Пластикалық тәсіл Бұл тәсілде тұтас бір кесек саздан, пластилиннен, не тұзды қамырдан жасалады. Бұны-«скульптуралық» тәсіл деп атайды. (Бала бақшада (пряник) тоқаш нан, алма, лимон, сәбіз, тәрелке т.б. жасауға болады.). Бұл күрделі тәсіл. Бұл тәсілде сол нәрсе туралы нақты мағлұматың болу керек, оны көз мөлшеріңмен байқап, дұрыс жасайтындай дәрежеде болуың керек. Мысалы, бір кесек пластилиннен үйректі жапсырмалайық. Кесек пластилинді шар пішініне келтіреміз, одан кейін оны жұмыртқа пішініне келтіреміз.Пластилиннің сүйірлеу жағын саусағымызбен ұстап мойнын және басын жасауға тырысамыз. Алынған форманы жеке – жеке өңдейміз.
Конструктивті тәсіл Конструктивті тәсіл – мүсін жеке-жеке бөліктен жасалады. Мысалы, қуыршақтың денесін (кеудесін) конус типтес етіп жұмырлаймыз, ал басын шарик сияқты, ал аяғымен қолын баған тәрізді етіп жасаймыз. Бас киімін, жағасын және тағы басқа ұсақ детальдарын жапсырмалаймыз. Басына бас киім кигіземіз, істек (стек) арқылы көзімен аузын, кішкене шардан мұрнын жасаймыз.
Аралас тәсіл Бұл тәсіл-пластиналық тәсіл және конструктивті тәсілдің қосындысы. Нәрсенің негізгі бөлігін бір кесектен жасайды. Мысалы, пүліш аюды алайық. Үлкен кесектен денесінің пішінін жасаймыз. Кішкене кесектен басын домалатамыз. Басынан құлақ, мұрынды созамыз. Тағыда екі кесектен аяқ-қолын жасаймыз да, оларды бір-біріне жапсырамыз.