Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі


Қасым ханның қасқа жолы бес тараудан тұрады: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы



бет2/5
Дата29.09.2022
өлшемі30,46 Kb.
#151118
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат тарих
Мухамеджанов. Жубанов.
Қасым ханның қасқа жолы бес тараудан тұрады: мүлік заңы, қылмыс заңы, әскери заң, елшілік жоралары, жұртшылық заңы.


Осы заңдардың орындалуын қатаң талап етудің арқасында қазақ хандығының күш-қуаты артып, әлем таныған қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан 16 ғасырдың басында Сырдария алабындағы Түркістан аймағын сыр бойындағы қалаларды өзіне қосып алуды мақсат етеді. Осы жолда Мауреннахр билеушісі және оның ұрпақтарымен тоқтаусыз соғыс жүргізеді.


Ал, Қазақ хандығының Қасымнан кейінгі билігі оның мұрагері Мамаштың қолына тиеді. Мамаш хан – Қасым ханның үлкен ұлдарының бірі, Жәнібек ханның немересі. Шамамен, ол 1450-1460 жылдары дүниеге келген. Мамаш хан 1518-1523 жылға дейін хандық құрды. Мамаш хан кейбір жазба дерек мәліметтерінде Құмаш хан деп айтылады. Қазақ хандығындағы билік құрған бесінші хан. Оған дейін хандық билікті Керей хан, Жәнібек хан, Бұрындық хан және Қасым хан басқарды. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болған соң, оның мұрагерлері арасында билік үшін ішкі талас пен қырқыстар туып, қазақ хандығы әлсірей бастады. Мамаш ханның билікке келуімен күрес басылмайды, қайта өрши түседі. Бұл арада билік үшін жеке тұлғалардың арасында жеке күрес жүрсе де, оның астарында мұрагерлікке байланысты дәстүр таласы жатты. Мамаш хан жөніндегі жазба деректер өте аз. Мамаш өлгеннен кейін, 1523-1533 жылдар аралығында хан тағына оның баласы емес, інісі Тақыр отырады. Тақыр хан ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады . көрші елдердің көпшілігімен оның ішінде Шайбани әулетімен, Ноғай ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды.


1533-1534 жылға дейін хан тағына Бұйдаш отырды. Бұл ханның тұсында Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайлары жақсара қойған жоқ. Ал 1534 жылы хан тағына Қожа Махмұд, ал 1535-1537 жылға дейін Тоғым хан отырды.


1537 жылы хан тағына Қасым ханның ұлы Хақназар (1537-1580 жж.) отырды. Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тақыр хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару, қиын-қыстау, әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екенін көрсетті.


Хақназар хан тұсында Қазақ хандығы дамып, күшейе түсті. Маңғыт (Ноғай) басшылары өз ара қырқысуларды тоқтатып, Хақназарға бағынды. Хақназар хан Моғолстан хандарымен үздіксіз және табан тіресе соғысты. ХҮІ ғасырдың 50 жылдары ол Қазақ хандығына бұрынғы Ташкентті бағындырды, ал 70 жылдарының аяғында Хақназар Абдолла ханмен одақтас болып, Баба сұлтанға қарсы күрес жүргізді. Хақназар хан ең алдымен Жайық маңын, Түркістан жерлерін қосып алды. Қазақ хандығы Хақназар хан тұсында саяси жағынан қайта өркендеді.


Хақназар хан қайтыс болған соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы, Жәнібек ханның немересі Шығай 1580-1582 жылдары хан тағына отырды. Ол бұл кезде сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Оның өміріне қатысты мәліметтер тарихта аз сақталған. Шығай хан қазақ хандығының сыртқы саясатындағы Хақназар хан ұстаған бағытты жалғастырды. 1582 жылы Бұхара ханы Абдолла, қазақ ханы Шығай және оның баласы Тәуекел сұлтанмен күш біріктіріп, Ташкент билеушісі Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығын ұйымдастырды. Шығай хан сол жорықта қайтыс болды. 1582 жылы Шығай қайтыс болғаннан кейін таққа оның ұлы Тәуекел отырады.
Тәуекелхан Ақназар (Хақназар) ханның мұрагері әрі ізбасарларының бірі. Ол 1582-1598 жылдары билік құрған қазақ хандығының билеушісі. Сондай-ақ, Тәуекел хан Бұхара мен Моғолстан бұғауына босау жолында үздіксіз соғыс жүргізді. Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ету үшін ол Мәскеумен қарым-қатынасын жолға қойды. Сөйтіп, 1598 жылы Орта Азияға жаңа жорық жасады. Бұхар әскерін талқандаған соң, Ташкент пен Самарқанды басып алды. Сырдария бойындағы қалаларды қайтарып алар жолда ұрыстар жүргізілген кезде Тәуекел хан ауыр жараланып, 1598 жылы Бұхар үшін болған шайқаста Ташкентте қайтыс болды.


Есімхан 1598-1623 жылдары Қазақ хандығын билеген. Шығай ханның баласы. Таққа Тәуекел ханнан кейін отырған. Өз тұсында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болған. Бұл атау Жиембет, Марқасқа жыраулардың жырларында жиі айтылады. Бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықтағы ересен ерлігіне байланысты берілген көрінеді. Есім хан тарихта «Есім ханның ескі жолы» деген атпен белгілі заң ережелерін құрастырған. Мемлкет билеудің құқықтық жүйесін реттеуде бұл аталған заңдар жинағы елеулі рол атқарды. Есімнің інісі Тұрсын Есім ханға бағынбай, Ташкентті жеке биледі. 1627 жылы Есім хан Тұрсынды өлтірді. Есім хан Қазақ хандығының аумағын кеңейту бағытында үлкен үлес қосты. 1628 жылы Есім хан қайтыс болады.


Ал 1628-1652 жылдар арасында үш жүздің ханы Жәңгір таққа отырды. Ол Шығай ханның немересі, Есім ханның баласы. Басы бақыр қазандай, апайтөс, бірақ аласа адам екен. Сонысына қарап халқы «Салқам Жәңгір» деп атап кетіпті. Оның хандық құрған кезі ойрат-жоңғарлармен екі арадағы қақтығыстың күшейген кезі. ОЛ 1643 жылы 600 сарбазбен ойраттың 50 мыңдық әскеріне қарыс шығып жеңіске жетті. 1652 жылы ойраттармен болған шайқаста Жәңгір қайтыс болды. Біраз уақыт бойы Қазақ хандығының билігі сұлтандардың қолында болды.


1680 жылы хан тағына Әз-Тәуке отырды. Тәуке хан – қазақ халқының тарихи сахнасында өзінің кемеңгерлігімен, даналығымен, ақылдылығымен, әділдігімен, бітімгерлігімен сақталған хандарымыздың бірі. Ол феодалдық талас-тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған қуатты Қазақ хандығын құруға күш салды. Хандық билікті күшейтуге бағытталған ірі-ірі тың өзгерістер енгізді. Тәуке хандық билікті негізінен, билерге сүйеніп жүргізді. «Хандық кеңестің» және «Билік кеңестің» тұрақты етіп қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Хан мен билер ғана соттық мансапты атқаруға тиіс болды. Билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде үш жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде шешілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет