Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар



бет1/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Мәдениеттану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



М.К. Аманжолова, А.М. Беркінбекова, Ғ.М. Әбілқасов

МӘДЕНИЕТТАНУ

(барлық мамандықтардың студенттеріне арналған)

Университеттің ғылыми кеңесі оқу құралы ретінде бекіткен

Қарағанды 2004

ӘОЖ 316.7
Аманжолова М.К., Беркінбекова А.М., Әбілқасов Ғ.М. Мәдениеттану (барлық мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 117 б.

Оқу құралы студенттерге алуан мәдени процестің даму заңдылықтарын, өркениеттердің дамуын игеруге және тануға, отандық мәдениеттің мәнін, ерекшелігін түсінуге көмектеседі, студенттердің жоғары эстетикалық қажеттіліктерін және көркем талғамын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.


Пікір жазғандар:

Майсюк А.В. – философия ғылымдарының кандидаты,

проф., Д.А. Қонаев атындағы университеттің ғылыми

жұмыс бойынша директордың орынбасары

Воронкова Л.Н. - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы, ҚарМТУ

Көшебаева Г.К. – ҚарМТУ-дың Редакциялық-баспалық

кеңесінің мүшесі, эконом. ғылымдарының кандидаты

 Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, 2004


Кiрiспе

Мәдениеттану курсы Қарағанды Мемлекеттiк Техникалық Университетiнде оқылатын, философиялық сипаттағы гуманитарлық және жалпы бiлiм беру пәндерi циклiнiң, студенттердi идеологиялық және адамгершiлiк–эстетикалық тәрбиелеу процесiнде, олардың дүниетанымын қалыптастыруда негiзгi орын алатын пәндердiң бiр бөлiгi болып саналады.

Бұл курсты оқу күрделi қоғамдық құбылыс ретiнде мәдениеттiң мәнiн, құрылымын және функциясын анықтауға, оның даму тарихына қысқаша саяхат жасауға, студенттердi адамзаттың әлемдiк мәдениетiнiң негiзгi жетiстiктерiмен таныстыруға мүмкiндiк бередi. Курс мәдениет сферасында әлеуметтiк өмiрдiң жалпы философиялық заңдары мен заңдылықтарының әрекетін бақылауға мүмкіндік жасайды.

Курстың мақсаты - өркениеттердiң дамуының алуан түрлi мәдени процесінің даму заңдылықтарын тану, отандық мәдениеттің тарихи орнын анықтау, оның мәнін, өзіндік ерекшелігін және жетілуін түсіну, студент жастардың жоғары эстетикалық қажеттіліктері мен көркемдік талғамын қалыптастыруға мүмкіндік жасау.

«Мәдениеттану» курсын зерделеу студенттерге мынандай мүмкiндiктер бередi:

- әлемдiк мәдениеттiң негiзгi кезеңдерiн, отандық мәдениет үлгiлерiнiң ерекшелiктерi мен өзiндiк артықшылықтарын бiлуге;

- қоғамдық өмiрдiң рухани және әлеуметтiк сферасында жүрiп жатқан процестермен байланысты әртүрлi көркемдік ағымдардың өнер шығармаларын өз бетімен бағалай білуге;

- қазiргi мәдениеттiң бағыттары мен ағымдарына сыни талап қою тәсiлiнен, тәжiрибе алуға, жастардың субмәдениеттерін бағалау обьективтiлiгiн қалыптастыруға;

- тарихи сананың өрлеуi, өткен мен бүгінгі мәдени дәстүрлердің тығыз байланысын сезу, отандық мәдениеттің жалпы адамзат мәдениетіне үлесін түсінуге, өз халқының мәдениетіне деген мақтаныш сезімін тудыруға;

- мәдениет әлеміндегі өзінің алатын орнын анықтауға және өзінін орнын алуға.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет