Қазақ халқының материалдық мәдениеті



бет5/6
Дата20.02.2023
өлшемі3,39 Mb.
#169496
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
материалдық мәдениет

Қобыз
Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Қобыз екі шекті 40-қа тарта аттың ұзын қылы керілген ысқышы бар аспап.
Жетіген
Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.
3.Қазақтың киіз уйі
Киіз үйдің бөліктері:
1.Кереге
2.Уық
3.Шаңырақ
4.Сықырлауық
Керегекиіз үй сүйегінің қабырғалық бөлігі, талдан, жіңішке қайыңнан жасалады. Кереге көздерінің көлеміне қарай: тор көзді (кішкене) кереге және жел көзді (үлкен) кереге болып, екіге бөлінеді. Тор көзді керегеде уық байлайтын 20 бас, жел көзді керегеде 17 бас болады. Кереге жасайтын жас тал мен қайыңның қабығын аршып, көлеңкеде кептіргеннен кейін қозға көміп жұмсартады. Сонан соң тезге салып түзетіп, жонады. Дайын болған кереге ағаштарын қайтадан тезге салып мүсіндейді. Бұдан соң оларды бір-бірімен қосып, түйенің, өгіздің мойын терісінен дайындалған таспамен көктейді, жосамен бояйды. Ауқатты адамдар керегені әр түсті бояумен сырлатып, басын ішкі жағынан сүйекпен, күміспен әшекейлеткен. Жиюлы керегенің биікт. 2 м-дей, ені 75 см-дей болады. Ал жазған уақытта биіктігі сәл төмендеп, ені 2 – 2,5 м-ге дейін созылады. Кереге өзара таңғышпен байластырылады. Кереге санына қарай киіз үй 4, 6, 8, 12 қанат етіп тұрғызылады. Хан ордасының кереге саны 30-ға дейін жеткен.
Кереге
Уық
Уықкереге басы мен шаңырақты ұстастыратын ағаш. Ол сәмбі талдан (сыр талынан) жасалады. Уықтың кереге басына байланатын жағы жалпақтау, имектеу болып келеді, мұны уықтың иіні дейді. Уықтың жоғарғы түзу жағын қары, шаңырақ көзіне сұғынатын төрт қырлы ұшын қаламы дейді. Уықтың кереге басына байланатын жағын тесіл, бау өткізеді, оны уық бау (балақ бау) деп атайды. Қазіргі үйлер уықтарының ұзындығы 2 м — 2 м 20 см.
Шаңырақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет