Жапсырмалау дегеніміз мүсіннің жұмсақ материалдан жасалу техникасы. Мүсін жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болады. Жапсырмалау процесі бас бармақ пен сұқ саусақ қимылдары арқылы істеледі. Жұмыс барысында мүсінді айналдыра отырып, жан-жағынан сомдап, қадағалап, артық- кем жерлерін түзеп отыру керек. Жапсырмалаудың басты міндеті – бейнені айқын көру, көрген затты дұрыс елестете білу, жабыстыру, созу, жұмырлау, илеу сияқты тәсілдерін меңгеру.
Саз Ол шапшаң кебеді, пішінін сақтайды, икеліге көнгіш, белгілі беріктілігі бар, кез-келген бояумен бояуға болады. Саз-шөккен тау жынысы (порода). Сумен араласқанда жабысқыш және қалыпқа түседі. Саздан жасаған мүсінді ары қарай өңдегенде оларды күйдіреді. Күйдіру мүсінді мықты, әрі берік қылады.