Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар.
«Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді. Басқа версия бойынша «өркениет» терминін француздың ағартушы-философтары ойлап тапқан және екі мағынада қолданылған, кең және тар мағынада. Біріншісі Ферпоссонның тұжырымымен үндес, ақыл-парасат, әділдік және діни шыдамдылық бастауына негізделген жоғары дамыған қоғам дегенді білдіреді. Екінші мағынасы «мәдениет» ұғымымен тығыз байланысты және адамның нақты қасиеттері – ақылдылықтың, білімділіктің, сыпайлылықтың жиынтығын білдіреді. Оны игеру ХVIII ғасырдың элитарлы париж салондарына жол ашты.
Мәдениет пен өркениет ара қатынасы туралы көзқарастардың барлық алуан түрін соңында үш негізгіге әкеп тіреуге болады.
Бірінші жағдайда өркениет пен мәдениет ұғымы синоним ретінде болады, олардың арасында едәуір айырмашылық болмайды. Мысал ретінде беделді ағылшын тарихшысы А. Тойнбидің тұжырымына жүгінуге болады, ол өркениетті рухани аспектіге көңіл қоя отырып, дінді басты және нақты элемент деп санай отырып, мәдениеттің нақты фазасы ретінде қарастырды.
Екінші жағдайда мәдениет пен өркениет арасында ұқсастық пен маңызды айырмашылықтар байқалады. Француз тарихшысы Ф. Бродель да осындай көзқараста болды, ол өркениет жиынтықты құрайтын элементтердің бірі ретінде, ең алдымен рухани құбылыстардың мәдениет негізін құрайды деген тұжырымды ұстады.
Үшінші тәсілді жақтайтындар мәдениет пен өркениетті қарсы қояды. Бұған неміс мәдениеттанушысы О. Шпенглердің теориясы мысал бола алады, оған сәйкес өркениет өліп бара жатқан мәдениет. Шпенглер өркениет мәдениеттің артынан “қалыптасудың артынан, өмірден кейін өлім болатындай, дамудан кейін дағдарыс болатындай, ақылдың қартаюы” тәрізді жүреді деп жазды. Оның ойынша, мәдениет тірі және өсіп жатқан организм, ол өнер мен әдебиет, тұлғаның шығармашылық гүлденуі үшін еркіндік береді. Өркениетте көркем шығармашылыққа жол жоқ, онда техника мен жансыз интеллект билік құрады, ол адамдарды жояды.
Мәдениет пен өркениет ара қатынасын түсінуде бірінші екі тәсіл ең қолайлысы болып саналады. Осы құбылыстар арасында шынында да көп ортақ қасиеттер бар, олар өзара тығыз байланысты, бір-бірімен жанасып, бір-біріне ауысады. Бұған ең алдымен неміс романтиктері көңіл бөлді, олар мәдениеттің өркениетке айналатынын, ал өркениет мәдениетке айналатындығын атап көрсетті. Сондықтан күнделікті өмірде біздің мұны айыра білмейтіндігіміз белгілі.
Басқа да жіктеулер бар. Қарастыру масштабына байланысты өркениет аумақты, яғни әлемдік, континентальды (мысалы, европалық), ұлттық (француз, ағылшын), аймақтық (Солтүстік африкалық) болуы мүмкін. Шығыс танушы ғалымдар өркениеттер жіктемесіне басқаша көзқараста, олар ең алдымен өркениет өзінің қайталанбас даму жолдары бар екі тармаққа – Батыс пен Шығысқа бөлінгендігін айтады, оның ішінде “табиғи” және “қалыптысы” шығыс болып саналады, ал батыс мутация, ауытқу ретінде қарастырылады.
Басқа ғалымдар да барлық өркениеттерді екі типке бөліп қарайды, бірақ оларды басқаша түсіндіреді: олардың бірі – техногенді Батыс Европаға тән, ал екіншісі – психогенді шығыс елдеріне тән, оған ертедегі үнді өркениеті мысал бола алады. Ал кейде өркениетке материалдық мәдениетті жатқызады, ал мәдениет деп рухани мәдениетті жатқызады.
Алуан түрлі көзқарастарға қарамастан, олар бір-біріне жақын. Өркениеттің ең маңызды белгілері мыналар: 1) мемлекеттің құрылуы 2) жазудың пайда болуы 3) егін шаруашылығының басқа кәсіп түрлерінен бөлініп шығуы 4) қоғамның таптарға жіктелуі 5) қалалардың пайда болуы. Алғашқы екі белгінің болуын міндетті деп санайды, ал қалғандардың қажеттілігі күмән тудырады.
Ал мәдениетке келсек, онда ұлттық ерекшелік пен бірегейлік, қайталанбастық пен сонылық, құбылмалық пен жаңашылдық, өзіне-өзі қанағаттанбау, сыни және шығармашылық бастау, бағалылық, биік идеалға ұмтылу бірінші кезекте орын алады.
Мәдениеттің өрлеуі мәдениеттану проблемасы ретінде
Осы мәселені шешу мәдениеттің табиғатын түсінуге, оны ұғыну сипатына, мәдениеттің тарихи дамуының бай материалын түсінуге байланысты болады. Мәдениеттануда мәдениеттің аз жетілген түрінен толық жетілген түріне даму бағыты ретінде өрлеу (прогресс) проблемасына екі негізгі тәсіл бар.
Бірінші тәсіл оның құндылықтарын байыту, адам өмірінің барлық формаларының дамуы ретінде мәдениеттің даму кезеңдерінің ауысуына сүйенеді. Осы тәсіл шеңберінде мәдениеттің көптеген формалары мен типтері олардың бар айырмашылықтарына қарамастан адамзаттың рухани және материалдық-өндірістік дамуының біртұтас линиясын құрайды және мәдениеттің өрлеуін оның табиғатының біртұтастығы және мәдени алуан түрлердің бірлігі ретінде қарастырады.
