Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар


«Алашты шаһардың немесе Қытайдың Нан Лу



Pdf көрінісі
бет72/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

«Алашты шаһардың немесе Қытайдың Нан Лу 
провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қамалының жайы»
деп 
аталатын тамаша еңбек жазады. Бұл – Шоқанның ғылыми мұраларының ішіндегі ең 
ірісі, Шығыс Түркістан тарихы жөнінде жазылған тұңғыш ғылыми еңбек. Еңбекті 
Ресей мен шетелдік Шығыс зерттеушілері жоғары бағалады. Ол 1865 жылы Лондонда 
«Орыстар Орталық Азияда» деген атпен ағылшын тіліне аударылып басылды. Оның 
бірқатар еңбектері неміс, француз тілдеріне де аударылды. 


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
589
«АСЫЛ СӨЗ» АТАЛАРЫ
Абай Құнанбайұлы
(1845 – 1904)
ҒЫЛЫМ ТАППАЙ МАҚТАНБА
Ғылым таппай мақтанба
Орын таппай баптанба, 
Құмарланып шаттанба, 
Ойнап босқа күлуге. 
Бес нəрседен қашық бол, 
Бес нəрсеге асық бол
Адам болам десеңіз – 
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы
– XIX ғасырдың 
екінші жартысында қазақ сөз өнерін жаңа биікке 
көтерген ұлы тұлға.
Ол Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан 
облысы) Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген 
жерде дүниеге келген. Əкесі Құнанбай аға сұлтан 
болып, ел билеген. Өз дəуірінің білікті, қайраткер 
адамы болған.
Жасынан зерек Абай ауылда əжесі Зеренің 
бауырында туған халқының мəдениетінен терең білім 
алған. Ел ішіндегі беделді би-шешендер мен ақын-
жыршылардың өнегесін құлағына құйып өскен. Он екі жасында əкесі Семей қаласына 
əкеліп, Ахмет-Риза медресесіне оқуға береді. Кейін орыс мектебінде білім алады. Семей 
кітапханасынан Шығыс, Батыс ақындары мен ғұламаларының еңбектерін оқиды.
Ұлы ақыннан қалған мұра сан жағынан аса мол болмағанмен, көркемдік пішіні 
мен мазмұн байлығы жөнінен қазақ əдебиетін бұрын-соңды болмаған шыңға көтерді. 
Сондықтан да Абайды қазақ халқының дана ақыны, қазақ əдебиетінің классигі
данышпан ойшылы деп ардақ тұтамыз.
Тілеуің, өмірің алдыңда, 
Оған қайғы жесеңіз. 
Өсек, өтірік, мақтаншақ, 
Еріншек, бекер мал шашпақ – 
Бес дұшпаның білсеңіз. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым ойлап қой – 
Бес асыл іс көнсеңіз...




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет