Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар



бет30/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53
Байланысты:
Мәдениеттану

Жаңылтпаш – қай халық фольклорында болмасын кең таралған жанрлық түр. Қазақ жаңылтпаштарына да зерттеушілер ертеден назар аударып келеді. Оның тұңғыш хатқа түскен үлгілерін Ә. Диваев, М.Ф. Гаврилов жазбаларынан кезіктіреміз. Кейінгі кезеңде жаңылтпаштар балаларға арналған мерзімді басылымдарда да жиі жарияланып, жеке кітап та болып басылып шықты.

«Жаңылтпаш деген аты жаңылтудан шыққан. Қатарынан қайта-қайта шапшаң айтқанда, иә тіл келмейтін, иә тіл басқа сөз қылып бұзып кететін сөздердің басын құрап, келістірген шығарма жаңылтпаш деп аталады», - деп дәйектейді алғаш рет оның ғылыми анықтамасын А. Байтұрсынов.

Жаңылтпаштардың ғылыми маңызына алғаш назар аударған адамның бірі – С. Сейфуллин еді. «Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі “дүкенін” құрған орында айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаш. Бұл да – ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді жастардың, балалардың тілге ұстауларына, ойнақы, қырлы сөздерді қақпақылша атқылап, билеп еркін сөйлеуге төселулеріне өз әлінше әдемі сабақ, тәжірибе болатын ойын – деп жазады ол 1931 жылғы жазған «Қазақ әдебиеті» атты зерттеуінде. Кітапта зерттеуші жаңылтпаштың тәрбиелік мәні мен атқаратын қызметін айқын аша отырып оның ойындық сипатына да назар аударады. Яғни, жаңылтпаш жеке баланың ермегі емес, ол – көбінесе жұрт жиналған жерлерде балалардың тез де, жаңылыссыз, дыбыстарды анық сөйлеуіне дағдылануына үйрететін өлең-ойын. Оның ойындық сипаты балалардың бір-бірімен жарыса кезекпе-кезек айтысуында жатыр. Ол тіл жаттықтыру мақсатын ғана көздемейді, жаңылтпаштағы сөздері дұрыс айтылмаса, құлаққа мүлде басқаша естіліп, күлкі де туғызады.

Мәселен:



Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

деген сияқты жаңылтпашты интонацияны дұрыс сақтамай, жылдамдата айтса,



Ақ таяқ па?

Қара таяқ па?

болып мағыналық жағынан мүлде өзгеріп кетеді.

Ертеректе, жаңылтпаш балалар ғана емес, ересектердің де ермегі болған. Бірақ үлкендер арасында ол басқашалау қызмет атқарған.

«Ерте кезде ойын-сауықтарда жаңылтпаш айтқызу қазақтың салты болған. Жаңылтпаш жиналған жұртты күлдіру, тіл ұстартуды көздеумен қатар, ол өлең, ән білмейтін жастарға берілетін жаза есебінде қолданылған» деп жазады белгілі фольклорист ғалым М. Ғабдуллин, жаңылтпаштың үлкендар арасындағы қолданысы жөнінде.

Жаңылтпаш мазұнында халық өмірінің түрлі қырларын таныстыратын танымдық детальдармен қатар балаларды тағылымдық өнегеге баулитын ғибраттық сарындар да мол кездеседі.
Қамаштан көріп қалашты,

Қалашқа Жарас таласты.

Бөлінсін десең қалаш тең,

Талас, Жарас, Қамашпен, -
тәрізді кейінірек шыққан жаңылтпаштар бұл ойымызға дәлел бола алады.

Жаңылтпаштардың өлең құрылысы тым шағын, қарапайым болып келеді. Онда өлеңдік үйлесім, әсем ұйқастардан гөрі дыбыс ойнату, тіл оралымына ауыр сөздерді термелеу басым болып келеді. Дегенмен ішінара:


Жаңбыр жауып келеді қар аралас,

Бір топ әйел келеді шал аралас.

Тауға қайың бітеді тал аралас.

Бір топ сиыр келеді тана аралас, -
Сияқты қара өлең үлгісіндегі шумақтар да кездеседі. Немесе:
Айыр атанды жүк қартайтар.

Семіз қойды май қартайтар.

Күйгелек менің атамды

Жас қартайтпас, ой қартайтар, -
тәрізді нақыл деуге келетіндей жаңылтпаштар да бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет