Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет73/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ДАЛА ДАНАЛАРЫ
590
Ыбырай Алтынсарин
(1841 – 1889)
КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ!
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар, 
Шамнан шырақ жағылар, 
Тілегенің алдыңнан, 
Іздемей-ақ табылар...
Кел, балалар, оқылық, 
Оқығанды көңілге 
Ықыласпен тоқылық.
Сиса көйлек үстіңде 
Тоқуменен табылған... 
Сауысқанның тамағы 
Шоқуменен табылған... 
Өнер-білім бəрі де 
Оқуменен табылған...
Ыбырай Алтынсарин
– қазақтың алғашқы 
ағартушы-педагогы, қазақ жазба əдебиетінің 
классигі, балалар əдебиетінің негізін салушы, аса ірі 
кемеңгер тұлға.
Ол Қостанай облысы Тобыл өзенінің жағасында 
дүниеге келген. Атасы Балқожа ел арасында аса 
қадірлі би болған. Балалық шағын ата қолында 
өткізген Ыбырай өз халқының салт-дəстүрін, 
мəдениеті мен өнерін сүйіп өскен. Мұсылманша 
сауат ашқан. Кейіннен орыс мектебі мен мұғалімдер 
семинариясын тəмамдаған. Орыс мəдениетін жетік 
меңгеріп, сол арқылы Батыс мəдениетіне қол созған. 
Өлең жазуға бала кезінен ден қойған.
Ыбырай Алтынсарин бар саналы ғұмырын өз 
халқына білім беруге арнаған. Қазақ даласында 
мектептер ашып, алғашқы оқулықтар, көркем 
шығармалар жазған. Мектеп ісінің жүйесін құрған. 
Балаларды оқуға шақырған. Сондықтан оны «Дала 
қоңырауы», «Қазақ балалар əдебиетінің атасы» деп 
құрметпен атайды.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
591
Жамбыл Жабаев
(1846 – 1945)
БАЛАЛАРҒА
Б
алалар, аманбысың, шырақтарым, 
Майысып көлге біткен құрақтарым! 
Жүрмесем есендесіп тұра алмаймын, 
Ішінен асып кетсе бір аптаның.
«ХХ ғасырдың Гомері» атанған жыр алыбы 
Жамбыл 1846 жылы Жамбыл тауының етегінде 
дүниеге келген. Жасында арнайы мектептен білім 
ала алмаған. Бірақ көңілі зерек, көкірегі ояу дарынды 
бала білім дариясынан терең сусындап өскен. Он 
төрт жасынан өлең айтып, жыр додасына түскен. 
«Жетісу ақындарының алтын діңгегі» болған атақты 
Сүйінбай ақыннан он бес жасында бата алған. Ел 
ішіндегі əділетсіздік пен келеңсіздіктерді өлеңге 
қосып, халық құрметіне бөленген. 
Қабырғасы қатая келе, айтыстарға қатысып, 
Айкүміс, Бақтыбай, Досмағамбет, Шашубай, 
Құлмамбет сияқты ірі айтыс ақындарын жеңіп, Жетісу 
өңіріне атағы шыққан. Оның даңқы қазақ арасында 
ғана емес, көршілес қырғыз еліне де танымал болған. 
Жетісу, Қаратау, Сыр бойы мен қырғыз елін аралап, 
өнер көрсетіп, өзі де өнеге үйренген.
Жамбыл адамгершілік пен ақиқаттың, батырлық 
пен ерліктің туын биік ұстап, жырға қосқан.
Қонаққа келді, міне, Жамбыл атаң, 
Сан жылдар жүк көтерген бүкір жотам.
Қарт бабаң дəуіріне мейірі қанған, 
Қуанып жастығына сендей ботам.
Білемін өмірлерің тұрған жайнап, 
Күндіз, түн жастық үшін жарық сайлап. 
Ай, жұлдыз, күннің көзі, жел менен су – 
Бəрі де сендердікі əлемге айғақ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет