Ќазаќ фольклорында “шыбынныњ басына баќ ќонса,сам±рыќ ќ±с сєлемге келер”деген мєтел бар



бет31/53
Дата04.01.2022
өлшемі0,74 Mb.
#108976
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53
Байланысты:
Мәдениеттану

Жұмбақ - қай елдің фольклорында болмасын салмақты орын алатын арналы саланың бірі. Қазақ халық жұмбақтары да ғалымдар назарына ерте ілініп, арнайы зерттеліп келе жатыр. Оның көне жазба үлгілерін қыпшақ тілінің ескерткіші (XIV ғ.) «Кодекс куманиканс», М. Қашқаридің «Диуани луғат-ат түрк» сияқты кітаптардан кезіктіреміз.

Революцияға дейінгі кезеңде қазақ жұмбақтарын жинауға М. Иванов, М. Ибрагимов, А. Лютш, П.М. Мелиоранский, А. Алекторов, Ә. Диваев сияқты адамдар ат салысты. Қазан қаласында жұмбақтарға арналған кітаптар ғасыр басында-ақ шыға бастады.

Қазақ жұмбақтарының толық жинағы 1959 жылы ғана жарық көрді. Жұмбақтардың қыр-сыры С. Сейфуллин, М.Әуезов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин еңбектерінде кеңінен сөз етіледі.

Жұмбақтың шығу тегінің рулық қоғамдағы әскери дипломатия мен отбасылық әдет-ғұрыптарға байланысып жатқандығы ғылымда айтылып жүр. Жұмбақтың бұл көне қызметі эпикалық көлемдегі фольклор жанрларында молынан көрініс тапқан. «Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын, жүйріктігін жұмбақпен сынау машық болған... » - деп жазады М.О. Әуезов.

Халық жұмбақтарының тақырыптық ауқымы өте кең. Профессор М. Ғабдуллин «Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек құралдары хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және өмірі, өнер-білім, техника т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы» - деп келіп, олардың тақырыптық жіктерін мысалдар келтіре отырып айқындайды.

Жұмбақ белгілі зат пен құбылыстың ең негізгі қасиеттерін шебер жинақтап, адамды ойлануға мәжбүр ететін ой жаттығуы ғана емес. Ол баланы байқағыштыққа, көңіл зеректігіне, көп қасиеттердің ішінен ең мәндісін ажырата білерлік талғампаздыққа да үйретеді. Жұмбақ өз ойын жинвқтап, аз сөзбен жеткізе білуге де тәрбиелейді. Ал жұмбақтың өлең оралымдары, ұйқастықтары, айшықты сөз қолданыстары, оның теңеу, метафора сияқты көркемдік тәсілдермен шебер, қиыстыратын суреттеу құралдары арқылы балаларға берер эстетикалық нәрі аз емес.


Төбелбайдың төрт ұлы,

Төбелесіп келеді.

Ерубайдың екі ұлы

Ерегісіп келеді.

Алдындағы Аңғарбай

Шөпшек теріп келеді.

Артындағы Артықбай

Шыбан қағып келеді

(Түйе)
деген тәрізді жұмбақтар оның халық кәсібімен, күнделікті тұрмысымен де етене байланысып жатқандығын танытады. Бұл жұмбақты түйенің тайрандаған төрт аяғы мен ербиген екі өркешін, «шөпшек» терген аузы мен «шыбын қаққан» құйрығын көз алдында елестеткен қазақ баласы ғана шеше алады. Әрине, бертінде халықтың көне кәсібі мен ескі ұғым түсінігіне байланысты көне жұмбақтар балалар репертуарынан ысырылып барады.



Ат басты,

Арқар мүйізді,

Бөрі кеуделі,

Бөкен санды

(Шегіртке)


тәрізді кілең бейнелі өлеңге негізделіп құрылған тамаша жұмбақты бүгінгі балалар ұғына бермейді. Өйткені олар көз алдына арқардың мүйізін, бөрінің кеудесін де, бөкеннің санын да елестете алмайды. Оның есесіне балалар репертуарында:

Шыр-шыр етеді,

Құлағыңнан өтеді.

Ұстай алсаң,

Сөйлеп кетеді.

(Телефон)


Апам үшін қам жеген,

Тозаң жұтып, шаң жеген,

Жатыр үйде айдаһар,

Ондай мешкей қайда екен?

(Шаң сорғыш).


деген сияқты жаңа жұмбақтар көп.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет