Ерте дәуірдің архитектурасы. Қәзіргі Қазақстан терриоториясындағы құрылыс ісінің мыңдаған жылдық тарихы бар.Бұл өнер Қазақстанның таулары мен жазықтықтарын ертедегі адам бірте -бірте игеріп, бұлар алғашқы қоғамның өндіргіш күштерін дамыту үшін негіз болған заманда болатын.Бұл адам жетілуінің ұзақ жолын басынан өткерген ,адамзат мәдениетінің ірнгесі жасалып, құрылыс техникасының негізі қаланған бір ұзақ дәуір еді. Ертедегі материалдық өндірістің бізге келіп жеткен ескерткіштерінің көрсетуі бойынша, алғашқы адам ұзақ уақыт бойы орныға алмай, өзіне азды-көпті қолайлы тұрақ таба алмаған, өйткені ол тіршілік ету қиыншылығымен, табиғатпен күресу қиыншылығымен жаншылып келген еді. Өзінің еңбек ету дәрежесінің алғашқы шағында адам жауын-шашыннан, жыртқыштардың шабуылынан қорғану үшін тек табиғи паналарды ғана пайдаланды.