Тақырып: Цилиндр, Конус және қиық конус.
Негізгі мақсаты: Цилиндр,конус, қиық конус анықтамаларын бекіту, құрылымын анықтау, бүйір беттерінің,толық беттерінің формулаларын есеп шығаруда қолдана білу.
Негізгі түсініктер: Цилиндр, конус және қиық конус, аудан, биіктік, радиус, диаметр, толық бетінің ауданы.
Жоспар:
Сабақтың мақсаты:
1. Цилиндр,конус, қиық конус ұғымдарына түсінік беру.
2. Цилиндр,конус, қиық конустың ауданын және көлемін есепеу.
3.Цилиндр, конус, және қиық конусқа берілген есептерді шығару.
Цилиндр- айналу денесі
«Цилиндр» сөзі гректің kulindros сөзінен алынған, ол «валик» - «оқтау» мағынасын білдіреді.
Aнықтама. Цилиндр деп тіктөртбұрышты оның қабырғаларының бірінен айналдырғанда шығатын фигураны (денені) атайды.
Бізді қоршаған ортада, тұрмыста цилиндр пішіндес заттар, обьектілер жиі кездеседі: металдан жасалған бөшкелер, консерві банкалары, хоккейдің шайбасы және т.б.
Төмендегі суретте АОО1В тіктөртбұрышын оның ОО1 қабырғасын қамтитын l осінен айналдырғанда шыққан цилинд бейнеленген.
ААО1В тіктөртбұрышының ОО1 осіне параллель АВ қабырғасы цилиндрдің бүйір беті деп аталатын қисық бетті жасайды және ол цилиндрдің жасаушысы деп аталады. АО және О1В кесінділерінің айналуынан цилидірдің табандары деп аталатын өзара тең екі дөңгелек аламыз. Сонымен цилиндрдің беті цилиндрдің табаңдары деп аталатын екі дөңгелектен және цилиндрдің бүйір бетінен тұрады.
Егер цилиндрдің жасаушысы оның табанына перпендикуляр, яғни цилиндрдің биіктігіне тең болса, онда цилиндр тік дөңгелек цилиндр деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |