батыр, не бірыңғай ғашық болып келеді. Оларда күмәндану, толғаныс, психологиялық терең қиналыс болмайды.
Аса көрнекті ғалым, совет фольклортануы теориясының негізін қалаушылардың бірі В.Я. Пропп халық прозасын [ 44 ] екі үлкен салаға бөледі: ертегі және мазмұнына ел сенетін әңгімелер40. Ол ертегілерді түр деп санайды да, оның ішкі бөлшектерін жанр деп есептейді. Сонда ертегі мынадай жанрларға бөлінеді: қиял-ғажайып, тізбекті (кумулятивтік), хайуанаттар жайында, адамдар туралы (бытовая), өтірік және жалықтыратын ертегі. Ал ертегіден тыс прозада оқымысты мынадай жанрлар бар дейді: себепті (этиологиялық) мифтер, хикаят (были), әпсанахикаят (легенды), тарихи аңыз (исторические предания), жай әңгіме (сказы). Жанрларды саралаудың басты критериі деп В.Я. Пропп олардың морфологиялық (құрылымдық) белгілерін айтады. Халық прозасын көп уақыт бойы арнайы зерттеген ғалым К.В. Чистов прозалық жанрларды жіктеп, саралаудың негізгі принципі – әлеуметтік-тұрмыстық (социально-бытовая) функция деп есептейді. Осы негізінде ол кісі бүкіл халық прозасын екіге бөледі: а) эстетикалық функциясы айқын жанрлар (ертегінің барлық түрі, мысал, өтірік, анекдот); ә) эстетикадан басқа қызмет атқаратын жанрлар (аңыз, әпсана-хикаят, әңгіме, хикая)41. Фольклордың прозалық жанрларын зерттеп жүрген ғалымдардың бірі С.Н. Азбелев халық прозасын көркем (художественный) және қарапайым (нехудожественный) деп екіге бөледі. Оның бұлай саралауда ұстанған принципі – әр жанрдың болмысқа, шындыққа қатынасы42. Фольклорды эстетикалық тұрғыдан зерттейтін В.Е. Гусев халық прозасын жанрларға саралағанда, үш түрлі негізгі критерийді ұстану керек деп есептейді. Бірінші – шығармада шындықтың типтенуін ерекшелендіретін саласы, екінші – бейнеленген шындықтың қабылдануы және осымен байланысты сол шындықтың бейнелену түрі, ал үшінші – шығарманың әлеуметтік-тұрмыстық функциясы
прозалық фольклорды ертегілік проза және аңыздық проза деп екі үлкен топқа бөлгенде прозалық шығармалардың мазмұнына ел илана ма, әлде иланбай ма деген шарт негізге алынады. Сырттай қарағанда, бұл субъективті принцип болып көрінуі ықтимал. Бірақ шындығында олай емес. Ертегілік прозада қиял – көркемделіп, таңғажайыпқа айналған, яғни ертегілерде қиял – көркемдік құрал ретінде қызмет атқарады. Ал аңыздық прозада қиял – көркемдік құрал емес, ол таңғажайыпқа (фантазияға) айналмаған. Бұл топтағы шығармаларда баяндау шынымен болған оқиғаны бейнелеп отырғандай сезіледі және айтушы мен тыңдаушылар солай түсінеді.
қазақ халық прозасын екі үлкен топқа бөлдік. Бірі – аңыздық проза, екіншісі – ертегілік проза. Бұлардың әрқайсысы ішкі жанрларға жіктеледі. Аңыз - дық проза миф, хикая (быличка), аңыз (предание), әпсанахикаят (легенда) жанрларын қамтиды. Ертегілік прозаға жануарлар жайындағы, қиял-ғажайып, батырлық, ғибраттық және сықақ ертегілер жатады.
, аңыздар тобына кіретін жанрлардың басты ерекшелігі – олардың көркемдік жағынан қарапайымдылығы мен тыңдаушыларды барынша иландыратындығы. Бұл – біріншіден. Екіншіден, аңыздық проза жанрларының бас нысанасы – ғибрат, білім беру, яғни олар танымдық қызмет атқарады.
Миф – тек алғашқы қауымның ғана жемісі, ол кейінгі замандарда тумайды, керісінше мифтік (яғни «киелілік») қасиетін жоғалтқан соң ертегіге айналып кетеді. Мифтің тағы бір ерекшелігі – өмірдегі нақты бір оқиғадан алшақтығы. Бұл жағынан келгенде, мифте біршама абстрактілік бар деуге болады, бірақ ол абстрактілік алғашқы кезде қиял деп түсінілмеген...
Егер барлық анықтаманы жиынтықтап айтсақ, үлкен екі топқа бөлінеді: біріншісі, миф дегеніміз – дүние туралы фантастикалық түсінік, әлемде билік жүргізетін құдайлар мен рухтардың ғажайып образдарының жүйесі (системасы), екіншісі, миф дегеніміз – құдайлар мен алыптар жайындағы ауызекі әңгіме
Біздің қазақ фольклоры тұрғысынан қарағандағы миф деп отырғанымыз – әлемдік мифология ауқымынан шықпайтын, тіпті типологиялық сипаты оған сәйкес келетін дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстары мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғаш қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп баяндайтын прозалық шығармалар
Көркем шығармашылықтың ең көне түрі - эпос. Эпостың алғашқы формалары алғашқы қауымдық жүйе жағдайында туындайды және адамның еңбек әрекетімен, оның табиғатты жаулап алуымен, тайпалар қақтығысымен байланысты (мысалы, Гейоват туралы Солтүстік Америка үндістерінің ертегілері). Эпос өз дамуында үлкен өзгерістерді, гүлденуді және құлдырауды бастан кешірді; оның сюжеттері, кейіпкерлері, жанрлары мен стилі өзгерді; оған әртүрлі тарихи дәуірлердің қабаттары жинақталған.
Эпостың басты ерекшелігі - оның шындықты автордан тыс, көбінесе автордың араласуынсыз, көбінесе оқырмандарға жасырылатын жеке авторлық болмысты жаңғыртуында. Тек өмірбаяндық жанрлар ал 20 ғасыр әдебиетінде бұл ереже бұзылған.
Эпос - эпикалық әдебиеттің ең үлкен және монументалды түрі. Ежелгі батырлық эпос пен қазіргі эпос айтарлықтай ерекшеленеді.
Ежелгі дастандар фольклордан, мифологиядан, аңызға айналған жады тарихқа дейінгі кезеңдер туралы. Ежелгі эпостардың ең маңызды ерекшелігі - оларда барлық ғажайып және керемет нәрселер тікелей сенімнің объектісіне және әлемді игерудің бірден-бір мүмкін түріне айналады. Ежелгі эпопея «адамзат қоғамының балалық шағы» аяқталған кезде еріксіз жойылады. Ол мифологиялық сана өмір сүріп, адамның әлемді қабылдауын анықтаған кезде ғана көркемдік жағынан қажет.
Жаңа заман эпосы не реалистікке негізделген (мысалы, «Соғыс және бейбітшілік», «Ағайынды Карамазовтар», «Тыныш Дон»), немесе әлемді романтикалық тұрғыдан түсіну (мысалы, жылы). Қазіргі эпостың басты ерекшелігі - ол халықтар тағдырын, тарихи процестің өзін бейнелейді.
Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |