«Қазақ халқының XVII-XX ғғ. басындағы азаттық, тәуелсіздік жолындағы қаһармандық күресі»
Түсінік хат
Жалпы білім беретін негізгі мектепте тарих пәнінен қосымша білім берудің маңызы зор. Қазақстан тарихының аса маңызды оқиғаларымен таныстыру алдымен жас жеткіншектерді оқытып тәрбиелеуде. Қазіргі мектептерге қоғам қойып отырған міндеттерді адамгершілікпен салауатты өмір салтының негіздерін қалыптастыруға қоғамның және мемлекеттің алдындағы міндеттерін түсінуге, өз елінің мәдени, экономикалық және халықаралық мүдделерін толығырақ меңгеруге мүмкіндік алады.
Қазақстан тарихына айрықша ынта білдірген оқушылардың талап тілектерін қанағаттандыра отырып, олардың отан тарихын жан-жақты оқып, әрі тереңірек білім алуына мүмкіндік жасау. Бағдарлама Қазақстан тарихы пәнін оқыту бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жасалды. Бағдарламада қазақ халқының 17-20 ғғ. азаттық, тәуелсіздік жолындағы қаһармандық күресі, көтеріліс басшылары жайлы қосымша дерек көздері пайдаланылды. Халық арасынан біртуар азаматтардың халықтың ауыр жағдайын жақсарту, ел тұтастығын, тәуелсіздігін сақтау жолындағы атқарған қызметтерін оқыту арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу мақсатында жасалды.
Бағдарлама 34 сағат.
Мақсаты:
Қазақ халқының 17-20 ғғ. азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресінің басшылары мен жетекшілері жайлы деректермен таныстыру арқылы оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарына жол ашу.
Меңгерген білімдері мен дағдыларын өзектендіру.
Жаңа білімдер мен біліктерді шығармашылық деңгейдегі танымдық тапсырмаларды орындау арқылы жүйелендіру және жинақтау.
Міндеті:
Шығармашылықпен жұмыс жасауға әртүрлі дерек көздерін пайдалана отырып, қоғам қайраткерлерінің өмірлерімен қоғамдық қызметтерін жетік білу.
Ұлт зиялылардың қызметін, өмірін дәріптей отырып, отансүйгіш, ұлтжанды, өз елінің тарихын сүйетін азамат тәрбиелеу.
Ұлт зиялыларының қоғамдық қызметтерінің маңыздылығын жан-жақты талдай отырып, бүгінгі тәуелсіз елдің белсенді тұлғалары болуға баулу.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
Танымды арттыратын топтама, құжаттармен өзіндік жұмыс жасау
Тапсырмаларды орындау ұғымына байланысты мысалдар келтіру
Өз бетімен қоғам өмірінің экономикалық саяси әлеуметтік мәдени жағын ажырата білуге дағдыландыру
Р/с
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
Уақыты
|
Өткізу түрі
|
1
|
Кіріспе
|
1
|
|
Тақырыпты таныстыру
|
2
|
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі
|
1
|
|
Тақырыпты таныстыру
|
3
|
Орбұлақ шайқасы. Қарақұмдағы жиын
|
1
|
|
Әңгімелеу
|
4
|
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама.
«Елім-ай»
|
1
|
|
Лекция
|
5-6
|
Бұланты шайқасы. Аңырақай шайқасы.
|
2
|
|
Талдау, пікірталас
|
7-8
|
Отан соғысының жеңісін ұйымдастырушы хандар Тәуке, Әбілхайыр, Абылай
|
2
|
|
Деректерді талдау
|
9-10
|
Қанжығалы Бөгенбай, Қабанбай батыр, Наурызбай, Райымбек батырлар
|
2
|
|
Жырлармен, өлеңдермен жұмыс
|
11-12
|
Билер: Төле Әлібекұлы, Қазыбек Келдібекұлы, Әйтеке Байбекұлы
|
2
|
|
Құжаттармен жұмыс
|
13
|
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудың тарихи маңызы
|
1
|
|
Талдау, пікірталас
|
14
|
Тест №1
|
1
|
|
Оқушының білімін тексеру
|
15
|
Кіші жүздің Ресейге қосылуы
|
1
|
|
Деректерді талдау
|
16-17
|
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс (1783-1797)
|
2
|
|
Құжаттармен жұмыс
|
18
|
ХІХ ғ. І жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы
|
1
|
|
Талдау, пікірталас
|
19-20
|
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қассымұлы бастаған көтеріліс
|
2
|
|
Деректермен жұмыс
|
21-22
|
1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы шаруалар көтерілісі
|
2
|
|
Реферат
|
23
|
Тест №2
|
1
|
|
Оқушының білімін тексеру
|
24
|
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстан. Ұлы жүздің Ресейге қосылуы
|
1
|
|
Лекция
|
25
|
ХІХ ғ. 50 жылдарындағы қазақ шаруаларының азаттық күресі. Жаңқожа батыр.
|
1
|
|
Деректермен жұмыс
|
26
|
Тентектөре бастаған азаттық қозғалыс
|
1
|
|
Лекция
|
27
|
ХІХ ғ. ІІ жартысындағы Қазақстандағы реформалар
|
1
|
|
Құжаттармен жұмыс
|
28-29
|
ХІХ ғ. 60-70 жылдарындағы қазақ халқының отарлық езгіге қарсы азаттық күресі. Орал. Торғай. Маңғыстау.
|
2
|
|
Баяндама
|
30
|
ХХ ғ. басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жалғасуы. 1905-1907 жылдардағы революция кезіндегі жұмысшылар қозғалысы
|
1
|
|
Талдау
|
31
|
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс алғы шарттары, себептері, көтерілістің басталуы
|
1
|
|
Деректерді талдау
|
32
|
Көтерілістің көрнекті басшылары мен батырлары
|
1
|
|
Құжаттармен жұмыс
|
33
|
Көтерілістің жеңілу себептері мен зардаптары
|
1
|
|
Лекция
|
34
|
Көтерілістің тарихи маңызы
|
1
|
|
Талдау, пікірталас
|
|
Қорытынды
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |