Азақ халқының қалыптасуы. «Қазақ»


Шыңғысхан және Моңғол империясы



бет4/5
Дата15.12.2022
өлшемі0,85 Mb.
#162875
1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих

Шыңғыс хан және Монғол империя-сының құрылуы. Алтын Орданың тарихы.

Шыңғысхан және Моңғол империясы


/История /Шыңғысхан және Моңғол империясы
Ежелден-ақ Монғолияның табиғат жағдайы көшпелі мал шаруашылығымен айналысуға қолайлы еді. Елдің бүкіл аймағы құрғақ дала мен таулы жайылымдардан тұрды. Монғол тайпалары Х-ХІІ ғасырларда Ұлы Қытай қорғанынан Селенга өзенінің жоғарғы ағысына дейінгі жерлерді мекендеген. XII ғасырдан бастап монғол тайпалары Орталық Азиядан Байкал көліне, Енисей өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатты. Көшпелі мал шаруашылығымен айналысып: қой, ешкі, ірі қара және жылқы өсірген. Малдың сүті мен етін негізгі тамақ етіп, жүні мен терісін киім-кешекке, тұрмысқа қажетті заттарға пайдаланған.
Шыңғысханның дүниеге келуі
Біртұтас монғол мемлекетінің құрылуы Темужіннің (Темучин) (1162-1227) атымен байланысты. Темужін атақты бай рудан шыққан. Әкесі Есугей батыр 1155 жылы татар тайпасына шабуыл жасап, Темужін атты батырын қолына түсіреді. Сол жылы дүниеге келген баласының есімін Темужін деп қояды. Жастайынан Темужін өте қайратты және өжет болып өседі. Әкесі Есугей батыр қайтыс болғаннан кейін, Темужін анасы және бауырларымен бірге көп қиындық көрді. Әкесінің нөкерлері мен руластары бұлардан бөлініп кетті. Темужін бала күнінен әуелі отбасын асырау үшін, кейін нөкерлер мен туыстарын қайтару үшін көп күш жұмсады. 1190-1206 жылдардың аралығында Темужін көптеген түркі-монғол тайпаларын, атап айтсақ: татарларды, керейттерді, меркіттерді, наймандарды т.б. өзіне бағындырды.
1206 жылы Онон өзенінің бойында өткен Құрылтайда монғол нояндары Темужінді «Шыңсысхан» деген атпен ұлы хан етіп көтерді. Шыңғысхан бүкіл монғол тайпаларының басшысы болады. XIII ғасырдың басында Шыңғысхан Сібір халықтарының жері мен Қытай елін жаулап алып, Ұлы Монғол империясын құрды.
Шыңғысхан бүкіл Монғол жерін сол қанат және оң қанат деп бөлді. Бұлай бөлу ғұндар дәуірінен қалған дәстүр еді. Әрбір қанат түмендіктерге, ал олар мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді. Осылайша, әскери-әкімшілік жүйенің төменгісі он жауынгер жасақтай алатын отбасылар болды, ең жоғарғысы -қағанның он мың әскер жасақтай алуына мүмкіндік беретін иеліктер еді. Шыңғысханға өзіне шын берілген он мың таңдаулы жауынгерден тұратын «кешігі» — жеке ұланы қызмет етті. Өте қатал тәртібі, берік құрылымы бар әскерді монғолдардың феодалдық жоғарғы тобының өкілдері — нояндар, баһадүрлер, мергендер басқарды.

Шыңғысханның Қытайға жорығында Жалайыр тайпасынан шыққан ұлы қолбасшы Мұқали (1170-1223) ерен ерлігімен көзге түсті. Шыңғысхан батысқа аттанғанда Мұқалиды өзінің орнына Солтүстік Қытайдың билеушісі етіп қалдырған. Оған Го Уаң деген ең жоғарғы атақ берген. «Го Уаң» — ұлы князь» дегенді білдіреді.
Шыңғысхан құрған Ұлы монғол мемлекетінің аумағы оңтүстігінде Ұлы Қытай қабырғасынан, солтүстігінде Селенга өзеніне дейін, шығысында Хинган қыратынан, батысында Алтай тауына дейін созылды.
Шыңғысханның жаулап алушылық жорықтары. Монғол тайпаларын біріктіргеннен кейін, Шыңғысхан танғұттардың Батыс Ся мемлекетіне шабуыл жасайды. 1207 жылы Енисей жағалауындағы ойраттар т.б. тайпалар бағындырылды. 1211 жылы монғолдар Солтүстік Қытайдағы Цзинь мемлекетіне шабуыл жасады. 1215 жылы ұзақ соғыстан кейін Шыңғысхан әскерлері Пекинді алды. Солтүстік Қытайда әскербасы Мұқалиды (Мүқылай) 23 мың әскермен қалдырды. Шыңғысхан Монғолияға қайтып келіп, 1218 жылы Жетісуда бекіген наймандарды бағындырды. 1219 жылы монғолдар Қазақстан мен Орта Азияны жаулауды бастайды.
1219 жылдың күзінде монғол әскері Отырар қаласына келеді. Отырар әмірі Ғайыр хан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалды. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар халықты қырып, қаланы жермен-жексен етеді.
1220 жылы Хорезм мемлекетінің астанасы Бұхараны, одан кейін Самарқанды қоршап, оны да басып алды. 1221 жылы Орта Азияның соңғы қаласы Мерв монғолдарға қатты қарсылық көрсеткенмен, ол да жеңіліс тапты. Сөйтіп, Орта Азияны жаулау аяқталады. Жебе мен Сүбедей қолбасшылар басқарған монғолдар Әзірбайжан мен Грузияны талқандап, Қырымға жетті. 1223 жылы Қалқа өзенінде қыпшақтар мен орыстар да жеңіліс тапты. 1226 жылы Шыңғысхан Батыс Ся мемлекетіне тағы да жорық жасап, 1227 жылы бұл елді де біржолата бағындырды. Шыңғысхан сол жылы 72 жасында қайтыс болды.

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы


Монғол империясын Шыңғысхан ұрпақтары биледі. Хан ордасы — империя орталығы Қарақорымда орналасты. Ең жоғарғы әміршісі ұлы хан саналды. Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғысхан ұрпақтарының жалпы империялық жиналысы — Құрылтай зор рөл атқарды.
Құрылтай ресми түрде өкімет билігінің жоғарғы органы болды. Құрылтайда ірі әскери мәселелер, ішкі саясат, Шыңғысхан ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда ханды салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Құрылтайды шақыру мерзімі күні бұрын белгіленіп, ұлыстарға хабаршы жіберу арқылы жария етілді. Құрылтай көктемде шақырылды.
Құрылтай іс жүзінде Шыңғысхан ұрпақтары әскербасыларының және азаматтық әкімшілік басшыларының қабылдаған шешімдерін бекітті. Империя әміршісінің билігін шектемеді. 1259 жылы Мөңке қаған өлгеннен кейін жалпымонғолдық құрылтайына шақыру тоқтатылды. Монғол империясында құрылтайдың орнына ақсүйектер кеңесі шақырылып тұрған. «Кеңес» сөзінің екінші мағынасы «той» дегенді білдірген. «Тойға» Шыңғысханның ұрпақтары, әскербасылар, билеушілер мен есімі елге белгілі әйелдер де қатысты. Тойдың негізгі мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеу болды. 1269 жылы осындай басқосу Талас өңірінде өтті.
«Яса» («Жасақ»). XIII ғасырдағы әдебиеттерде «Ұлы Яса» деп аталатын Шыңғысханның әртүрлі мәселелерге байланысты айтылған заңдары қалыптасты. «Яса» (монғолша — «жасақ», «құқық», «салық») деген мағына береді. Алғаш рет монғолдардың құрылтайында (1206 жылы) оқылған. Ясаның 36 үзіндісі күні бүгінге дейін жеткен. Бұл заңды зерттеуші ғалымдар, оны 5 бөлімнен тұрған деп болжайды: 1) қылмыс, оған берілетін жаза; 2) соғыс, әскери жасақ; 3) отбасы және неке; 4) мақтау; 5) салт-дәстүр, ырым.
Яса заңы бойынша соғыстан түскен байлық былай бөлінген: 3/5 -әскерге; 1/5 — қағанға; 1/5 — әскербасына. Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері қатаң жазаланатын болды. Монғол хандары «Ясаны» ел басқаруда ұзақ жылдар бойы басшылыққа алып отырды. «Яса» («Жасақ) Монғол мемлекетінің әскери-феодалдық сипатын көрсетеді. «Қаған тәңірдің өкілі, аспандағы Құдай, жерде қаған бір», — делінген. «Ясада» хан, қағандарды мұрагерлік жолмен сайлау тәртібі бекітілді. 1. «15-тен 60 жасқа дейінгі әрбір адам әскери борышын өтеуге міндетті. 2. Әрбір жауынгер ер-азамат мыңдық, жүздік, ондығынан басқаға ауысуға тыйым салынады. Бұл талапты бұзғандардың басы алынады. 3. Соғыс алаңын тастап кеткен, соғыс жиынына келмей қалған және соғыстан түскен олжаны жасырғандар немесе иемденіп кеткендердің басы алынсын» делінген.
Орданың жанында төтенше сот жұмыс істеді. Әрбір мыңбасы азаматтық сот рөлін атқарды. Жүзбасылардың өзіндік айыппұл салу құқығы болды. «Яса» («Жасақ») бойынша дінбасылары мен діни қауым өкілдері салық төлемдерінен босатылды. Жасы үлкендерді сыйлап, әлсіздерге қол ұшын беру, оқымыстыларға ерекше құрмет көрсету баптары белгіленді.
«Ясада» тәрбиелік мәні бар нақыл сөздер мен өсиеттер де айтылды. Мысалы, «Ой тазалығы үшін ақыл, мәдениет тазалығы үшін білім қажет», «Өз ошағын (бесігін) түзей алмаған адам елін де түзей алмайды», «Өліммен бетпе-бет келсең де, еліңді сатпа» т.б. Монғол империясы тұсында «Яса» («Жасақ») заңы монғолдар билік жүргізген барлық өлкеде қолданылды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет