Кесте – қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрінің бірі. Қолмен кестелеп тігу – өте көне заманнан келе жатқан қолданбалы өнер түрі. Қолданбалы өнер – көптеген елдердің шеберлерінің, суретшілерінің шығармашылық жемісі. Ол киімдерді, интерьерді әшекейлеу нәтижесінде кісінің көңіл - күйін көтереді. Қол кестесі бұйымдарына тұтынушылар сұрасының өсу бұйымдардың түрлерін көбейтуге, оның сәндігін түрлендіруге және кестелеудің әдістерін көбейтуге көмектеседі. Кесте тігу үшін қолданылатын құрал - саймандар: Кергіштер – кесте тігушінің негізгі құралы. Ол матаны керіп ұстайды және оны зақымдалудан сақтайды. Кергіштер дөңгелек болады. Ол бірінің ішіне бірі кіретін екі дөңгелектен тұрады. Оны ағаштан, пластамассадан, резеңкеден және металдан дайындайды. Инелер – мата қалыңдығы мен жіптің жуандығына қарап таңдалады. Қайшылар – жіптің ұшын қию үшін қайтқы қайшылар, оралған жіпті қию және жіпті тегістеу үшін орташа қайшы қолданылады. Жіптер – кестелеу үшін табиғи, жасанды, синтетикалық және аралас жіптер, ирис, мулине т. б. жіп түрлері қолданылады. Калька – бұл мөлдір ақ қағаз. Калька түпнұсқа суреттің көшірмесін жасау үшін қолданылады. Ал калькадан суретті сатаға көшіру үшін көшіргіш қағаз пайдаланылады. Өрнек құрастыру үшін милиметрлік қағаз қолданылады. Кестелеуге арналған материалдар – канва, тегіс боялған мата.
Кестенің сыры түрінде
Кесте- қазақ халқының қолөнерінің ерекше түрі. Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген.Кестелеу өнері дүние жүзінің әр халқында бар. Әр халықтың тарихи дамуына, тұрмысына, табиғи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзгеше болып келеді. Еуропада кестемен айналысу ақсүйектіктің, мәдениеттіліктің де белгісі ретінде қабылданған. Үй тұрмысындағы қажетті бұйымдар: дастарқан, терезе пердесі, қол орамалдар, жастық тыстары, түрлі көлемдегі үлкенді-кішілі стол жапқыштар, барлығы кестеленген. Қазақ әйелдері де бүгінге дейін мүмкіндігінше пайдаланатын заттарын кестемен сәндеуге тырысады. Жиі қолданатын кесте түрлері- «баспа кесте», «қабырға кесте», «біз кесте», «тығыз кесте», «маржандау», «түкті кесте», т.б.Бұл- қазақ қыздарына аналарының бала кезінен үйрететін ыждақаттылық пен төзімді талап ететін қолөнер түрі. Адам бойында, әсіресе бойжеткендерде табанды, сабырлы, ұқыпты, зерделі мінез-құлық қалыптастыруда кесте өнерінің тигізетін пайдасы өте көп.
Кестежабдықтар тігуге қажетті негізгі құрал 1. Матаны кергішке керу 2. Матаға өрнекті салу 3. Матаға сызылған өрнекті сызық бойымен кестелеу 4. Ішкі жағын әртүрлі жіптермен толтыру Кергіш, мата 5.Мата, карандаш, ине, жіп, қайшы
Кесте тігісі түрлері
«Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.
«Таңдай» тігіс - бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.
«Бұзау тіс» - тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады.
Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.
Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді.
“Батырып тігу” - бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады.
Сөйтіп, қазақтың әр алуан әдістермен, неше түрлі мәні бар қол тігістерінің көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілеріні көрдік.
дАЙЫНДАҒАН: Сағидолла балдырған Назар аударғандарынызға
РАХМЕТ!!!