Пластилин Пластилин - жасанды пластикалық саз массасы, балауыз (воск), май (сала) және басқа да заттар қосылады.Ол жұмсақ, илеуге тез көнеді, бірақ баяу кебеді. Нәрселерді жапсырмалауға әр уақытта дайын. Жапсырмаланған дене деформацияға (созылмайды) ұшырамайды. Бірақ пластилинмен жұмыс жасағанда, ол балалардың қолына жұғады, күйдіруге келмейді. Бірақ бұлардан (саз, балауыз, пластилин) жасалған мүсіндер тез тозады, сондықтан көбіне гипстен көшірме жасалады. Мүсін жасар алдында болашақ образдың қаңқасы темірден, ағаштан, сүйектен жасалады, соған аталған материалдың бірін жапсыру арқылы мүсінші ойындағысын жасайды. Орта ғасыр суретшісі, өнертанушысы Д. Вазарий пластилиннің орта ғасырда пайда болғандағын дәлелдейді. Қатқыл пластилин жасау керек болса, аздап пигмент қосады. Ал жұмсақ пластилин дайындау үшін балқытылған балауызға күкірт пен майды араластырады.