Қазақ фольклорының тарихи сипаты басым көркем де құнды саласы эпостық жырлар



бет3/3
Дата07.02.2022
өлшемі207,68 Kb.
#82166
1   2   3
Байланысты:
бож

«Алпамыс батыр» жыры – басқа батырлар жырына қарағанда көне жыр болып есептеледі. Жырдың кейбір оқиғалары: Алпамыстың дүниеге келуі, түртіп қалған баланың өліп қалуы, зынданда жеті жыл жатуы сияқты оқиғалар жырдың көне жыр екенін айғақтай түседі. Жыр жақсылық пен жамандықтың тартысына құрылған. Соған орай жыр кейіпкерлерін екі топқа бөліп қарастыруға болады

Жырдағы жақсылық иелері

Жырдағы жамандық иелері

Алпамыс – негізгі кейіпкер
Байбөрі – Алпамыстың әкесі, Қоңырат елінің байы
Аналық – Алпамыстың анасы
Қарлығаш – Алпамыстың қарындасы
Жәдігер – Алпамыстың баласы
Шұбар ат –Алпамыстың тұлпары
Гүлбаршын – Алпамыстың сүйген жары
Алтыншаш – Гүлбаршынның анасы
Қаракөз – Алпамысқа ғашық болған Тайшық ханның қызы
Кейқуат – Алпамыстың зынданнан шығуына себепкер болған қойшы
Құлтай, Тортай – Алпамыстың туыстары

Ұлтан – зорлық-зомбылықты өз жақындарына жасаған залым адам
Сарыбай – Шекті елінің байы, Гүлбаршынның әкесі
Қараман – Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған қалмақ ханы
Тайшық хан – Байбөрінің жылқысын алып кеткен хан
Таймас – Алпамыспен шайқасқан жігіт
Бадамша – Ұлтанның сақау әйелі
Мыстан кемпір – Алпамысты алдап қолға түсірген жауыздық иесі


Қорытынды
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді. Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді. Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады. Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі (тұрмыс-салт ертегілері), қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар (қиял-ғажайып ертегілер), адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар (хайуанатар туралы ертегілер), белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары (Алдар көсе, Қожанасыр әңгімелері) сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым (мыс., Жиренше шешен, әз-Жәнібек туралы аңыз әңгімелер). Шағын көлемдегі Эпостық жанрларға көркем очерк, новелла, әңгімелер жатады.

Пайдаланған әдебиеттер

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет