Шет тігістері: жиектеп тігу, бүгіп тігу және жөрмеп тігуге бөлінеді.
Жиектеп тігу: астар матасының қырқындысымен немесе ызбамен орындайды, ол үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты, ызбамен жиектеу.
Ашық қиықты жиектеп тігуде матаның негізгі жібіне 45 бұрышпен пішілген 20-25мм ендегі астарлық матамен өңдейді. Жолақша матаның қиындысын пішілген бөлшектің қиығына теңестіреді, негізгі бөлшекке 4мм тігіс енімен біріктіреді. Одан кейін бөлшектің қиығын астармен көмкеріп, екінші тігісті үлгісіне қарай жүргізеді. Бұл тігістер жағаның, өңір қайырмасының ішкі қиығында және ерлер пальтосының төменгі қиықтарын өңдеуге қолданылады.
Жабық қиықты жиектеп тігуде қосымша пішілген ені 30-35мм астарлық мата қолданылады. Бұл тігістің айырмашылығы, ортасынан бүктелген жолақша мен бөлшек қиықтарын теңестіріп, негізгі бөлшекпен 4мм тігіс енімен біріктіреді. Жолақшаны бөлшек қиығын орап көмкергеннен кейін, екінші тігісті жүргізеді. Жабық қиықты жиектеу тігісі жұқа болу үшін жалаң қабатжолақшамен орындауға болады. Жабық қиықты жиектеп тігу әйелдер мен балалар киімдерінде, ақжайма қиықтарын өңдеуде кеңінен қолданады.
Ызбамен жиектеп тігу ызба және таспаның көмегімен орындалады. Ызбаның ені 11мм, тігістің дайын күйіндегі ені 5мм. Осы тігістерді әмбебап тігін машинасында орындау үшін арнайы тетік қолданады. Ызбамен жиектеуді өңір қайырмасының ішкі қиығын, әйел жакетінің етегін өңдеуге қолданады.