Екінші тәсіл мәдени өрлеудің болуын біртұтас мәдениеттің үдемелі дамуы ретінде күмән келтіреді, ол оны әр түрлі типтерін жергілікті, автономды, өзінің өмірлік циклі ретіндегі, бір-біріне сай емес мәдени жүйелердің инварианттары ретіндегі түсініктен шығады. Бұл оларды салыстыру мүмкіндігін тарылтады, ол өрлеуді “өз мәдениеті” шеңберінде түсінуді, оның даму циклділігін түсінуді шектейді.
Мәдениеттің өрлеуі туралы мәселе – бұл қоғамның үдемелі тарихи дамуындағы мәдениеттің элементтері мен құндылықтарының сабақтастығы, жеке елдерде, халықтар мен қоғамдастықтарда адамның дамуының әр түрлі тарихи кезеңдері мен дәуірлерінің өзара қатынастары туралы мәселе.
Қазіргі мәдениеттану теориялары линиялық эволюция идеяларына сын және “жергілікті өркениеттер” тұжырымдамасын құру ретінде қарастырылады. Бұл тұжырымдаманы әр түрлі ғалымдар дамытты және әр елде дамыды: Шпенглер Германияда, Тойнби Англияда, Данилевский мен Сорокин Ресейде.
Белгілі “Европаның құлдырауы” (“Закат Европы ”) жұмысының авторы Освальд Шпенглерге мәдени-тарихи ұласу идеясы жатады: әрбір мәдени организм өмірге келген соң, табиғи ұласудан өтеді, яғни гүлденеді және кедейленіп, құлдырайды, өркениет түрінде өзінің соңына жетеді. Европада үлкен биіктікке жеткен өркениет өзінің өмірлік қарқынын жоғалтып, Европаның құлдырағандығы туралы куәландырады. Шпенглер тең құнды қол жеткізген табыстары бойынша мәдениеттердің көптігі туралы ілімін дамыту кезінде мәдени антропологияны сипаттай отырып, кең этнографиялық материалға сүйенді. Шпенглердің ойынша мұндай мәдениеттердің саны сегіз: египет, үнді, вавилон, қытай, антика, византиялық-араб, батыс европалық және оңтүстік америкалық майя.
Европоцентристік негіз болатын, тарихи даму жолындағы барлық халықтар үшін универсалды тарихи даму туралы түсінікке Арнольд Тойнби қатты соққы берді. Ол үлкен факт жүзіндегі материалды ұғыну негізінде тарихи процестің мәнін түсінуге тырысады және адамзаттың әлеуметтік- ұйымдасу формаларының алуандығы туралы қорытындыға келеді. Тарихи процесс көбінесе географиялық жағдайлармен анықталады, бұл әрбір өркениеттің қайталанбас бейнесін жасайды (“аймақтық өркениеттердің”). Бірақ кез-келген өркениет тарихи дамудың барлық фазаларынан өте алмайды (“пайда болу”, “өсу”, “күйреу”, “құлдырау”, “ыдырау”), кейбірі гүлденуге жетпей, күйрейді, кейбірі өз дамуында бір фазада ұзақ уақытқа тоқтап қалады. Н.Я. Данилевский үшін мәдениеттердің тарихи алуандығы проблемасы және оның ішкі құрамының айырмашылығы шын бастапқы жағдай ретінде болады. Оның ойынша, тарих бар, этникалық қауымдардың, оңаша, жергілікті “мәдени-тарихи” типтердің (“өркениеттердің”) тарихи тұрмысы табиғатпен және бір-бірімен әрқашан күресте болады. П. Сорокин ХХ ғасырдағы ең ірі әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушылардың бірі болып саналады. Ол әлеуметтік стратификация (қоғамның әлеуметтік жіктелуі) және әлеуметтік мобильділік (қоғамның жаңаруы) теориясын жасаушылардың бірі. Тарихи процесс дербес тұтастық және оның типін анықтайтын бірнеше басты алғышарттар бар. Сорокин мәдениеттердің үш типін айқындап көрсетеді:
сезімдік (шындықты сезіммен қабылдау басым болады);
идеационалды (ұтымды ойлау басым болады);
идеалистік (интуитивті таным басым болады);
Қазіргі мәдениет түсінігі бойынша И. Хейзингтің ойын теориясы маңызды болып саналады. Ол ойынды мәдениет негізі және көзі деп санайды. Оның ойынша, ойын мәдениеттен үлкен, өйткені ойынның негізгі белгілері жануарлар әлемінде бар. Сонымен қатар ойын биологиялық шеңберден шығып кеткен, адамның ұтымды қызметінің формаларында кездеседі: өнерде, философияда, құқықта және т.б.
Соңында К. Юнгтің мәдениет архетиптері теориясына тоқталғымыз келеді. Мәдениет архетиптері адам психикасында орын алған, оның терең қабаттары – ұжымдық санасыздықта. Архетиптер сыртқы әлемде көріне отырып, мәдениеттің өзіндік түрін анықтайды. Нақты мәдениетті қалыптастырудың әрекетті тәсілі ретінде сакрализация туралы Юнг идеясы маңызды болып саналады: мәдениеттің қандай да бір типінің құндылығы мен мақсаты ұжымдықта көрініс табады, оған санасыздықтан ауысады, сынға жатпайтын құндылықтар ретінде қабылданады.
Достарыңызбен бөлісу: |