30. Жыраулар поэзиясының көркемдік ерекшеліктері
Ақын, жыраулар поэзиясындағы суреттеу әдісі әрқилы. Өз атынан І жақта сөйлеу өте сирек ұшырайды (Доспамбет: «Тоғай, тоғай, тоғай су», Шал: «Пасылда пасыл, пасылман», т. б.). Ал, II – III жақта Доспамбет: «Озушылар,озмаңыз», Бұқар:«Садыр,қайда барасың» , Көтеш:«Абылай, Ботақанды сен өлтірдің»,IIIжақта – Доспамбет: «Қалаға қабылан жаулар тигей ме»,Шәлгез:«Арқаның құбажонын–да», т.б.). Әсіресе, ақын, жыраулардың көбірек қолданған әдісі– IIIжақтағы бейтарап суреттеу.Ақын, жыраулардың бейнелеу әдістерінде юморлық, сатиралық, трагедиялық, геройлық, романтикалық образдарға тән нышан– элементтер дебайқалады:
Жау жағадан алғанда,
Ит етектен алғанда,
Ер Абылай қорыққан жоқ,
Әншейін еңкейе беріп жылысты.
(Тәттіқара)
Қалмақпен шайқас кезіндегі Абылай әрекетін бейнелеуде осылайша әзілсіз жеңіл ғана әжуамен сынап өтеді. Ал, Асанның «Ай, хан, мен айтпасамбілмейсің», Бұқардың «Атаңды білмес құл едің», Шалдың «Басеке, мал жануарбасқа бітер» деп басталатын шумақтарында сатиралық образ детальдары елесбереді. Ал, Доспамбеттің «Арғымаққа оқ тиді» шумағында жауынгер жыраудыбейнелеуде әрі трагедиялық, әрі геройлық, Үмбетей, Бұқар жырларындағы Бөгембайды суреттеуде геройлық образ көріністері аңғарылады:
Әлемді түгел көрсе де,
Алтын үйге кірсе де,
Аспанда жұлдыз арайлап
Ай нұрын ұстап мінсе де –
Қызыққа тоймас адамзат!
Ойды шашыратпай жүйелі айту, толғау құрылысының мазмұны менидеясына лайық келуі – XV-XVIII ғасырлардағы біз қарастырған жыраулар мен ақындарға тән көркемдік әдістердің бірі.
Ақын, жырау мұрасында өмірдегі әралуан заттар мен құбылыстардыңайрықша сипаты мен сапасын анықтап, һәм нақтылап, ерекше ажар беретінайқындаулардың (эпитеттердің) небір түрі кездеседі:
Таңдайға біткен қызыл тіл,
Тірлікте не шайнасаң жұтар ол.
(Асан Қайғы)
Қара сия, ақ қағаз,
Дестірге өнер төктірдің.
(Шәлгез)
Осы мысалдардағы қара сия, ақ қағаз, ақша бет, қызыл тіл сияқты сөз тіркестеріауыз әдебиетінен, әрісі түркі тілдес халықтар әдебиетінен етене таныс болуымүмкін. Бұл екі жағдайды аңғартады. Біріншіден, ежелгі поэзиямыздан күнібүгінге дейін әрқилы орайда қолданылып келе жатқан бұл тіркестер – дәстүрліжалғастық куәсі. Екіншіден, сан ғасыр ұғымға орнығып қалыптасқан тұрақтыайқындаулар. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақын, жыраулар қолданғантеңеулерге қарап бірқатар сыр аңғарамыз.
Академик Қ. Жұмалиев «Абай поэзиясының тілі» деп аталатын еңбегіндеқұбылысы жағынан алғанда Абайға дейінгі қазақ поэзиясында метафораның бес түрі бар екендігін жазған. Бұл негізінен ауыз әдебиеті мен XVIII-XIXғасырлардағы қазақ әдебиетіне жасалған барлау, байыптаулар еді. XV-XVIIIғасырлардағы ақын, жыраулар мұрасынан да Қ. Жұмалиев айтқан бес түрліжолмен жасалатын метафора түрлерін түгел кезіктіреміз. Мысалы: Иман – қой, ақыл – қойшы, нәсіп – бөрі,
Бөріге қой алдырмас ердің ері.
Таяғын қатты ұстап қойшы тұрса,
Жоламайды ешбір нәрсе, шайтан, пері.
Достарыңызбен бөлісу: |