Қазақ халқының СƏулет өнері ежелгі қҰрылыстар



Pdf көрінісі
бет74/81
Дата25.09.2022
өлшемі4,98 Mb.
#150647
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81
Байланысты:
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ 501-600

ДАЛА ДАНАЛАРЫ
592
ШƏКІРТ ОЙЫ
Қараңғы қазақ көгіне 
Өрмелеп шығып, күн болам! 
Қараңғылықтың көгіне 
Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін 
Жылытуға мен кірермін.
Еңбек, бейнет тарауы 
Рақатқа сарқылар. 
Қыздырып күннің қарауы, 
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэзиясының жарық жұлдыз ы 
– Сұлтанмахмұт Торайғыров бар-жоғы 27 жас жасады.
Ол Ақмола облысында дүниеге келген. Əкесі шаруа адамы 
болған. Жасынан өлең жазып, ерекше қабілетімен көзге түс-
кен. Мұсылманша хат таныған. Оқуға əке дəулеті жетпеген дік-
тен, ол бай ағайындарының көмегімен Троицк қаласындағы 
медресеге барады. Бірақ жəрдем болмағандықтан, ақын ұзақ 
оқи алмайды. «Айқап» журналының редакциясына жұ мыс қа 
орналасады. Өз бетімен ізденіп, білімін жетілдіріп, шығар-
машылығын шыңдаумен болады. Араб, парсы тілімен қоса, 
орыс тілін үйренеді.
Сұлтанмахмұт аз ғана ғұмыр сүрсе де, артына тəлімі мол 
мұра қалдырып кетті. Қазақ поэзиясындағы Абай, Ыбырай, 
Шəкəрім қалыптастырған ағартушылық идеяны шыңдап, 
оны ерекше романтикалық қуатпен толықтырды. Қазақ 
əдебиетінде XX ғасыр басында пайда болған роман жанрын 
қалыптастыруға үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кім 
жазықты» сияқты өлең мен проза араластырыла жазылған 
романдары сол дəуірдің озық туындылары саналады.
Сұлтанмахмұт қазақ əдебиетінде жалынды публицист 
ретінде де өшпес із қалдырды.
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер
Қызығын жайлап ел көрер.
Тұрмыс, тағдыр – бірі де 
Бұл мақсаттан бұра алмас. 
Қаһарман Рүстем, Əлі де 
Бұрам деп жолда тұра алмас.
Сыланған жардың күлісі, 
Алдандырмас бір ісі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров
(1893 – 1920)




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   81




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет