Биыл елімізде тарихи маңызы зор, айтулы мереке – «Қазақ хандығына 555 жыл» толып отыр. Бұл тарихи мерекенің еліміздің құрылуына, қалыптасуына жасалынған алғашқы қадам. Өткенің білмеген адам – ертенің болжай алмайды. Сол себептен де, өз еліміздің өткен тарихын, ата-бабаларымыздың елді құрудағы өткен өткелдеріне көз жүгірткеніміз жөн.
Қазақ хандығы — ұлан-байтақ кең даламыздың тереңде жатқан тарихы, егемен әрі дербес еліміздің бірлігінің бастауы. Еліміз бен көршілес аймақтарда 1465-1847 жылдар аралығында өмір сүрген Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі аумақты, Сырдария мен Амудария өзендері аралығын және Хорасан жерін қамтыған.