Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


(Шал ақын) Төкебайдың баласы – өңшең сырттан, Едігесіп ет жейді етті жұрттан. (Көтеш)



бет24/48
Дата18.02.2023
өлшемі266,21 Kb.
#169240
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48
Байланысты:
?àçà? õàíäû?û ä?ó³ð³íäåã³ ?äåáèåò³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Æûðàóëàð 2

(Шал ақын)
Төкебайдың баласы – өңшең сырттан,
Едігесіп ет жейді етті жұрттан.
(Көтеш)
Ақын, жыраулар мұрасында Қ. Жұмалиев айтқандай -мын, -бын, -пын, сынжіктік жалғаулары, не –м, -ң, -ы (сы) тәуелдік жалғауларының көмегіменжасалған метафоралардың бір алуаны кездеседі
Жыраулар қаруланған көркемдік әдістердің дені – көне, ескі түркілік.
Жыраулар троптардың сан түрін қолданады, алайда, бұлардың ішінен ең көп пайдаланатыны – параллелизмдер. Әдебиет теориясы мамандарының айтуынша, параллелизмдер – қай халықтың поэзиясында болмасын ұшырасатын көркемдік әдістердің ең көнесі.
Жыраулар психологиялық параллелизмдерді өздерінің көңіл-күйлерін білдіру үшін, немесе өмірде кездесетін белгілі бір құбылыстың мәнін түсіндіру үшін пайдалады. 
Мәселен, Шалкиіздің:
«Жауынды күні көп жүрме – 
Жар жағасы тайғақ-ты!
Жаманға жақыным деп сыр айтпа – 
Күндердің күні болғанда,
Сол жаман өз басыңа айғақ-ты! – 
Деген жолдарында жетесіз жанға сыр айтудың қажетсіз, тіпті зиян екенін ұғындыру үшін оған табиғатта кездесетін жай – жауынды күні жардың жиегімен жүрген адамның тайғанап құзға құлайтынын параллель етіп алады. 
Жыраулар туындыларында ассонанс әдетте а әрпінің қайталануы арқылы жасалады. Бұл заңды да. Жырау поэзиясы көп реттерде жаугершілік поэзиясы, жырау өлеңдерінің рухы – ерлік, өр ұран. Мұндай өршіл рухты басқа дауысты дауыстылардан гөрі а дыбысы әсерлірек береді.
«Арқаның құба жонында
Арыстан ойнар шарқ ұрып,
Атайы ердің тұсында
Тұлпары тұрар тарп ұрып» (Шалкиіз)
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Алыста дәурен сүрермін!» (Жиембет)
Ал аллитерация негізінен қатаң дауыссыздар арқылы жасалады: 
«Соқса бір жілік сындырған,
Көк қоянның қос құлағын тұндырған,
Көгілдірдің жез қанатын сындырған
Тегеурінді болат темірдің 
Тегеуріні өзіңсің.
Көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі – өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашқы сөздердің басқы буындарының қайталануы. Бұл қайталаулар – толғаудың құлақ күйі іспеттес.
«Алаң да алаң, алаң жұрт,
Ағала ордам қонған жұрт...»
«Салп-салпыншақ анау үш өзен,
Салуалы менің ордам қонған жер.» (Қазтуған)
«Тоғай, тоғай, тоғай су,
Тоғай қондым, өкінбен...»
«Сере, сере, сере қар...» (Доспамбет)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет