Бейімбет Майлин
(1894 – 1938)
Бейімбет Майлин
Қостанай
уезіне қарасты Дамбар
болысындағы Əйет өзені бойындағы Ақтөбе деген жерде
туған. Жасынан əкесінен
айырылып, анасының тəрбиесінде
болған. Бай есігінде жүріп, бейнет пен жоқшылықты көп
көрген.
Ауыл молдасынан хат танып, Троицкідегі «Уəзифа»,
Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған.
Бейімбеттің шығармалары – қазақ өмірін,
кедей тұрмысы мен
тіршілігін, ауыл адамдарының еңбек əрекеттерін бейнелейді.
Ақынның «Байдың қызы», «Рəзия қыз», «Қашқан келіншек», «Маржан» атты өлеңдері
əйел
теңдігін, «Кемпірдің ертегісі» – 1916 жыл оқиғасын, «Бөліс» –
жер бөлісін, «Өтірікке
бəйге», «Хан күйеуі» ертегі желісі арқылы адам əлемін суреттейді.
«Шұғаның белгісі» атты прозасында достық, махаббат сезімдері жəне
осы жолдағы
күрестер көрсетіледі.
Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Жасырын жиылыс», «Қос қақпан», «Амангелді»,
«Біздің жігіттер» жəне т.б. шығармаларында өмір талаптары жəне адамның тағдыры
қызықты да көркем баяндалады. Б.Майлиннің əдеби
мұрасы бай мазмұнымен, көркем де
шеберлік сипаттарымен қазақ əдебиетінде ерекше орын алады.