Ақтау қаласы №16 орта мектебі Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Серикбаева Балсан Кумаровна



Дата21.07.2017
өлшемі47,18 Kb.
#21603
түріСабақ
Ақтау қаласы №16 орта мектебі

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Серикбаева Балсан Кумаровна

8 сыныптар үшін

ХХІ ғасыр көшбасшысы

Мақсаты: 1.Білімділік: оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімдерін тексеру. 1.Дамытушылық: оқушылардың тапқырлығын, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, тұрақты сөз тіркестері мен мақал-мәтелдің мәнін дұрыс ұғынуға баулу, өз ойларын тез, ұтымды жеткізуге бағыттау. 3.Тәрбиелік: тіл шеберлігін арттыру, тілімізді, көне дәстүрімізді қалыпқа келтіруге үлес қосуға тәрбиелеу. Түрі: білімді тексеру,сайыс сабақ Көрнекілік: шарлар, сұрақтар жинақтары, сигналдық белгілер сағаты, интерактивті тақта Сабақ барысы: І кезең «Бәйге» Бұл кезеңде берілген сұрақтарға бірінші жауап беруге тырысыңыздар. Жауабыңыз дұрыс болмаса, келесі бала жауап береді. Әр жауап үшін 10 ұпай алуға болады. Сонымен бәріңізге табыс тілеймін! 1. Қазақ тілін қолдау жылы болып қай жылы белгіленді. (2007 жылы) 2. ҚР «Тіл туралы» заңы қашан қабылданды.(1997 жылы 11 шілдеде) 3. Дүние жүзінде қанша тіл бар, қазақ тілі нешінші орында. (5651 тіл, 70 орында) 4.Дүние жүзінде ең көп тараған тіл (ағылшын) 5. ҚР «Тіл туралы» заңы қанша тарау, қанша баптан тұрады.(6 тарау,27 баптан) 6. Тіл білімін зерттейтін сала (фонетика) 7.Сөйлемнің грамматикалық негізін құрайтын қандай мүшелер?(тұрлаулы мүшелер,бастауыш пен баяндауыш) 8.Сөйлемнің байланысу түрлері нешеге бөлінеді?(беске) 9.Белгілі бір тілдегі сөздердің жиынтығы (лексика) 10.Қазақ халқы араб әліпбиінен латынға қай жылы көшті(1929 жылы) ІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл» (Полиглот) Мұнда сіздер жұмбақтың шешуін тауып, табылған дұрыс жауапты қазақша, орысша, ағылшын тілдеріне аударасыздар. Дұрыс жауапқа 10 ұпай. 1.Жатып қарасам – аппақ, Татып қарасам – тәтті ақ (қант, сахар, 2.Өмірді өлшейді, Ешкімнен сұрамай. Ерте іс бастама, Тетігін бұрамай (сағат, часы 3.Төрт аяқты шалғы Орып кетер малды (қасқыр, волк, 4.Кішкентай ғана бойы бар Айналдырып киген тоны бар (қой, баран, 5.Қарағай басында ұйыған қатық (мый, мозг, 6.Аласа ғана бойы бар, Тоғыз қабат тоны бар (пияз, лук, 7.Өңменнен кейде өтерім, Көкжиекке жетерім (көз, глаза, 8.Судан шығып кеп еді, Судан шығып өледі (тұз, соль, 9.Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады (аяз, мороз, 10.Тізіле өскен тісі бар, Тындырған көп ісі бар (орақ, коса, 11.Аспалы тор тұр әне, Әркім мойнын бұрады Аулайтын шыбын-шіркейді Бұл торды кім құрады?(өрмекші,паук, 12.Жеті қазынаның бірі, үйді қорып жүреді. (ит,собака,

ІІІ «Қызықты жетілік» «Көнерген сөз құпиясы»

Бұл кезеңде сіздер өздеріңіз таңдап алған сұрақтарға жауап бересіздер. Жеңіл сұрақ алғыңыз келсе, 20 ұпайлық сұраққа жауап беру арқылы аласыз. Мұндағы ең күрделі сұрақтарға жауап беру арқылы 40 ұпай жинақтауға болады.



  1. Жебе – қазір пайдаланылмайтын қару-жарақ(тарихи)

  2. Қызыл әскер – кеңес дәуірі тұсында қолданылған әкімшілік сөз(тарихи)

  3. Биқасап – мата атауы(архаизм)

  4. Оя – балиғат, кәмелет. Өсті жігіт сүйріктей,жетті де жас ояға

  5. Кірт – қоныс, мекен, тұрақ. Әл-ғұсман патша жұрты екен, Дін ісләмнің кірті екен (Доспамбет жырау)

  6. Селебе – басқа түскен апат, қиын-қыстау кезең.Көпке келген селебе, Селебені елеме (мақал)

  7. Толай – қорамсақ, қорамса. Ата бер қалмақ сен деді, Толайына қалмақ қол салды (батырлар жыры)

  8. Салғырт – салық, алым. Шаруалар феодалдарға салғырт төледі.(қаз.тарихы)

  9. Салауат-текке, босқа.Қызды жастай атастырып мал берсе, өскен соң ол басқаға барса,онда қалың мал салауат кетеді.(Айқап)

  10. Күмірем- уайым, қайғы.Күлмей күмірем қап.

ІҮ. «Мықты болсаң тауып көр» Тұрақты сөз тіркесінің мағынасын ашу.

1.Иығынан су кетті (жолы болмау) 2.Тонның ішкі бауындай (тату-тәтті дос) 3.Сүт пісірім уақыт (жылдамырақ) 4.Таяқ тастам жер (жақын жер) 5.Екі көзі төрт болу (күтіп қалу) 6.Көз салды (қарады) 7.Құлақ түрді (тыңдады) 8.Ит терісін басына қаптады (ұрысты, балағаттады,сөкті) 9.Қыздың жиған жүгіндей (әсем, көрікті,көркем) 10.Тайға таңба басқандай (анық)



Ү. «Жүйрік болсаң шауып көр» Мақал-мәтелдің жалғасын табу. 1.Жанған от тәнді жылытады, (жақсы сөз жанды жылытады) 2.Қотыр қолдан жұғады,(пәле тілден жұғады) 3.Жыланның уы-тісінде,(адамның уы-тілінде) 4.Жаман сөз жылытады,(жақсы сөз жұбатады) 5.Тау мен тасты су бұзар,(адамзатты сөз бұзар) 6.Адамның өзі жетпеген жерге,(сөзі жетеді) 7.Сойылдың жарасы бітер,(тіл жарасы бітпес) 8.Ауыр істің салмағы білекке түсер,»ащы сөздің салмағы жүрекке түсер) 9.Жаман сөз-жанға кірген тікен,(жақсы сөз-таптырмайтын ем) 10.Ердің өзіне қарама,(сөзіне қара)

Ү. «Дода» Сіздер бұл кезеңде дайындалған 20 сұрақтың қаншасына жауап берулеріңізге қарай ұпай жинауға болады.1 сұрақ 1 ұпай. 1.Тіліміздегі грамматикалық тұлғалардың бір ізге, бір қалыпқа түсіп дағдыға айналып жұмсалуы қалай аталады?(грамматикалық норма) 2.Бастауыш пен баяндауыштың қалыпты орындарын ауыстырып қолдану қалай аталады?(инверсия) 3.Күрделі сөздер нешеге бөлінеді(4-ке біріккен, қос, тіркес, қысқарған) 4.Қосымшаның неше түрі бар?(2 түрі, жұрнақ пен жалғау) 5.Сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіруі (сөйлем) 6.Бастауыш пен баяндауыштың құрылымдық санына қарай сөйлемдер қалай ажыратылады?(жай және құрмалас) 7.Сөйлемдер айтылу мақсаты мен сазына қарай нешеге бөлінеді(4-ке, хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) 8.Толымсыз болып, көбіне тек сұрақ мағыналы сөздермен «ше» шылауының қатысуымен жасалатын сөйлем(жетек сұрақты сөйлем) 9.Ақ,ау,ғой,ай-шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем(лепті сөйлем) 10.Етістің неше түрі бар?(4 түрі өздік, өзгелік,ырықсыз,ортақ) 11.Етістіктің шақтары нешеге бөлінеді?(3-ке осы, өткен,келер шақ) 12.Етістіктің райларын ата(4-ке ашық, бұйрық, қалау, шартты рай) 13.Етістіктің ерекше түріне не жатады?(есімше,көсемше) 14.Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді?(6-ға есептік, реттік,жинақтық,топтау,болжалдық,бөлшектік) 15.Сөздерді бастан аяқ біркелкі әуезбен айту(үндестік заңы) 16.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?(9 зат,сын,сан,есімдік,етістік,үстеу,одағай,шылау,еліктеу) 17Одағайдың неше түрі бар?(3 көңіл-күй,жекіру,шақыру) 18.Тілдік тұлғаларды белгілі бір стильдік мақсатта пайдалану қалай аталады?(нормадан жөнімен ауытқу) 19.Есімдікті мағынасына қарай неше түрге бөлдік?(7 жіктеу,сілтеу,сұрау,өздік,жалпылау,белгісіздік,болымсыздық) 20.Біркелкі дыбысталып айтылаты, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобы қалай аталады?(омоним)

Қорытынды сөз: Ата-бабаларымыздың сан ғасыр ұлы арманы болған, ұл-қыздарымыздың киелі қаны мен беймезгіл қиылған жанының нәтижесінде келген Тәуелсіздігімізді баянды етер басты қаруымыздың бірі – тіл. Сондықтан туған тілімізді шұбарламай, әркез көзіміздің қарашығындай сақтай білу – бүгінгі ұрпақ парызы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет