Реферат тақырыбы:«Азықтың протеиндік қоректілігі»


Азық құрамындағы макроэлементтердің организмге тигізетін әсері



бет5/6
Дата21.10.2022
өлшемі1,81 Mb.
#154286
түріРеферат
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Рауана азыктандыру дұрысы
туризм қонақ үй, туризм қонақ үй, туризм қонақ үй




3. Азық құрамындағы макроэлементтердің организмге тигізетін әсері
Фарфор ыдысқа салынған орташа үлгі сынамасын жоғары (500-5500С) температурада муфель пешінде жаққан соң органикалық заттар өртеніп, ыдыста күлі қалады. Оның құрамында минералды элементтермен қоса азықта жанбайтын шаң, тозаң секілді бөгде қалдықтары болатындықтан, оны «шикі» күл деп атайды. Биологиялық маңызды минералдық элементтердің мал азығындағы мөлшері грамдап (г/кг) есептелетін жетеуін – макроэлементтерге (грекше «macros» - көп), ал қалған мөлшері миллиграмдап не тіпті микрограмдап (мг/кг, мкг/кг) есептелетіндерін – микроэлементтерге (грекше «тісros» — аз) не тіпті ультра (латынша «ультра» - өте) микроэлементтерге жатқызады.Биологиялық маңызды макроэлементтерге – кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор, ал микроэлементтерге – темір, мыс, марганец, мырыш, кобальт, йод жатады.Кальций. Жер бетіндегі тіршілік үшін өте маңызды элемент. Минералды элементтер ішіндегі мал денесінде ең кеп шоғырланғаны. Негізгі көлемі (99%) сүйек пен тіс құрамында гидрооксиаппатит кристалдары түрінде жиналады. Кальций остеогенез барысында сүйектің дұрыс қалыптасуына қатысып, сүт түзілуі мен қан ұюына ықпал етеді. Сонымен қатар жүрек пен жүйке жұмысына, бұлшық ет жиырылуына, жасуша мембранасының өткізгіштігіне, желінген азық фосфоры, мырышы мен йодының пайдаланылуына әсерін тигізеді.Төл азығында кальций жетіспеген жағдайда оның сүйектері, яғни қаңқасы дұрыс қалыптасып, жылдам жетілмей ол рахитке шалдықса, кальций жетіспеу-шілігінің салдарынан сақа мал сүйегі боркеміктеніп, әлсізденуінен остео-порозға, ал минералсыздануынан остеомаляцияға шалдығады. Соның салдарынан сүтті сиырлардың бұзаулауы қиындап, босану кезіндегі салдыққа жиі ұшырайды. Сүйектің біруақытта резорбацияланып және минералсыз-дануынан туындайтын алиментарлық остеодистрофияға жататын бұл аурулар мал азығында минералдық заттардың жетіспеушілігімен қатар жалпы қоректілігінің темендеуінен де туындайды.Фосфор. Кальций секілді бұл элементтің де мал денесіндегі негізгі мөлшері (83%) гидрооксиаппатит құрамында болады. Мал организміндегі фосфор алмасуы кальций алмасуымен тығыз байланысты. Фосфор сүйек, нуклеин қышқылдары, фосфопротеиндер мен фосфолипидтер құрамына кіреді. Аденозинфосфаттар құрамында энергия алмасуына, жасуша белогының құрамында бірқатар ферменттердің әсерін күшейтуге, қан мен ұлпа буферлігін қалыптастыруға қатысады. Демек, фосфор қышқылы түрінде бұл элемент организмдегі бүкіл физиологиялық үрдіске ықпал етеді деуге болады.Мал азығында фосфор жетіспеген жағдайда жоғарыда айтылған сүйектің минералсыздануынан туындайтын остеомаляция, рахит ауруларының белгілері байқалады. Фосфор жетіспеушілігінен мүйізді ірі қара малдың тәбеті бұзылып, денесіндегі сүйек, белок, бұлшық ет, сүт түзілуі бәсендейді. Азығында фосфор жетіспеген сиыр ағашты, сүйекті кеміріп, шүберек секілді бөгде заттарды жалап, жалмайды.

Биогеоценозда фосфор жетіспесе мал арасында афорозды остеодистро-фия ауруы кездеседі. Ал, бұл аурудың алдын алу үшін фосфор тыңайтқыш-тарымен топырақты байыту арқылы мал азығына фосфор тұздарын енгізу қажет.


Кальций алмасуы бұзылғанда сүйек құрылымы бұзылып, сүйек ауруына шалдығады. Төлдің мешел ауруында: олардың басы үлкен, сопақ-жалпақ көкірек керегесі кеңейіп, қабырғалар жұмсарады, сирақтары қисайып, борсық пен аю аяқтарындай маймақтанады. Жақ сүйектері жұмсарып, қабырға ұшы жалпайып, жуандайды, буыны іседі, тісі босап, бел омыртқаның қанаты майысып, жұмсарады. Ал құйрықтың соңғы омыртқалары кішірейеді, тіпті мүлдем жойылып кетеді. Сүйек құрылысының бұзылуын ренгенография, эхоостеометрия тәсілдерімен анықтайды.
Рентгенофотометрия тәсілін тәжірибеге енгізген И.Г.Шарабрин, ал эхоостеометрия тәсілін енгізіп, бұл салада жемісті еңбек еткен Е.Ф.Дымко, Қ.М.Қыдырбаев, Ә.Н.Ермаханов және басқалар жоғары айтылған жағдайларды дәлелдеп берді.
Кальций жетіспеген жағдайда эндемикалық аурулардың симптоматоло-гиясы әр алуан брлады. Ол аурудың түріне, себебіне тығыз байланысты келеді. Эндемикалық аурулардың белгілері, әдетте жалпылама келеді: қоңдылығы-ның, өңімділігінің төмендеуі, тері мен тері түгінің, кілегей қабықтың өзгеруі және басқалар. Оларды биохимиялық зерттеудегі. мағлұматтармен толықтыра отырып ауруларды жіктей аламыз.
Мал организміне макро- және микроэлементтер белгілі бір мөлшерде түсіп тұруы қажет. Олар жетіспегенде немесе шамадан тыс артық болғанда жалпы организмге малдың денсаулығына, өніміне кері әсер етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет