ДАЛА ДАНАЛАРЫ
591
Жамбыл Жабаев
(1846 – 1945)
БАЛАЛАРҒА
Б
алалар, аманбысың, шырақтарым,
Майысып көлге біткен құрақтарым!
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын,
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
«ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы
Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде
дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім
ала алмаған.
Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды
бала білім дариясынан терең сусындап өскен. Он
төрт жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен.
«Жетісу ақындарының алтын діңгегі» болған атақты
Сүйінбай ақыннан он бес жасында бата алған. Ел
ішіндегі əділетсіздік пен келеңсіздіктерді өлеңге
қосып, халық құрметіне бөленген.
Қабырғасы
қатая келе, айтыстарға қатысып,
Айкүміс, Бақтыбай, Досмағамбет, Шашубай,
Құлмамбет сияқты ірі айтыс ақындарын жеңіп,
Жетісу
өңіріне атағы шыққан. Оның даңқы қазақ арасында
ғана емес, көршілес қырғыз еліне де танымал болған.
Жетісу, Қаратау, Сыр бойы мен қырғыз елін аралап,
өнер көрсетіп, өзі де өнеге үйренген.
Жамбыл адамгершілік пен ақиқаттың,
батырлық
пен ерліктің туын биік ұстап, жырға қосқан.
Қонаққа келді, міне, Жамбыл атаң,
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам.
Қарт бабаң дəуіріне мейірі қанған,
Қуанып жастығына сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап,
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап.
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су –
Бəрі де сендердікі əлемге айғақ.