Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі


Ұлы жүз. Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас)



бет4/5
Дата29.09.2022
өлшемі30,46 Kb.
#151118
1   2   3   4   5
Байланысты:
реферат тарих

Ұлы жүз.
Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас).
Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.
Орта жүз.
Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы).
Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат. Орта жүзі Бекарыс деп те атайды.
Кіші жүз.
Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы).
Тайпалар: әлім, байұлы, жетіру, солардан тарайтын табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, шекті, төртқара, тама, серкеш т.б. Кіші жүзді Жанарыс деп те атайды.
Ұлы Жібек жолына келетін болсақ, ол ежелгі және орта ғасырлардағы континент аралық жол, ол Еуропа мен Азияны байланыстырған. Еуразияны бөліп Қазақстан аумағын басып өтетін Ұлы Жібек жолының тарихы өте ертеден басталды. Ұлы Жібек жолы-Жерорта теңізі маңындағы батыстық мәдениеті дамыған өркениетті елдерден Қытайға дейін баратын сауда-керуен жолы. Жібек жолымен ең алғашқы сауда байланысы б.з.д. ІІІ-ІІ ғасырларда жасалған. Бұл сауда жолының Жібек жолы атануында үлкен мән бар. Себебі алғашқы негізгі тауары жібек (Қытай) болған.
Б.з.д. ІІ ғасырда Ұлы Жібек жолының басты сауда дипломатиялық жолы ретінде аты шығады. Ұлы Жібек жолы Алтай, Памир, Тянь-Шань, Сырдария, Әмудария жерімен өткен. Ұлы Жібек жолының VІ-VІІ ғасырлардағы ең гүлденген бағыты Қытайдан Жетісу жеріне Оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін батыс бағыты. Орта ғасыр саудасындағы ең құнды тауар жібек болған, оның құны алтынмен бағаланған. Жібек жолында Византиялық алтын солид үлкен сұраныста болып, ол халықаралық валюта ретінде кеңінен пайдаланылды. Жібек жолының бойында Тараз, Баласағұн, Бұхара, Самарқан, Сайрам, Сауран, Отырар, Сығанақ, Мерв, Талхиз, Үргеніш, Испиджаб, Шаш, Весидж, Шауғар тағы басқа ірі ортағасырлық қалалар орналасқан. Кейін ХІІІ-ХІV ғасырларда Жібек жолының саяси-экономикалық маңызы одан сайын артқан.
Ұлы Жібек жолының далалық трассасы оның дамуы мен қызмет етуіне өз ерекшелігімен қайталанбас айрықша колорит енгізді. Көшпенді дала мен отырықшы аудандардың өзара қарым-қатынасы Ұлы Жібек жолының арқасында күшейіп, көшпенді мен отырықшы-егіншілік мәдениеттер бір-бірін өзара байытуға септігін тигізді. Отырықшы қалалықтар мен көшпенді тайпалар бірін-бірі түсінуі нәтижесінің барысында адамзаттың алуан түрлі ежелгі мәдениетінің ішіндегі өзіндік мәдениетті құрды.
Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды.

Көшпелілер отырықшы халықтардың бір-бірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды.

Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды кажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді. Қала-дала байланыстары.

IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарым-қатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбасқа дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет