Қазақ хандығы (Қазақ халқының қалыптасуы) Антрополог ғалым О.Смағұловтың пікірі бойынша келбеттері андрондықтарға ұқсас тайпалар: Сақ, сармат, үйсін
Антрополог ғалым О.Смағұловтың пікірі бойынша сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері осы тайпаға ұқсас: Андрондықтарға
Монғолоидтық белгілер тереңдей түсті: VI-IX ғғ
Қазақ халқының этникалық жағынан қалыптасуында басты рөл атқарған: Ақ Орда тайпалары
Алғашқы кезде «қазақ» атауының орнына қолданылған сөз: Алаш
IX-Х ғасырлар аралығында алғаш рет айтылған қазақ халқының ұраны: Алаш
«Алаш аңызында» айтылатын үш жүздің негізін қалағандар: Үйсін, Болат, Алшын
«Алаша хан» аңызы бойынша: Ұлы жүз Үйсіннен, Орта жүз Болаттан Кіші жүз Алшыннан тараған
Ұлы жүздің ұраны: «Бақтияр», Орта жүздің ұраны: «Ақжол», Кіші жүздің ұраны: «Алдияр»
«Алаш» сөзін жиі кездестіретін қазақ халқының аңызы: Алаша хан»
XV ғасырда қыпшақ, қаңлы, арғын, қоңырат, дулат т.б. қазақ рулары мен тайпаларының өкілдері өмір сүрген жер: Түркістан аймағы.
Қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар өздерінің сн-таңбаларын салған жартас: Таңбалы Нұра
Қазақ халқының құрамына енген рулардың таңбалары салынған таңбалы тас табылған мешіт: Қараман ата
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында наймандар мекендеді: Ұлытаудан Есілге дейін жерлерде
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы қоңыраттар мекендеген өңір: Түркістан мен Қаратау
XV ғ.Түркістан мен Қаратау аралығында мекендеді: Қоңыраттар
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында үйсіндер мекендеді: Жетісуда
Қазақ хандығының құрылу қарсаңында Тарбағатай, Жетісу, Ертіс бойы, Зайсан көлі маңын мекендеген тайпа: Керейлер
XV ғасырда Тарбағатай, Ертіс, Зайсан, Обь және Тобыл маңын мекендеген тайпа: Керейлер
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңында жалайырлар мекендеген өңір: Қаратау, Сырдария бойы мен Жетісу
XV ғ. Іле, Шу, Талас өзендерінің бойын мекендеді: дулаттар
Қазақстанда антропологиялық процестердің жаңа өзгеріске ұшырау себебі: Монғолдардың жаулап алуы
Монғол шапқыншылығы Қазақ жеріндегі халық болып қалыптасу үрдісін кешеуілдетті шамамен: 150-200 жылға
XIII ғасырға дейін «қазақ» атауынын қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің сөздігінің атауы: Араб-қыпшақ
XIII ғасырдың басында жасалған мәмлүктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме: Еркін, кезбе
«Қазақ» сөзіне «еркін», «кезбе»деген түсіндірме берілген жазба: «Араб-қыпшақ» сөздігі
Ежелгі Сібір тайпалары тілдерінде «қазақ» сөзінің мағынасы: мықты, берік, алып
«Қазақ» сөзі этникалық мағынаға ие бола бастаған уақыт: XIV ғасырдан бастап
«Қазақ» атауы біржола этникалық сипатқа ие болған кезең: XV ғасырдың екінші жартысы
Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың XV ғасырдың басындағы басқа хандықтарға ауа көшуінің басты мақсаттары: Ру-тайпалармен бірігу, тыныштықта өмір сүру үшін
XV ғасырда қалыптасқан саяси-тарихи жағдайлар қазақ халқының … әсер етті: Ұлттық мемлекет болып құрылуына
Саяси жағынан шашыраңқы этникалық туыстас топтардың басы қосылып қазақ рулары мен тайпаларының бірігуіне қандай оқиға әсер етті: Қазақ хандығының құрылуы
XV ғ. II жартысында қазақ жерінде орын алған саяси үдерістің нәтижесі: Қазақ хандығының құрылуы
XV ғ .Қазақстандағы этносаяси қауымдастықты өз төңірегіне шоғырландырғандар: Керей мен Жәнібек
Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы мына жағдайды тоқтатты: Ішкі феодалдық қырқыстар мен талас тартыстарды
Қазақ сұлтандары хижраның 870 жылдары (1465-1466) билей бастады»деген мәлімет келтірілген тарихи шығарма: Мұхаммед Хайдар Дулати «Та'рих-и-Рашиди»
Қазақ хандығының алғашқы құрылған жері Шу мен Қозыбасы болған: Дулатидің жазуында