Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет80/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ДАЛА ДАНАЛАРЫ
599
Ілияс Жансүгіров
(1894 – 1938)
Ілияс Жансүгіров
Қапал уезі Ақсу болысы 
4-ауыл да (қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында) 
өмір ге кел ген. Ілияс анасынан ерте айырылып, əке-
сі Жансүгірдің үл 
гі-өнегесін көп көрген. Ескіше 
хат таныған. Аңыз-əң гі ме, шежіре сырларын естіп 
өскен.
Жетісудың бай табиғаты, ақындық, батырлық 
дəстүрлері Ілиястың өмірге, ізгілікке, сұлулыққа 
құштар болып өсуіне көп ықпал етті. Алматы, 
Ташкент қалаларындағы ағарту ісіне қатысты 
курстарда оқыды. Фольклорлық экспедицияға 
шығып, баспасөзге араласты. «Сағанақ» атты 
алғашқы кітабы 1928 жылы жарық көрді. Ілияс тың 
ақындығы «Тілші», «Кедей еркі», «Арман», «Əншіге», «Бұлбұлға» деген ша ғын өлең-
дерінен басталып, «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» атты көлемді поэма ларымен 
жалғасын тапты.
Ақын «Дала» поэмасында (1930) Алтай мен Атырау, Алатау мен Еділ, Сібір мен 
Самарқан, Шу мен Сыр секілді кең-байтақ өлкені мекен еткен қазақ халқының 
өмір-тұрмысын, дəстүр-өнегелерін шабытпен суреттейді. Ал, «Күй» (1929) жəне 
«Күйші» (1934) поэмаларында өмір мен өнер тақырыбы, тарих пен тағдыр ісі, қазақ 
халқының бастан кешкен оқиғалары тартымды жырланады. «Құлагер» поэмасы 
(1936) Арқа өңірін, əйгілі ақын Ақан сері өмірі мен ас беру рəсімін бейнелейді.


ДАЛА ДАНАЛАРЫ
600
Қазақ əдебиетінің тарихына «Үш бəйтерек» болып енген – Сəкен Сейфуллин, 
Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин бір жылда өмірге келіп, шығармашылық-
тарын қатар бастап, дүниеден де бір мезгілде өтті.
Қазақ зиялылары, ұлттық əдебиеттің үш бəйтерегі аталған ақын-
жазушылары Кеңес үкіметі тұсында «Алашордашыл-ұлтшылдар» атанды. XX 
ғасырдың 30-шы жылдардағы ойранында жазықсыз, жолсыз жазаға кез келіп
жапа шекті. Қуғын-сүргінге ұшырап, атылды.
Қазақ əдебиетіндегі үш бəйтерек – Сəкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, 
Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен, шығармашылық 
ғұмырбаяндары ғибратты да мəнді.
Ұлт руханиятының үш бəйтерегі қазақ сөз өнерін талант табиғатымен де, 
қалам қуатымен де байытқан даңқты да тұғырлы тұлғалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет