Металдар Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т.б.), гипс, пластмасса, сұйық (ерітілген, араластырылған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді.
Тас Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т.б.) ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың ішіндегі қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас мүсін қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т.б.) қолданылады.
Жапсырмалау тарихы
«Палеолит» термині (гректің «палайос»-көне, «литос» тас) деген сөзі, көне тас ғасыры. Палеолит әйелдерінің жүз елуден астам статуэткасы әр елден, ал оның едеуір бөлігі Ресейден табылды. «Мезолит»- орта тас ғасыры (шамамен б.э. 12-18 мың жыл), неолит ғасыры-өңделген тас ғасыры. Мезолитте көп кескінді композициялы өнер туындады, онда адам енді басты роль атқарады. Эрмитажда жоғарғы палеолиттің Сибирьдегі аңшылар жұртынан табылған азу тістің кішкентай сынығындағы малеонттың ойып салынған суретін қараңызшы. Бұл бейне аңның бүкіл қуатты тұлғасы соншалық жақсы айқын берілген десеңізші! Ласко, Альтамир және басқа көптеген үңгірлерде табылған өнер шоқтықтары осылай туған. Европада архитектураның алғашқы монументтер мегалиттік деп аталатын алып тастардан салынған ғимараттар болды. Олар – тас тақтадан жасалған төртбұрышты құрылыстар, кейде рельефпен көмкерілген тік бағандар. Жаңа тас ғасырында адамдар саз балшықты күйдіріп, оны су өткізбейтін қатты затқа айналдыруды үйренеді. Керамиканың пайда болуы-неолит дәуірінің негізгі белгілерінің бірі, оны кейде керамика-ғасыры деп атайды. Бұған дейін адам табиғат тек дайын күйінде бергенді пайдаланды: сазды күйдіре отырып, ол жаңа, табиғатта белгісіз материал жасады. Керамика эстетикалық сезімнің дамуына зор ықпал етті, өзі жасаған ыдыстарды шытырман әшекейлеп, өзінің шығармашылық шабытынан туындаған барған сайын геометриялық сымбатымен, бояулар мен сызықтар ырғағымен ерекшеленіп, осы өнерін біртіндеп жетілдіре берді. Керамиканы ертеректе адамдар құрылыс материалы ретінде пайдаланған, кейінірек одан сәндік бұйымдар дайындай бастады. Керамикадан да мүсін жасалынады. Ол үшін саздан істелген мүсінші үлгілері арнайы пештерде күйдіріледі, түрлі-түсті жылтырақ (майолина, фаянс, фарфор, кейде бисквит деген түрі) жалатылады. Пластилиннен не саздан үлкейтіліп көшіріледі. Кейінгі кезде тұзды керамика өте кеңінен қолданыла бастады. Оны тұзды қамырдан жасайды. Ұнмен тұздың тепе-тең пропорциясынан жасалынады, әрине бұл массаға су қосылады. Сөйтіп бір текті масса алуға болады. Бұл массаны жақсылап араластыру керек. Бұл масса жұмсақ, әрі қолға жұқпауы керек. Тұзды керамикадан жасалынған мүсін өте ыңғайлы, нәрсенің пішінін сақтай отыра кебеді. Бұл нәрселерді де саздан жасалған мүсіндер сияқты күйдіріп кептіруге болады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т.б. өткір құралдар пайдаланылады. Совет мүсіншісі Коненков және В.Мухина не бір әсем шығармаларын ағаштан қашап жасаған. Мысалы: «Орман адамының мүсіні». Бірінші Петрдің ескерткішін атақты фрацуз мүсіншісі Этьен Фальконе жасаған. Оның шәкірті мүсінші әйел Мария Калло (1766ж.).
«Мыс аттылысы» қола мүсіні (Санкт-Петербург), 1768—1770 жж.
Жапсырмалаудың қарапайым әдістері