Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар


Экология және экологиялық мәдениет



бет5/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
Байланысты:
Мәдениеттану

Экология және экологиялық мәдениет. Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес, қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері мен мүмкіндіктері арасындағы үйлесімсіздікте екендігі анықталған. Қажеттіліктер көбінесе жеткілікті түрде мәдениетті болмайды, оларды қанағаттандыру тәсілдері мәдениетті бола бермейді және жабайы болады, стихиялы өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері шексіз емес. Соңында әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың үнемі жоғары болатындығы және табиғи тежегіштері жоқтығы байқалады, ал адам өзінің биологиясында табиғатпен тығыз байланысты және адам әлеуметтік-мәдени қайшылықтар мен кедергілерді көтере алмайды. Соңында бұл қайшылықтар мен кедергілер – адамның мәдениеттілігінің емес, мәдениетінің аздығының, әлеуметтік эгоизмінің, тарихи шектелуінің белгісі. Сонымен қоғам болашағы үшін күресте субъективті сфераға көп күш түседі. Қазіргі заманда экологиялық танымды қалыптастыру, қазіргі өркениетті басқарудың экологиялық принциптерін жасау және экологиялық ғылым ұсыныстарына сәйкес мәдени құндылықтарды тексеру, экологиялық дағдарыс әсерінен мәдени құндылықтарды оңтайландыру жолында күрес жүріп жатыр.

Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды. Экологиялық этика оның бір тарауы болып қалыптасты, оның адамзаттың мәдени дамуы үшін мәні күн өткен сайын өсіп келеді.

Біздің планетамызда экологиялық мәдениет европа елдерінде қалыптасқан техника культіне қарсы нақты дәрежеде дамып келеді.

Сонымен биосфера, өмір және адам культі техника культіне қарсы. Бұл экологиялық мәдениеттің бірінші принципі. Экологиялық мәдениеттің екінші маңызды принципі – биосфераның бейнесі ретінде адамды жыртқыш-адам өмірінен қорғау, адамды ізгіліктен, биологиялық өмір мазмұнынан ада физика-техникалық теориялардан қорғау.

Мәдениеттің күрделі және көп деңгейлі құрылымы адам өмірі мен қоғамдағы оның функцияларының алуан түрлерін анықтайды. Негізгілерін сипаттаймыз:



  • мәдениеттің басты функциясы – гуманистік (адамгершілік) (адамгершілікті – қайырымды). бұл рухты көтеру, адамдар арасында адамгершілік қатынас жасау. Қалғандары онымен байланысты және одан шығып отырады.

  • мәдениеттің маңызды функциясы - әлеуметтік тәжірибе алмасу. Бұл адамдар ұрпағы арасындағы тарихи сабақтастыққа себеп болады. Мәдениет бұл адамзаттың әлеуметтік ұмытылмас белгісі, ол арқылы «адамзат шығармашылығы», тұлғаны қалыптастыру жүзеге асырылады.

  • алғашқы екі функциямен тығыз байланысты, танымдық функция. Мәдениет ұрпақтардың ең озық тәжірибесін шоғырландыра отырып, әлем туралы бай білім жинайды және сонымен оны тану және игеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет