Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет70/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ДАЛА ДАНАЛАРЫ
585
Жүсіп Баласағұн
Жүсіп Баласағұн
(XI ғ.) – аса көрнекті ақын, философ, адам жанын терең түсіне 
білген данышпан. Ол Қарахандар мемлекетінің саяси жəне мəдени орталығы – 
Баласағұн қаласында дүниеге келген. Мұсылманша жан-жақты білім алған. Араб, 
парсы поэзияларының жəне түрік фольклорының қыры мен сырын жетік білген.
Жүсіп XI ғасырда өсіп келе жатқан түріктік өзіндік сананың жəне мұсылман 
идеологиясының негізінде тамаша тарихи-көркем шығарма – «Құтадғу біліг» 
(«Құтты білік») атты классикалық поэмасын жазады. Бұл дастанда көне дəуір ақыны 
адамгершілікті, адалдықты тебірене жырлайды. Оқу-білімге, инабаттылыққа шақырады. 
Хан мен уəзірден бастап, атшы мен емшіге дейін қоғам алдындағы міндеттерін адал 
орындауға меңзейді. Парасатты өмір сүру мен дұрыс заңдылықты үйлестіре білу 
бақыттың негізгі ұстанымы ре-
тін де түсіндіреді. 
Жүсіп – ғасырларға ұласа-
тын поэтикалық жəне эпика-
лық дəстүрде қалыптасқан 
түрік сөздігінің шебері. 
«Құтадғу біліг» барлық 
түрік халықтарының 
тарихи əрі мəдени 
мұрасы, рухани 
өзегі болып 
табылады.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
586
Махмұт Кашқари
(XI ғасыр) – аса көрнекті ғалым, филолог. Қарахандар 
мемлекетінің билеушілері əулетінен шыққан. Қашқар қаласында алған білімін 
Бұхар мен Нишапурда жалғастырған. Махмұт жас кезінен-ақ түркі тайпаларының 
тіліне, əдебиетіне жəне этнографиясына үлкен көңіл бөліп, қызыға зерттейді. Орта 
Азия жерін қоныстанған түркі елдерін түгелдей аралап, олардың өмірі, салт-дəстүрі 
туралы баға жетпес деректер жинайды. Осы лингвистикалық, тарихи, мəдени жəне 
фольклорлық деректердің негізінде ортағасырлық түркілер өмірінің энциклопедиясы 
болып саналатын үш томдық «Диуани лұғат ат-Түрк» («Түркі сөздерінің жинағы») 
атты еңбегін жазады. Бұл шығармада Қазақстан аймағы жəне түркі тайпалары туралы 
баға жетпес құнды деректер бар.
Махмұт Қашқари – алғашқы 
түркілік əлем картасының ав-
торы. Дөңгелек əлем кар та-
сы мұсылман карто гра фия-
сының жүйесінде елеу 
лі 
орын алады. Картаның 
орта шеніне Қарахандар 
астанасы – Баласағұн 
қаласын орналастыруы 
оның түркілер жеріне, 
өзінің мемлекетіне де-
ген сүйіспеншілігін 
біл дірсе керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет