Реферат тақырыбы:«Азықтың протеиндік қоректілігі»



бет1/6
Дата21.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#154286
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рауана азыктандыру дұрысы

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


Қазақ ұлттық аграрлық университеті




РЕФЕРАТ
Тақырыбы:«Азықтың протеиндік қоректілігі»

Орындаған:___________________
Тексерген:___________________


Алматы 2022ж

Жоспар
Кіріспе
1.Азықтың химиялық құрамы
2.Мал денесінің химиялық құрамы
3. Азық құрамындағы макроэлементтердің организмге тигізетін әсері
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Азық қоректілігі туралы ұғым, мал мұқтажын энергиямен, протеинмен, көмірсулармен, минералды заттармен және витаминдермен қанағаттандыру. Азық қоректілігін оның химиялық құрамы арқылы бағалау. Азықтың зоотехникалық талдау схемасы (үлгісі). Мал азықтандыруда азық құрамындағы су, көмірсулар, май, протеин (ақзат), минералды тұздардың зат алмасу барысындағы физиологиялық маңызы. Азық құрамындағы органикалық заттар – энергия көзі, мал денесінде ақзат пен май түзге жұмсалатын материал. Азықтың химиялық құрамы – азық қоректілігінің алғашқы көрсеткіші. Көпжылдық шөп, жүгері, арпа, картоп, асбұршақ, азықтық қызылша сияты негізгі азықтық дақылдардың әр гектарынан алынған түсімді бағалау, сол түсім құрамындағы құрғақ зат, протеин, клетчатка, май және азотсыз экстрактивті заттарды жалпы мөлшері. Азық қоректілігін қорытылатын қоректік заттар арқылы бағалау. Азықтың қорытылуы- мал қоректенуінің алғашқы сатысы. Азық құрамындағы қорытылатын қоректік заттарды анықтау тәсілері. Қорыту коэффициенттері туралы ұғым. Қоректік заттар қорытылуын ұлғайту жолдары. Азықтың қорытылу дәрежесіне әсер ететін факторлар. Қорытылатын қоректік заттар қосындысы мен қорытылатын энергия мөлшеріазықтың энергиялық қоректілігінің көрсеткіші. Протеиндік қатынас. Мал денесінде зат, энергия алмасу деңгейін анықтау тәсілдері. Зат және энергия алмасуы – мал денесіндегі тіршілік үрдістері және малдан мол өнім алу негізі. Азықтандыру арқылы мал денесіндегі материалдық өзгерістерді зерттеу, осы мақсатта қолданылатын тәсілдер. Мал азықтандыру арқылы ғылыми- шаруашылық және теңгермелік тәжірибелер жасау. Денедегі азот пен көміртегі тепе – теңдігін анықтау. Респираторлық тәжірибе (тыныс алдыру) арқылы денедегі энергия теп – теңдігін анықтау. Таңбаланған атом тәсілі. Азықтың жалпы энергиялық қоректілігін баалау. Азықтың энергиялық қоректілігі туралы түсінік. Азықтың жалпы қоректілігін бағалау тарихы мен оның дамуы. Энергиялық қоректілікті бағалау бірлігі (өлшем), қорытылатын қоректік заттар қосындысы (ҚҚЗҚ), скандинавиялық азық бірлігі (өлшемі), крахмал эквиваленті, сұлы азық өлшемі. Азықтың энергиялық қоректілігін бағалау тәсілдері. Мал шаруашылығын азық энергиясымен қамтамасыз ету негізі – азықтық дақылдар өнімділігін арттыру және табиғи азық өнім түсімділігін арттыру.Жоғары сапалы шөп алу әдісі.Шөпті әзірлеу технологиясы. Шөп дайындаудың әдеттегі және дәстүрлі әдістері бойынша шөпті шауып алып, ауа-райының қолайлы кезінде бірнеше сағатқа жайып алады. Одан кейін шөпті тырмалап үйеді де, қажетті қалыпқа дейін кептіргеннен соң бір жерге шөмелеге салып, жинайды. Шөптің бойындағы құнарлы заттарын жоғалтуы механикалық және химиялық болып бөлінеді. Құнарлы заттарды механикалық түрде жоғалту дегеніміз - шөпті жинау және қопсыту барысында өсімдіктің өзінің бағалы бөліктері болып табылатын гүлдері мен жапырақтарының сынуы. Әсіресе, гүлдері мен жапырақтары жалпы салмағының 50 пайызын құрайтын бұршақ дақылды өсімдіктерді жинау барысында жалпы шөп көлемін жоғалту қомақты мөлшерде болады. Механикалық түрде шөп көлемін жоғалтуды азайту үшін шабылған шөпті көп қозғай бермеу керек. Ал химиялық түрде шөп кө­лемінің азаюы жаңа шабылған шөп жасушаларында зат алма­судың, яғни биохимиялық үдерістің тоқтамауы әсерінен болады. Демек, шөптің құрғауы неғұрлым тезірек болса, оның бойындағы ақуыз, көмірсутегі, майлар, дәрумендердің ыдырау үдерісі де соғұрлым тезірек тоқтатылып, құнарлы заттардың жоғалуы да барынша азая түседі. Жоңышқаны кептіру айтар­лықтай қиын, өйткені оның сабағы қалың. Сондықтан оны жинау кезінде арнайы сабақты жалпайтып тастайтын шөп машиналары қолданылады. Осылайша ол тез кебеді, алайда, сабақтарын жалпайту кезінде өсімдіктің ыл­ғалдылығы, онымен бірге құнарлы заттары жоғалады. Дәнді дақылды шөптерді жалпайтпайды, өйткені олардың сабақтары жіңішке, яғни тез кебеді. Арнайы желдету арқылы шөпті жеделдетіп кептіруді жүзеге асыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет