Мектепке дейінгі мекемелерде ата-анамен жұмыс жүйесі
“Балаларды тәрбиелей отырып, ата-аналар еліміздің болашақ тарихын, демек, дүниенің де тарихын тәрбиелейді” А.С. Макаренко.
«Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз». Отбасындағы тәрбие әрбір мүшенің өзін-өзін сақтау, ұрпақты жалғастыру, өзін-өзі сыйлау қажеттігінен туындайды. Отбасында адамның жеке басының қасиеті қалыптасады. Баланы дұрыс тәрбиелеу отбасында, алдымен, жанұя жағдайы, онда қалыптасқан он моральдық - психологиялық ахуал, татулық пен өзара түсіністік, сүйіспеншілік пен сыйластық, ауызбіршілік, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген құрмет сезімдері, яғни, отбасындағы кіршіксіз таза, мөлдір көңіл-күйі тікелей ықпал етеді.
3.Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
4.Өзіңіздің қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
5.Балаңыз жасаған іс ашуландырған кезде өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
6.Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
Ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының мазмұны:.
Баланың қанағаттану деңгейімен тәрбиешінің жұмысының сапасын арттырады,
ол төмендегі жағдайларға негізделеді:
өзара сапалы қарым-қатынас, өзара сыйласты,әлемге деген түсіністік көзқарас
және оның тиімділік ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну, бір-біріне серіктестік барлық
қаытсушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім беру өз нәтижесіне жетеді.Осы орайда, балабақшаның ата-аналарменжұмысының мазмұны төмендегідей:
алады. Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты - баланың жасын,
жеке ерекшелігін, психикалық үрдістерін ескере отырып, жарасымды
жетілген ұрпақты тәрбиелеу.
Міндеттері:
-Отбасында баланың өсіп жетілуіне, денсаулығына қамқорлық жасау,
нығайту, бекіту. Тазалық дағдыларын қалыптастыру.
-Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулу, баланың күнделіті өмірін мәнді
ұйымдастыру,тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбеккке құлшынысын
арттыру, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
-Отбасы мүшелерінің өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып түсінісуін,
бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туған туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап,
құрмет тұтуға үйрету.
-Оқудың, білім алудың, мәдени мінез-құлықтың әдет-дағдыларын
қалыптастыру.т.б
Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың жылдық жоспарында ең алдымен
басты міндеттер белгіленеді, бұл міндеттер бала бақшаның кезекті жылдағы бүкіл
тәрбие жұмысымен тығыз байланыста болуы тиіс.
Айталық, егер балабақша еңбек тәрбиесі жөнінде жан-жақты жұмыс жүргізетін болса,
бұл ата-аналармен жүргізілетін жұмыста да көрініс табуы тиіс:
еңбек тәрбиесі мәселелері жалпы және топтық жиналыстар, топтық және жеке-дара
кеңестер тақырыбына енгізіледі:тәрбиеші балалар үйіне барғанда, бала үйде еңбектің
белгілі бір балабақша өмірімен таныстыра отырып, оларға еңбек тәрбиесі,
процесін кеңінен көрсетуге, арнаулы әтүрлерімен айналыспаса, оған ересек
адамдар көмектесе ме дегендерге айрықша назар аударады, ата-аналарға сабақтар
ұйымдастыруға болады; осы тақырыпқа тақырыптық көрмелер, көрсетілетін қабырғалар,
практикум-сабақтар арналады;арнаулы тақырыптық кітапханаларды, жылжымалы папкаларды,және басқаларын жоспарлауға және іріктеп алуға болады. Отбасымен жүргізілетін жұмыс жоспарын жасай отырып, меңгеруші педагогикалық коллективтің талаптары мен ұсыныстарын ескереді.Тәрбиешінің ақыл-кеңестері мен тілектері ата-аналардың жалпы және толық жиналыстарында баяндамалар тақырыбын,кеңестердің тақырыбын, тақырыптық көрмелерді, жылжымалы папкаларды, альбомдарды және басқаларын безендірудің мазмұны мен мерзімін дұрыс анықтауға өте көмектеседі. Жұмыс жоспарында жекелеген шараларды дайындап, ұйымдастыруға және өткізуге жауапты адамдар белгіленеді.
Алтын астық.
Астық – дала сәулеті,
Астық – Отан дәулеті.
Біздің дала – бай дала,
Алтын астық айнала!
Балалар мына суреттерге қарап әңгіме құрастырамыз?
Алтын астық тақпағын жаттаймыз?
Ата-аналар ұжымын құру.
Ата-аналар комитеті – ата-аналар қамуының өкілдік ету органы. Ол жанұя мен балабақша арасында байланыстырушы буын болуы тиіс. Ата-аналар комитеті ата-аналар қауымының ықпалды органы болу үшін, оның құрамын дұрыс белгілеп алу өте маңызды.Тәрбиешілер мен бірге отырып, меңгеруші ата-аналардың қайсысын әрбір жас тобындағы ата-аналар комитетінің құрамына ұсынуға болатынын анықтайды, содан соң ұсынылған адамдар топжиналыстарында бекіледі. Егер ата-аналар комитетінде алты адамнан асса, оның мүшелерінің міндеттерін бөліп беріп, педагогикалық және шаруашылық комиссияларын ұйымдастыруға болады.
Балабақша қызметкерлері мен ата-аналар ортақ істі–балаларға тәрбие берудің
жүзеге асыруы тиіс. Сондықтан ата-аналар комитетінің алғашқы мәжілісінде оның
мүшелерінің назарына коллективтің міндеттемелері танысылуы тиіс, бұл міндеттердің
орындалуына балабақша қызметкерлерінің де, сондай-ақ ата-аналардың ұйымдасқан
күш-жігері бағытталуы тиіс. Ата-аналар комитетінің мәжілісі екі айда бір рет өткізіледі.
Ата-аналар жиналысы:а) аз қамтамысыз етілген отбасы балаларын анықтау, тегін тамақ ішетін оқушылардың тізімін құру; б)1 сынып ата-аналарын және келген оқушылардың ата-аналарын мектеп жарғысымен таныстыру
Қыркүйек-қазан
МДТІО, сынып жетекшілер
2
Тоқсан сайын сыныптық ата-аналар жиналысын өткізу
Тоқсан сайын
Сынып жетекшілер
3
Жылына екі рет ата-аналар жиналысын өткізу:а) оқушылардың денсаулығын және ОТЖ-ын қалыптастыру барысында жұмыстар ұйымдастыру;б)оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуының психологиялық аспектілері
Желтоқсан
Наурыз
Мектеп әкімшілігі, дене шынықтру мұғалімдері, медбике, психолог, сынып жетекшілер