Қазақ халқы ассамблеясы



бет6/7
Дата07.02.2022
өлшемі6,55 Mb.
#92847
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация Кенесов Данияр

АССАМБЛЕЯ ҚҰРЫЛЫМЫ

  • Қазақстан Республикасының Президенті Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады, Ассамблея қызметінің бағыттарын айқындайды, Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды.
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне — Елбасына Қазақстан халқы Ассамблеясын өмір бойы басқару құқығы тиесілі. Ассамблеяның құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея Кеңесі, Ассамблея Хатшылығы, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.
  • Тәуелсіздік – тәңірдің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар жасадық. Елімізді білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде.
  • Н. Ә. Назарбаев
  • Қорытынды
  • ХХІ сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты.«Қымбатты отандастар, қадірлі қауым!
  • Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясының ашылуымен баршаңызды шын жүрегіммен құттықтаймын. Ұлы Жамбыл ақынның «Жігерлі болса ер болар, бірлікті болса ел болар» деген сөз бар. Бүгінгі сессияның өзегі бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті біздің осындай бірлікті ел болмысымыздың кепілі. Мәдениет тіршіліктің тірегі. Ортақ игіліктің ұлықталып ұлы істерге ұйымдастырудың бірегей тетігі. Бейбітшілік, руханият пен келісім бәрінің тамыры мәдениетте», — деді Н.Назарбаев.Мемлекет басшысының пайымынша, XXI ғасырдың ең басты заңы татулық.
  • Татулық пенен тыныштық арқылы экономика өсіп, халықтың әл-ауқаты күшейеді, бейбітшілік орнайды.«Келісім — экономика мен саясаттың қауіпсіздігіндегі өмірдің заңы. Біз келісім мәдениетін дәстүр ретінде ұрпаққа мұра етуге тиіспіз. Келісім мәдениеті мәңгілік болуы керек», — деді Елбасы.Сондай-ақ, сессия қорытындысында жиынға қатысушылардың Қазақстан халқына үндеуі қабылданады деп күтілуде.
  • Қорытындылай келе, Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, біртұтас болашақ. Сондықтан да біз бір халықпыз – бір елміз – бір тағдырмыз! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет