Азақ халқының қалыптасуы. «Қазақ»



бет1/5
Дата15.12.2022
өлшемі0,85 Mb.
#162875
  1   2   3   4   5
Байланысты:
тарих



Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.
Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезенің сонау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты, Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына , тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзіңде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкелді. Бірақ ол ауысу сол белгілі аймақта өтті.
Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларынан, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағынан кейбр зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады.
Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.
Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты.
Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер айтады. Моңғол шапқыншылығы бұл түзіліске жол бермей, қыпшақ қоғамындағы этникалық қалыптасуды бөлшектеді. Бір қыпшақ этносынан бірнеше түркі тілдес халықтар тарады. Оның ішінде қазақ, башқұрт, татар, қырғыз т.б халықтар. Ал оның салдарын қарастыратын болсақ, түркі тілдес тайпалардың халық болып қалыптасуына сол ортада өмір сүрген кей тайпалардың негіз болғандығын көреміз. Осының арқасында төмендегідей этникалық топтар пайда болды.
1. Қыпшақ тобы башқұрт, қазақ, қарайым, қараөалпақ, қарашай, малқар, құмық, қырым татарлары.
2. оғыз тобы әзірбайжан, балқан түріктері, гагауыздар, түркімендер.
3. Қарлұқ тобы өзбек, ұйғырлар.
4. Аралық бұтақ алтай, қырғыз, салар, тофы, тува, хакас,шор, шұлым.
Қазіргі дерек бойынша әлемде отызға тарта түркі тектес халық 22 мемлеетте өмір сүреді. XIII ғасырдың басында қалыптасып үлгермеген қазақ халқының зор апатқа ұшыратқан моңғол шапқыншылығы болды. Шапқыншылық қазақ халқының халық болып қалыптасуын екі ғасырға тежеді. Отырықшылықтың жойылуы, қалалардың жермен жексен болуы, елді мекендердегі тайпалар мен руларды да қырғынға ұшыратты.
Моңғолдардың жаулауы бағыныштылыққа түскен тайпалардың тек саяси экономикасына ғана емес, оның антропологиялық, демек физиологиялық жағына да өзгеріс енгізеді. Кейбір қалалардың талқандалуы, дамуын тоқтатуы, жергілікті тайпалардың мәдениетіне нұқсан келтірді, отырықшылықты жойды.
Ең бастысы белгілі аймақтың ортақтастығы тайпалар шаруашылығының, әдет ғұрып , салт санасының біртіндеп бір диалектіде сөйлесуі де, жалпы алғанда бір бірімен қай жағынан болса да жақындаса түсуі жүріп жатты.
Қазақ даласында пайда болған Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарында ақ сүйектер билігі орнағанымен олар біртіндеп түркіленді, тіпті жергілікті халықтың тілін қабылдады. Бір аймаұта өмір кешкен тайпалар мен рулардың шаруашылығының үш түрі негізінде ортақ экономикасы , тілі , мәдениеті қалыптасты. Қажеттіліктен туындаған бұл алғы шарттар аймағы жағынан ортақтас болған тайпалармен рулардың бірігуін тездетті.
Ұлыстардың орнында XIII-XV ғасырлардағы пайда болған Алтын Орда, оның әлсіреу нәтижесінде белгілі болған. Ақ Ордадағы,Моғолстан,Ноғай Ордасының қалыптасуы да тайпалардың этникалық топтасуына ықпал етті. Оның ішінде, әсіресе Ақ Ордадағы топтасу жылдам жүрді. Оған негіз болған Ақ Орданың қыпшақтардың жерінде құрылуы. Түбінде бұл аймақтың қазіргі Қазақстан аймағы екендігін ескерсек, Ақ Орданың басқа иеліктерге қарағанда қосқан үлесінің зор екендігін айтуға болады. Ал, моғолстанның жерін алсақ,ол қазіргі Жетісуға сай келеді, сондықтан да біз моғолстанның да тарихтағы орнын атауымыз керек. Белгілі аймақтарда өмір сүрген тайпалар өздерінің тұрақтылығына байланысты айқындалады. Оған біз жетісу аймағындағы үйсіндер мен қаңлыларды мысалғы алсақ жеткілікті. Себебі, аталған тайпалар бұл аймақта сан ғасырлар бойы өмір сүріп келеді,олардың автохотондылығы айқын, қазірдің өзінде Жетісу жеріндегі белгілі руларға жатады. Дешті Қыпшақ жерінде біртіндеп қалыптасқан үш әулеттің екеуінің Жошы және Шайбанның басты аймағы қазақ даласында өмір сүріп, билік үшін өзара шайқасты.Шыңғыс ұрпағы жергілікті тайпаларға араласып кетті.
Қазақ халқының құрылуына моңғол шапқыншылығынан кейін қайта өрлей бастаған дәстүрлі шаруашылық, көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығының, отырықшы егіншіліктің үйлесуі ықпал етті.
Қазақ даласында ертеден өмір сүріп келе жатқан және түрлі саяси жағдайларға байланысты көшіп қону процесінің күшеюі нәтижесінде қоныс тепкен тайпалар болып топтастырды, кейін келешекте «қазақ» деген этникалық ортақ атауға ие болды.
«Қазақ» этнонимі, қазақ жүздері.
«Қазақ» этнонимінің туу тарихы ұзақ уақыт бойы ғылыми тартысқа түсіп келе жатыр. Дегенменде, айта кететін жағдай, ең алғаш рет «қазақ» термині 1245жылы Мамлюктік Египет елінде қыпшақтар мекендеген жерде араб-қыпшақ сөздігінде кездеседі. Бұл сөздік «қазақ» терминінің жазбаша дерекке түскеннің дәлелі. «Қазақ» термині «еркін,кезбе» деген мағынада аударылған. Бұл аударма терминнің әлеуметтік мәнін көрсетеді.Демек, XIV-XV ғасырларға дейін қазақ даласында орын тепкен мемлекеттердің де «қазақ» халқының қалыптасуына қоқан үлесі мол. Қазақ халқының толық қалыптасып аяқталуы XIV-ғасырдың екінші жартысы XV-ғасырдың бірінші жартысы.
Осы саланың зерттеп жүріп ғалымдар сонау орта ғасырлық кезенде жазылған болжамдарды негізге алады.Оның ішінде,әсіресе,Византия императоры Константин Богрянародныйдың «мемлекетті билеу»атты еңбегінде(X ғасырдың орта шені) Кавказдың солтүстік батысында жатқан «Қазахия елі»туралы айтқан мәліметтер. Бұл жөнінде ғалым Минорский «Казахияның» «Касахия» деп түсіну қажеттігін айтқан. Ғалымдар «Касахия» ұғымының «қазақ» емес «косок» тайпасы туралы, ал олар Кавказдағы автохтонды тайпа дейді. Демек, қазаққа қатысы жоқ екендігін дәлелдейді. «Қазақ» термині туралы ғылыми пікірлердің мұсылмандық қоғамда да орын алғандығы туралы және оларды жинақтап,Қазақстан тарихын II томына түсірген ғалым Б.Е.Көмеков. Ғалым «Китап ат-танбих ва ль-ишраф» , «Худуд әл алам», «Китаб әл футух», «Қасиетті жылнаманың», «Қазақ» деген терминге қатысты жерлеріне талдау жасайды.
«Қазақ» термині қыпшақтар қоғамында қалыптасты деп айтылған ой әбден дұрыс, себебі кең қазақ өлкесі сол қыпшақтар мекенінде орналасқан. Сонымен қазақ ұғымының пайда болуы қыпшақ кезеңімен тікелей байланысты. Бұл орайда «қазақ» терминінің алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылуы оның әлеуметтің мағынасына сәйкес екендігін көрсетеді. IX-X ғасырларда әр түрлі аймақтарда «қазақ» деген атау кездесіп отырған, бұл еркін өмір сүргендерді жалпы осылай аталғандығын көрсетеді.
Қазақ халқының жүзге бөлінуі ғалымдардың алдындағы тұрған әлдеде шешімін таппаған мәселе. Жүзге бөлінудің аймақтық негізінде жүргені белгілі. Бұның төңірегіндегі басты мәселе, оның уақытын анықтау. «Жүз» термині туралы да ойлар көп. Осы кезге дейінгі «жүз», «жақ» деген ұғымды беріп келсе, К.А. Пищулинаның зерттеулеріне сүйене отырып, «тармақ» деген сөзбен түсіндіріледі. Егерде қазақ халқының үш жүзге бөлінуін басшылыққа ала отырып, жалпы ертеректе өмір сүрген тайпалардың, халықтардың бөлінудің үйсіндерден басталғаның көруге болады. Ежелгі үйсін мемлекеті үшке; шығыс, батыс, орталық болып бөлінген, батыс түрік қағандығы он қанат және сол қанат болып екіге бөлінеді. Жалпы ежелгі, ертеректегі кезеңдегі осылайша саяси жағынан маңызы бар бөліну процесі үйсіндердің үшке, ал қалған тайпалар мен халықтардың моңғол шапқыншылығына дейінгі аралықта екіге бөлінгендігіне көз жеткізу қиын емес. Ал, Шыңғыс хан жаулап алған жерлерін, оның ішінде қазақ даласын үш баласына беруіне байланысты , үш ұлыс пайда болды. Әрине, бұл тұста «жүз» деген ұғым орын алған жоқ. «Жүз» ұғымының кең етек алуының Тәуке ханның билер институтының негізін қалауы мен байланыстырған жөн секілді. Бұл XVII ғасырдың II-жартысынан басталады. Оның үстіне XVII ғасырдың ғасырдың II жартысы XVIII ғасырдың бірінші ширегі Рамоновтар әулиетінің ең беделді I Петрдің заманы.
Ресейді көркейтуді- шет аймақтар байлығын игеру арқылы жүзеге асыруды көздеген ол, қазақ даласын зерттеу мақсатында экспедицияларды бірінен соң бірін аттандырады. Жүздердің орналасуы, оның құрамындағы тайпалар туралы, тіпті, ру шаңырақтарының нақты саны генерал-губернаторларға жинақталып тапсырылып отырды. Осындай мәліметтерді басшылыққа ала отырып, XVIII ғасырдағы үш жүз қазағының жалпы саны 2 млн адамға жеткендігін байқауға болады.
Үш жүздің орналасуына жеке—жеке тоқтаған, Орынбор генерал губернаторы Г.Волоконский XVIII ғасырда барша қазақстан территориясы Жетісу, Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан болып, 3 түрлі шаруашылық аймаққа бөлінгендігін жазып қалдырған. Олардың әр қайсысының өз жайылымдары мен қыстаулары болған. Әрбір жүздің тайпалары жалпы шаруашылық ортақтастығы негізінде топтасқан, өз шекарасының өзге жерлерге көшіп қонбаулары мен дараланған. Әрбір жүз өзінің малын белгілі бір аймақта жайған. Осымен қатар олар өздерінің саяси экономикалық, әлеуметтік мәселелерін жеке шешіп отырған. Жүздердің тілі, әдет ғұрпы, шаруашылығы жағынан бір бірінен ешбір айырмашылығы болған емес. Жетісу көшпенділері Шу, Талас, Сарысу, Сырдария, Іле өзендерінің бойында, Алатау жайылымдарында көшіп жүрді. Бұл аймақ Ұлы жүз жері деп аталды. Ұлы жүзге: үйсіндер, қаңлылар, дулат,албан,суан, жалайырлар және т.б. жатады.
Орта жүз қазақтары Сырдария,Қаратау баурайында тұрды. Тобыл,Есіл,Нұра,Аякөз,Ертіс өзендерінің бойында отырықшылдық пен айналысты. Олар Орталық Қазақстанның далалық аймағын көші қонға тиімді пайдаланды. Оларға қыпшақтар,арғын,найман,керей, қоңырат, уақтар т.б. кіреді.
Қазақ хандығының құрылу алғы шарттары
Қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейдің дербес хандық құру туралы ойларының жылдар бойы қалыптасқандығын дәлелдейтін нақты жағдайлар бар. «Көшпелі өзбек» ханы Әбілқайырдың жаулау әрекеттері қазақтарды тығыз қоныстанған Сыр бойынан ығыстыра бастады. Бұл әрекеттер, әсіресе, 1446 жылдан басталды. Осы жылы Әбілқайыр хан Түркістан аймағын иеленіп,сондағы Сығанақ қаласын астана етеді. Сөйтіп, мемлекеттің саяси орталығы Керей мен Жәнібек сұлтандар ұлысы жеріне ауысады. Әбілқайыр хан Сырдың орта ағысы бойын иелену арқылы Дешті Қыпшақтың Орта Азиямен сауда қатнастарына өз бақылауларын орнатады. Сол сияқты Сыр бойындағы қысқы жайылымдар шайбанилық сұлтандар иелігіне көшті. Саяси әрі экономикалық аймақтан айырылу қазақ сұлтандарына үлкен соққы болып тиді. Әбілқайыр ханның мұнадай іс-әрекеті осы аймақты иеленіп келе жатқан Орыс хан ұрпақтарының мүшелеріне қайшылық келтірді. Көшудің бастамасы осы жағдайлар болса,ары қарай оның өрши түсуіне әкелген 1457жылғы оқиға болды. «Көшпелі өзбек» хандығының, оның билеушісі Әбілқайыр хан 1457 жылы өз астанас Сығанақ түбінде ойраттардан ойсырай жеңілді. Сол жылы Әбілқайырдың ішкі саясатына наразылық білдірген Керей мен Жәнібек сұльандар 200 мың қазақпен Моғолстанға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есен Бұқаның оларды құшақ жая қарсы алудың екі себебі бар. Біріншіден, Есен Бұқа мен Керей өте жақын туыс. Есен Бұқа Керейдің қарындасына үйленген. Екіншіден, Есен Бұқа Керей мен Жәнібектің күшін пайдаланып,ойраттар мен Көшпелі өзбек хандығынан қорғану үшін шекараны нығайтуды көздеді. Қазақ хандығы Жетісудың батыс бөліғінде Шу мен Талас өзендерінің аралығында Қозыбас деген жерде негізін қалады. Осы тұста Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға қоныс аударуының мәніне себептеріне мән беретін болсақ,ағайынды екі қазақ сұлтандарының көшпелі өзбек ханы Әбілқайыр ханның жүргізген ішкі-сыртқы саясатына, әсіресе, салықты көбейткен экономикалық қысымына қарсы наразылықтары деп білсек,екіншіден Жошы әулетінен шыққан Керей мен Жәнібектің алдына қойған ең басты мақсаты жаңа қалыптасып біткен қазақ халқының мемлекетін дербес түрде құру болды.Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы
Лекция мәтіні:
1. «Адамзаттың тарихқа дейінгі тарихы» пәні адамзаттың және адам қоғамының пайда болуын, сондай-ақ олардың қоғамдық, әлеуметтік институттарының тууы мен дамуын объективті-тарихи тұрғыдан түсіндіру. Бағдарламада тарих ғылымының негізгі теориялық мәселелері: адамның пайда болуы және қалыптасуы, олардың алғашқы еңбек, шаруашылық, тұрмыс әрекеттері, қоршаған табиғатты игеруі, қоғамдық қатынастары, рулық қоғамның шығуы және дамуы, алғашқы қоғамдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары және таптық қоғамның шығуы мәселелері қамтылған. Сондықтан да аталған курс адамзат тарихының жалпы заңдылықтарының теориялық негізін оқытуда маңызы зор.
Пәннің мақсаты: Адамзаттың тарихқа дейінгі эволюциясы қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, рулық қоғамның шығуы, алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауының алғы шарттары, дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.
Пәннің міндеттері: Адам баласының және қоғамның пайда болуы мен дамуының теориялық мәселелері, шаруашылықтың, материалдық және рухани мәдениеттердің пайда болуы және даму проблемасы, алғашқы қоғамның ыдырау заңдылықтары мен жалпы бағыттарын айқындауға міндеттелген.
Адамзат тарихына біркатар бірін-бірі дәйекті ауыстырып отырған қоғамдық экономикалық формациялар алғашқы тұрмыстық қауымдық құл иеленушілік, феодалдық капиталистік коммунистік формациялар мәлім. Алғашқы тұрмыс тарихының зерттеу пәні жер бетінде адамның пайда болуына таптық қоғамдар мен мемлекеттердің туына дейін бүкіл орасан үлкен уақыт кезенің қамтитын осы формацилардың алғашқы болып санады.
Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихы адамның шығуы оның шаруашылық және қоғамдық қызметінің тууы мен бастапқы дамуы мен, оның материалдық және рухани мәдениетінің пайда болуы мен алғашқы кадамдарын зерттейді. Алғашқы тұрмыстық қоғам тарихының аса маңызды міндеті алғашқы тұрмыстың қауым құрылысының негізгі ерекшелікгерін анықтап табу, оның қалыптасуының, дамуы мен ыдырауының жалпы заңдылықтарын ашып көрсету, оның таптық қоғамға айналу жағдайлары мен формаларын зерттеу болып табылады.
2. Алғашқы тұрмыстық қоғамның тарихы – тарихы ғылымның бір шама жас саласы. Ол өткен ғасырдың екінші жартысында пайда болып әрі, тек жүз жылдай уақыттан бері ғана өмір сүріп келеді. Алайда, бұл бұрын адамдар адамзат тарихының бастапқы кезі туралы ұғымды көз алдына келтіруге әрекет жасамады деген ынта қою адамдарда өз дамуының өте ерте кезеңдерінде-ақ туған. Қалай болған күнде де этнографтар зерттеген ең артта қалған халықтар да өздернің алыстағы өткеншағы тұралы ата бабалары іс әрекеттері мен ерліктері тұралы рулар мен тайпалардың шығуы жайына аузекі әнгіме-аңызда табылған. Санау ежелгі заманды көршілерінің тіршілік еткен шағын қадағалау олардың өткен шағылар көз жіберу әрекеттері де жатады. Орта ғасырларда шіркеу мен схоластика ғылымды жаншып басып келді. Осы кезде ежелгі заманға қарағаннан гөрі адамдардың өткен шағы туралы және беймәлім елдердің халыктары жайында, барып тұрған қисынсыз ойдан шығарылған қаусеттер таратылды. Орта ғасырдағы географтар мен шежірешілер ит басты адамдар (киноцефалдар) туралы немесе көрпе сиякты өзінің орасан үлкен құлақтарына оранған фанезийліктер жайындағы аңыздарды шын деп білді. Адамзаттың шығуы жене оның ауел бастапқы тарихи проблемаларыны келетін болсақ, бұл жөнінде бәрі де библия (інжіл) аңыздарында айтылып қойылған деп саналды. Ал, қалайда осы қиын жағдайлардын өзінде де жер және оны мекендеген халықтар жайындағы білім молайып кеңейе түсті. Осы білімдер кейініректе алғашқы тұрмыс тарихын зерттеудің көзі де болды. Араб географтары Шығыс Европа мен Азия халықтарының сипаттамасын құрастырды. XIII ғасырдағы орта азия халықтары туралы тамаша деректертер географ Чан-Чуньнің сапар жазбаларынды сақталған. Сауда байланыстарын орнату үшін Шығысқа аттанған саяхатшылар (Плано Корпини, Рубрук, Мерко Поло және басқалары) европалықтардык Шығыс халықтарымен таныстығын кеңейте түсті. Европада этнография білідердің қорланып жиналуындаға нағыз төнкеріс ХV ғасыр ұлы география жаналықтар ашылған көздерден басталады.
XVIIІ – ғасырдың өзінде-ақ шотланд философ Адам Фергюсон (1723-1816 жж.) өзінің “Азаматтық қоғам” тарихы очеркінде 1767 жылы белгілі дәрежеде этнографиялық мариалда құрып адам мәдениеті дамуының жалпы концепциясын жасауға тірісті.


Ежелгі металлургия кезеңіндегі көшпелілер өркениетінің қалыптасуының алғышарттары. Атқа міну мәдениетінің генезисі.
Металлургия туралы тарихи мәліметтер. Металлургия – кенді шикізаттан, қайтарма шикізаттан және шикізатты өңдеудің әртүрлі аралық өнімдерінен металдар мен қорытпаларды өндірумен айналысатын өнеркәсіптің саласы. Металлургия - бұл металдарды бөліп алу мен тазарту, химияның, физиканың, физикалық химияның және бірқатар техникалық пәндердің негізінде пайда болған және дамыған қорытпаларды, ұнтақты және композициялық материал-дарды алу әдістері туралы ғылым. Б.з.б. дейінгі бірнеше мыңдаған жылдарға дейін-ақ алтын, күміс, мыс, қорғасын секілді металдар алынған. Қазіргі уақытта металлургия саласына 72 металл жатады. Бүгінгі күні 86 металл белгілі, оның 63-і, яғни 75 % жуығы, XIX ғасырдың басында ашылды. Металдың ашылуы мен оны таза күйде бөліп алуға дейін көп уақыт өтті. Мысалы, бериллий 1798 жылы ашылды, ал таза металл зертханада тек 1899 жылы алынды –101 жылдан соң. Металдың зертханада алынуымен оның өнеркәсіптік өндірілуіне дейін де көп уақыт қажет. Кез-келген металды бөліп алу процесінің өнеркәсіптік игерілу ұзақтығы өңдеу құнымен ғана емес, оның тәжірибелі қолданылуымен де анықталады.
  • Ежелгі металлургияның отаны ретінде қазақ жерін атауға болады. Металды балқыту арқылы, одан бұйым жасауды ата-бабамыз осыдан 4-5 мың жыл бұрын меңгерген еді. Металлды меңгеру бойынша археолог ғалымдардың ғылыми тұрғыдан дәлелдері Қазақстаннан табылған көптеген құнды жәдігерлермен байланысты. Қазақстан бүгінгі таңда да түсті және қара металлургияның қайнар көзі саналады. Археолог ғалымдардың мәлімдеуінше ежелгі замандағы металлургияны өндіру Орталық Қазақстан жерінде жүзеге асты. Бұл аймақта ерте кезеңде адамдар мыс балқыту арқылы түрлі бұйымдар жасаған.


  • Металл өндіру мен оның тарихтағы орны жайлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақалада мынадай ой-пікір білдіреді: «Металл өндірудің амал-тәсілдерін табу тарихтың жаңа кезеңіне жол ашып, адамзат дамуының барысын түбегейлі өзгертті. Сан алуан металл кендеріне бай қазақ жері – металлургия пайда болған алғашқы орталықтардың бірі. Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді».


  • Қазақстандағы металлургия өндірісі бастауы энеолит кезеңінен бастау алады. Ғылыми тілде энеолит дегеніміз мысты-тас кезеңі деп сипатталады. Ал мыс болса бірнеше металлдар қоспасынан тұрады.


  • Неолит дәуірінен соң келетін келесі тарихи кезең – энеолит дәуірі деп аталады. Осы энеолит дәуірінде адамдар мыс балқытуды толық игеріп, оны тұрмыста кеңінен қолдана бастады. Энеолит дәуірі б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтар аралығын алып жатыр. Бұл дәуірдің басты ерекшелігі, жоғарыда атап өткеніміздей – металл өңдеуді игеру болып табылды. Осы дәуірде тас құралдар жасау ісі құлдырап, олардың орнына мыс қосылған бұйымдар жасала бастады. Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан пышақтар, түйреуіштер және инелер жасала бастайды.


  • Энеолит дәуірінде алғаш рет мыстан пышақтар, түйреуіштер және инелер жасала бастайды.


  • Мыстан жасалған шоттың немесе басқа да құралдардың тастан жасалған шапқыға қарағанда жұмыс істеу тиімділігі бірнеше есе артты. Мыстан жасалған құралдар тиімділігі нашар тас құралдарды жаппай ығыстырып шығара бастады. Мыс қалыптардың ойлап табылуы құралдарды көбейтіп шығаруға мүмкіндік берді. Мыстан жасалған өткір жүзді құралдардың пайда болуынан қармақ сияқты бұрын белгісіз болған құралдар да ойлап табылды. Металлдың адам мен қоғам өміріне ене бастауы энеолит дәуірінің басты ерекшелігі болып табылатын.



Ұлы Дала көшпенділер өркениетінің бастауында тұрған ерекше мәдениетке төрткүл дүниенің қызығушылығын арттырған жылқы малы болып табылады. Қазақ халқында жеті саны дүниетанымында киелі орын алады. Жеті қазына, жеті ата, жеті шелпек секілді нанымсенімдері ұлы дала халқы ежелгі көне дәуірден бастап мән берген. Көшпенділер жеті қазынада алғашқы орында жылқы малын ерекше қастерлеп отырған.
Бүгінгі қоғам дамуында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласында: "Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты."-деп атқа міну адам өмірінің эволюциясының қозғаушы күші екенін атап өтсе; "Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр – жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің белгісі."-деп жылқыны мотор күшінің эквиваленті екенін ескерді.
Елбасының мақаласында атқа міну өнері қазіргі заман жетістіктерінің бәрі осы мәдениеттен тарағаны, оның тарауына мына біздің ұлы дала ата-бабаларымыздың себепкер екенін атап көрсетеді. Сонымен қатар түркі танушы ғалым В.В.Радловтың еңбектерінен Атқа міну мәдениетінің тарихын кездестіре аламыз.
Сондықтанда жылқы малын зерттеген Канзас университетінің профессоры Сандра Лин Олсен еңбектеріне назар аударсақ, алғашқы Қазақ жерінде б.з.б. 5-4 ғасырда өмір сүрген ежелгі Ботайлықтар жылқыны қолға үйреткендігі дәлелденген.  Дегенменде сан алуан жануар ішінен көлік ретінде неліктен жылқыны таңдағаны?! Бұл сұрағымызға ғалым Дени Дудро еңбектерінен кездестіре аламыз. Оның "Атпен жүрудің денсаулықты сақтаудағы мақсаты мен маңызы" атты трактатында, барлық денсаулыққа пайдалысы ең маңыздысы атқа мінудің көптеген ауруларды емдеп-жазуға болатыны дәлелденген002E
Сонымен қатар жылқы малының сүтінің пайдасы жайлы ғалым В. Толстиков деген дәрігер: “қымыз асқазанды ыстап, адамның өзін әлдендіреді, оның тәнін жаңғыртады” - деп жазған екен. Неміс ғалымдарының зерттеулері бойынша жылқы еті 17 түрлі ауруға ем болып табылады. Сондықтанда бүгінгі Тәуелсіз еліміздің Мемлекеттік Елтаңбасында бейнеленген қанатты тұлпар - дала дүлдiлi, тәуелсiздiкке, бостандыққа ұмтылыстың бейнесi екендігін білдіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет