Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар. 1. Қазақ халқының дүниетанымындағы «кеңістік» пен «уақыт» ұғымдарының мәнін анықтап оларға мазмұндық сипаттама жасаңыз. 2. Аспан әлемі туралы дүниетанымдық көзқарастың еңбек тәрбиесімен байланысын ашып көрсетіңіз. 3. Қазақ халқының мал шаруашылығына байланысты дүниетанымдық көзқарасының еңбек тәрбиесіндегі ролін анықтаңыз. 4. Экологиялық меженің мәнін анықтаңыз. 5. Қазақ халқының дүниетанымындағы жыл мезгілдерінің еңбек тәрбиесімен байланысына мазмұндық сипаттама беріңіз.
2.2. Қазақ халық педагогикасы идеяларының бүгінгі еңбек тәрбиесіндегі көрінісі