Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет75/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ДАЛА ДАНАЛАРЫ
593
Махамбет Өтемісұлы
(1804 – 1846)
ЕРЕУІЛ АТҚА ЕР САЛМАЙ...
Ереуіл атқа ер салмай, 
Егеулі найза қолға алмай, 
Еңку-еңку жер шалмай, 
Қоңыр салқын төске алмай, 
Тебінгі терге шірімей
Терлігі майдай ерімей, 
Алты малта ас болмай, 
Өзіңнен туған жас бала, 
Сақалы шығып жат болмай, 
Ат үстінде күн көрмей, 
Ашаршылық, шөл көрмей
Өзегі талып ет жемей, 
Ер төсектен безінбей, 
Ұлы түске ұрынбай, 
Түн қатып жүріп, түс қашпай, 
Тебінгі теріс тағынбай, 
Темір қазық жастанбай, 
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?
Ерлік пен елдіктің, азаттық пен бостандық-
тың жыршысы, дауылпаз ақын 
Махамбет 
Өтемісұлы
Батыс Қазақстан облысы Еділ мен 
Жайық өзендерінің арасындағы Бекетай деген 
жерде дүниеге келген. Əкесі Өтеміс би болған.
Махамбет бала күнінен ержүрек, балуан, 
құралайды көзге атқан мерген, шебер 
домбырашы, көмейінен жыр төгілген ақын 
болып өседі. Ел ішінде мұсылманша хат танып, 
араб, парсы жəне орыс тілдерін меңгереді. Ол 
күйші де болған. Махамбеттің күйлерін халық 
əлі күнге сүйсініп тыңдайды.
Махамбеттің сан қырлы талантын байқаған 
Жəңгір хан оны өз баласына тəрбиеші етпек 
болады. Бірақ хан ордасындағы əділетсіздікке 
ақын жүрегі көнбейді. Хан алдында ақиқатты 
айтудан танбайды. Оның соңы Исатай – 
Махамбет бастаған көтеріліске ұласады. 
Махамбет – сол көтерілістің рухани көсемі, 
шежіре жыршысы.
Махамбет өлеңдері – ерлік жігерге
əділеттілікке, еркіндік пен азаттыққа толы, 
батырлық пен батылдықтың символы іспеттес.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
594
Шəкерім Шығыс Қазақстан облысының Абай 
ауданында өмірге келген. Əкесі Құдайберді 
Құнанбайдың үлкен бəйбішесі Күнкеден туған. 
Шəкерім Абайдың немере інісі болғандықтан, тəлім-
тəрбиені мол алған. Əкесі өмірден өткен соң Шəкерім 
Құнанбайдың тəрбиесінде болады. Ұлттың дəстүр-
өнегесін көріп өседі. 
Шəкерім Абайдың ақыл-кеңесін тыңдап, жас 
кезінен өз бетінше ізденген. Бірнеше тілді (араб, түрік, 
парсы, орыс) еркін меңгерген. 1905 – 1906 жылдары 
Меккеге барып, мұсылмандық жолды мұрат еткен. 
Стамбул кітапханасында болып, ежелгі əдеби, тарихи 
мұраларға назар аударған.
Шəкерім пəлсапалық өлең-поэмаларымен елге 
танымал болған. Ол өлеңді өнер деп танып, оған биік 
талап, талғаммен қараған. «Арман», «Жастарға», 
«Қазақ айнасы» жəне т.б. өлеңдерінде, «Қалқаман – 
Мамыр», «Еңлік – Кебек», «Нартайлақ пен Айсұлу» 
поэмаларында, «Бəйшешек бақшасы», «Өзімшілдік» 
сынды прозалық туындыларында адамның өмірі мен 
еңбегі, тағдыры, талап-тілектері терең танылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет