Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ Агротехникалық университеті
Кафедра «Биология,өсімдік шаруашылығы және карантин»
Реферат
Тақырып: «Бір жылдық дәнді-бұршақ дақылдарының бактериоз және вироздары.»
Орындаған: Сапарова Нигина 20-13 ЗиКР
Қабылдаған:Әжімахан М.Ә
Астана 2023
Жоспар:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
2.1 Асбұршақ, үрмебұршақ, ноқат, қытайбұршақ өсімдіктердің бактерия вирус аурулары
2.2 Аурулардың сытқы белгілері, таралуы, инфекция қоры. Бақылау шаралары.
III.Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
1.Асбұршақ
Асбұршақ (Pisum L) бірнеше түрлерді біріктіреді, олардың ішінде барынша
кең тарағаны полиморфты P.sativum L- мәдени егістік асбұршақ Оның бірнеше түр тармақтары бар. Бастылары: кәдімгі егістік асбұршақ (P. Sativum),және далалық асбұршақ (Р.Arvense). Далалық асбұршақ (пелюшка) мал азықтық мақсатқа ғана тұқымға, пішенге және жасыл балаусаға өсіріледі.
2.0 Қазақстанда астыққа өсіруге рұқсат етілген және кең тараған асбұршақтың сорттары:
• Рамонский 77. Ресейдің қант қызылшасы ҒЗИ-да шығарылған. Түршесі
- вульгатум. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа төзімділігі
жоғары, ауруларға орташа төзімді. 1000 тұқымның массасы 180-250 г.
Ақмола, Ақтобе, Жамбыл, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды
облыстарында өсіріледі.
• Неосыпающийся 1. Ресейдің Луган МАТС-да шығарылған, эвадукум
түршесіне жатады. Сорт орташа мерзімде піседі, шашылуға жоғары
төзімділігімен ерекшеленеді, зиянкестер мен ауруларға орташа төзімді.
1000 тұқымның массасы 180-240 г. Ақмола, Шығыс-Қазақстан,
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында өсіріледі.
• Омский неосыпающийся. Ресейдің Сібір АШҒЗИ-де шығарылған,
эвадукум түршесіне жатады. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан
облыстарында өсіріледі.
• Таловец 50. Ресейдің Орталық-Қаратопырақты белдеуінің АҒЗИ-де
шығарылған, вульгаре түршесіне жатады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан
облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
2.1 Қытайбұршақ
Дәнді бұршақты дақылдардың ішіндегі ең құндысы – қытайбұршақ, себебі
оның дәнінде 30 - 52% ақуыз, 20% шамасында көміртегі, 17 -27% май бар.
Дақыл сіңімді және жеңіл қорытылатындықтан тамақ өнеркәсібінде кеңінен
қолданылады. Қазіргі кезде қытайбұршақтан әртүрлі тағамдар (май, ірімшік,
айран, шұжық, шоколад, кофе, какао) даярланады. Мұның күнжарасынан нан
жасалады, макарон өндірісінде оны қоспа ретінде пайдаланады.
Пероноспороз немесе жалған ақұнтақ –Pеronospora manchurica Syd.
Oomycota класының Пероноспоралылар қатарына жатады. Инфекция жүйелі
немесе диффузиялы таралса, ауру белгілері бүкіл өсімдік мүшелерінде, ал
жергілікті инфекциядан жапырақтарда некроздалған шағын дақтар байқалады. Ауруға шалдыққан жапырақтар мен сабақтарда, бұршаққындар мен дәндерде сарғылт, қоңырқай дақтар түзіледі. Ауаның ылғалдылығы жоғары болып,тамшы ылғал жиі сақталса,олардың үстінде өрмекші торы
сияқтысаңырауқұлақтың споралану мүшелерінен тұратын селдір өңез
байқалады. Конидиялар дөңгелектеу,реңі сұрғылт- күлгін, мөлшері 14-30 мкм,сағақтары қосарлана тарамдалған.
2.2 Ноқат (Cicer arietinum) бұршақ тұқымдастардың біржылдық және
көпжылдық шөптесін өсімдігі.
Тек қана бір түрі мәдени ноқат (Сісег arietinum) – нут- өсіріледі
Аскохитоз. Қоздырғышы – Deuteromycotaкласы Сферопсидалылар қатарына
жататын Ascochyta rabiei (Pass.) Labr. Ноқаттың кең таралған және
зияндылығы жоғары ауруы.Оның белгілері өсімдіктердің жер бетіндегі барлық мүшелерінде кездеседі. Жапырақтар мен сабақтарда көлденеңі 200-
250 мкмжететін,күңгірт-қоңыр,шұңғыл дақтарбайқалады. Залалданған
мүшелерге байланысты дақтардың сырт пішіні мен реңі әртүрлі келеді.
Сабақтарда жолақтар немесе сызықшалар, бұршаққындар мен дәндерде
ортасы ақшыл немесе сарғылт, дөңгелек немесе сопақтау дақтар байқалады.
Олардың ортасында бір немесе екі жасушалы конидиялардантұратын
пикнидалар түзіледі. Ауруға шалдыққан өскіндер солып, опат болуынан
егістің тығыздығы төмендейді. Ноқаттың шанақтану-гүлдеу кезеңінде кесел
қатты өршиді, жеке бұташалар, немесе өсімдіктер толықтай солып, қурай
бастайды.Инфекция тұқым арқылы таралады, өсімдік қалдықтарында
түзілетін пикнидаларда конидиялар сақталады.
2.3 Бұршақ тұқымдас дақылдарды аурулардан қорғау
Ауыспалы егіс жүйесінде дәнді дақылдарбұршақ тұқымдастар үшінөте жақсы алғы дақыл болып саналады.Соңғылары бұрын егілген танапқа 2-3 жылдан кейін ғана қайталай еккен дұрыс. Осы мерзімдеауру қоздырғыштарының өсімдік қалдықтарында сақталатын инфекциясынан топырақ толықтай тазаланады.Оңтүстік және оңтүстік -шығыс өңірлердің суармалы жерлерінде қант қызылшасы, жүгері, қөкөніс және бау-бақша дақылдары жақсы алғы дақылға жатады. Бактериялар мен вирустар қоздыратынаурулардың инфекциясы бір-біріне жұғатынын ескере отырып,
бұршақты дәнді дақылдар егісін бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптерден 2-3 шақырым алшақ орналастырған жөн.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Мендель заңдылықтары - Уикипедияhttps://kk.wikipedia.org
eumkd_2022 a.sh.fitopatologiya.pdf
Ауылшаруашылығы фитопатотология әдістемесі
Қазақ өсімдік қорғау және карантин
Достарыңызбен бөлісу: |