Қазақ Хандығына 555 жыл 1465 – 2020



бет6/6
Дата07.02.2022
өлшемі2,35 Mb.
#93010
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
1 Қазақ Хандығына 555 жыл 1

Қазақ хандығының құрылуы – ортағасырлық Қазақстан тарихындағы ұлттық сипаттағы мемлекет пен этносты тарих төріне шығарған аса маңызды оқиғалардың бірі. Жалпы, Қазақ хандығы бірден орындала қойған процесс емес, бұған Керей мен Жәнібек байсалды түрде ақырындап жетті.

Қазақ хандығының құрылуы бірден орын ала қоймады, бірнеше кезеннен тұрды. Бірінші кезенінде, Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп кетті. Бұл – олардың Қазақ хандығын құрудағы алғашқы қадамы болды. Екіншіден, Шу өңіріне келіп қоныс тепкен ордаежендік тайпалар жаңа этникалық атауға – «өзбек-қазақ» деген атауға ие болды. Яғни бұл оқиға ұлттық сипатта орын алды. Үшіншіден, осы кезде хандық билік орнына келіп, Керей хан сайланады. Бұл енді ұлттық сипаттағы мемлекеттік құрылымды дүниеге алып келгендігін көрсетіп береді.

Осындай маңызы бар ұлттық сипаттағы оқиға Қазақ елінің, бір ұлттың болашағын айқындап бергенін көреміз. Ғалымдар Қазақ хандығының құрылғаны жайлы әртүрлі болжамдар жасаған. Алайда Қазақ хандығының құрылғандағы дәл уақыты 1465 жыл деп белгіленіп, қазір міне біз осындай тарихи маңызы биік мерекенің 555 жылдығын тойлап отырмыз.

Елбасымыз Н. Назарбаев өз сөзінде: «Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақ мемлекеттігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар, бірақ, былай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз-бабалаларымыздың ұлы істерін жалғастырушылармыз»,- деген еді. Яғни, Қазақ халқының «Мәңгілік ел» болып, әлемде дамыған озық елдердің қатарынан көрінуге біз жағдай жасауымыз керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет