531
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШЕШЕНДІК
ЖƏНЕ АҚЫНДЫҚ ӨНЕРІ
Ұлы ханның барлық қазақ тайпаларын біріктіретініне сеніп, оны алып күш иесі деп
құрметтеген.
Бұқар жыраудың ең таңдаулы шығармаларының бірі – Абылайдың дүниемен
қоштасуы туралы өлең-жоқтауы. Онда ханның батылдығы мен ақылдылығы, дана
саясаты мен көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты жүргізе алу ерекшелігі
айқын суреттелген. Өз заманын жақсы түсіне білген ақын үш жүздің бірігуін қолдап,
біртұтас мықты мемлекет құруды армандаған. Бұқар жырау мұраларынан бізге жеткені
– жырларының 1100 өлең жолдары ғана.
Сөз өнерін тамаша меңгерген оны өз замандастары «көмекей əулие» деп атаған. Бұқар
жырау, шынында да, өз заманының жаршысы болған. Оның айтқан сөздері халыққа
əскери рух беріп, ұлттық сана-сезімнің нығаюына əсер еткен.
Достарыңызбен бөлісу: