Мектепішілік Абай оқулары 2015 Мақсаты: Қазақтың дана ақыны, дара ақыны, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің ешқашан да санамыздан өшпейтіндігін көрсетіп, еңбектерінің құндылығын, көркемдігін барша қауымға дәріптеу, насихаттау.
Көрнекіліктері:Абай Құнанбайұлының суреттері мен өмірбаяны жазылған буклет, ақын кітаптарының көрмесі, шарлар, қанатты сөздер жазылған қағаздар. Барысы:
Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. Армысыздар, құрметті мұғалімдер, оқушылар және қонақтар! Біздің бүгінгі байқауымыз ұлы ақынымыз, дана ақынымыз әрі дара ақынымыз Абай атаға арналмақ.
Уақыт зымырап, көзді ашып жұмғанша көптен күткен дәстүрлі Абай оқуларының да өтетін кезі келіп жетті. Ендеше мектепішілік «Абай оқулары» байқауын ашық деп жариялаймыз! Қош келдіңіздер!
Байқауымызды бастамас бұрын қатысушыларымызға сәттілік тілеп, өзінің ізгі тілектерін білдіру үшін мектебіміздің директоры Камиев Бауыржан Аманжолұлына сөз беріледі.
- Қазылар алқасының мүшесі: Мектебіміздің тәрбие ісінің меңгерушісі Шынбаев Ерлан Серікұлы
- Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Абишева Айсұлу Сағадиевна
- Мектебіміздегі музыка пәнінің мұғалімі Мейрамбекқызы Әсем Байқауымыз үш кезең, яғни үш номинация бойынша өтеді. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» Абай өлеңдерін жатқа оқу сайысы (Өлеңдерінің саны 50-ден астам болуы шарт)
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда » Бұл номинацияға қатысатын әр оқушы өз қаламынан туған өлеңдерін оқиды (Өлеңдерінің санына шектеу жоқ)
«Әнді сүйсең, менше сүй» Абай өлеңдеріне жазылған әндерді орындау сайысы (орындайтын әндерінің санына шектеу жоқ ).
Байқауға қатысушыларымыздың саны саусақпен санарлықтай. Дегенмен де бақтарын сынап, көпшілік қауымға өз өнерлерін паш етпекші. Ендеше байқауға қатысушыларымызбен таныс болайық: «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясы бойынша сынға түсетін қатысушылар:..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша сынға түсетін қатысушылар:..................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................
«Әнді сүйсең, менше сүй» номинациясы бойынша сынға түсетін қатысушылар:..............................................................................................................................................................................................................................................................................
Бір ерекше айта кететін жайт бұл мектепішілік «Абай оқулары» байқауынан жеңіске жеткен оқушылар аудандық «Абай оқуларына» жолдама алады.
(музыкалық нөмір) Жүргізуші: Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналысы, -демекші, бірінші кезеңіміз «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңін бастаймыз.
(музыкалық нөмір)
Жүргізуші:Дана халқымыз «Сөз тапқанға – қолқа жоқ» дейді. Ендеше қай жерде жүрсе де . сөз байлығының арқасында тығырыққа тірелмей, сөз тауып айта алатын жас ақындарымызға кезек берейік. Яғни «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» кезеңін бастаймыз.
(музыкалық нөмір)
Жүргізуші:Құлақтан кіріп, бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп Абай атамыз жырлағандай келесі кезекті «Әнді сүйсең, менше сүй» кезеңіне берейік. Міне, осымен байқауымыз өз мәресіне де жетіп қалды. Әділ-қазылар алқасы әділ шешім шығарғанша (музыкалық нөмір)
Ал, енді әділ-қазылар алқасына сөз береміз.
Жүргізуші: Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз. Аудандық «Абай оқуларынан» да жеңіспен оралуларыңа тілектеспіз. Осымен, біздің бүгінгі мектепішілік «Абай оқулары» байқауымыз аяқталды. Келесі кездескенше күн нұрлы болсын!